Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың I-тоқсанында жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы

Жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыру

Есепті мерзімде жер телімдеріне қатысты 8 жер комиссиясының отырысы өткізіліп, барлығы 733 құжат қаралды, оның ішінде
329 өтініш бойыншаоң хаттамалық шешім қабылданып, 404 өтініш бойынша  ҚР Жер кодексінің және ҚР Сәулет, және қала құрылысы туралы заңының талаптарына сәйкес келісім беруден бас тартылған.

  1. ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН АЛУ БОЙЫНША:

1) Жанқожа батыр көшесі бойынан темір жол арқылы жер асты автокөлік өткелін салуға мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер учаскелерінің саны – 22. (қала әкімдігінің 23.09.2023 ж. №3424; 30.01.2024 ж. №91 қаулылары);Бүгінгі күні, 18 жылжымайтын мүлік иесімен келісім шартқа отырып, нарықтық құны бойынша 380 773 881 теңге қаржы аударылып, жер учаскелері босатылды.

1 жер учаскесіне   (Дуйсенов Аралбай)нарықтық бағалау жұмыстары жүргізілуде.

Қажетті бөліктері алынатын жер учаскелері бойынша:

1жер учаскесінің кескін-келбеті өзгертіліп, сәйкестендіру құжатын алды (Сырлыбаев К.);

2 меншік иесіменкеліссөз жүргізіліп, кескін-келбеті өзгертілуде (Сыргабаева С., Шангиреева Д.)

1 жер учаскесі бойынша меншік иесі (Шаменова М.) 38 634 000 теңге бағалау құнымен келіспеуіне байланысты сотта қаралуда.

 

2)Тәуелсіздік даңғылын 4 жолақты етіп жобалау мақсатында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен жоба әзірленген. Қала әкімдігінің мемлекет мұқтажына алу туралы 2024 жылғы 26 қыркүйектегі №345 қаулысы қабылданып
17 жер учаскесі алынды.Оның ішінде жер учаскесінде жылжымайтын мүлкі барлар бойынша 4 жеке тұлғаға нарықтық құны есептелініп,
101 847,0 мың теңге төленді. 13 жер учаскесі бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен қатар, қала әкімдігінің 2025 жылғы 24 ақпандағы                     №1375 қаулысы негізінде жалпы көлемі 2005,0 шаршы метр 3 жер учаскесін мемлекет мұқтажына алу рәсімдері жүргізілуде.

 

3) Сұлтан Бейбарыс көшесі бойындағы инновациялық-шығармашылық орталығының санитарлық-қорғаныс аймағында орналасуына байланысты жалпы көлемі 2550,0 шаршы метр 2 жер учаскесін мемлекет мұқтажына алу туралы қала әкімдігінің 2025 жылғы
17 наурыздағы №1536 қаулысы қабылданды.

Қазіргі уақытта Бөлім тарапынан мемлекетке алынатын жер учаскелерінің орнына жер учаскелерін ұсыну жұмыстары жүргізілуде.

  1. Орындаушылық тәртіптің сапалылығы мен мерзімінің сақталуы (құжатайналым, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, өтініштердің орындалуы, хаттамалық тапсырмалар)

2025  жылдың I тоқсан қортындысы бойынша қала әкімдігі тарапынан  және бөлімге тікелей жолданған жеке және заңды тұлғалардан жалпы саны 1258 өтініш тіркеліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексіне  сәйкес жауап беріліп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

2025 жылдың I тоқсанында жер қатынастары бойынша 547 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілді («электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы 448 тұлғаға, қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы 99 тұлғаға).

2025 жылы 1 тоқсан қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы бойынша 194 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілді («электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы 145 тұлғаға, қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы 49 тұлғаға).

2025 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша техникалық инспекция саласы бойынша  – 147 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ауыл шаруашылығы және жол құрылыс техникаларын тіркеу, және тіркеуден шығару қызметі бойынша 70 дана нөмірлік белгі мен техникалық паспорттар берілді.

Ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникаларын жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу қызметі бойынша 11 дана өтініш түсіп,                  105 дана ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникалары техникалық байқаудан өткізілді.

Тракторларды және жол-құрылыс техникаларын басқару құқығына куәліктер беру қызметі бойынша 17 дана куәліктер берілді .

Ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникаларын кепіл шартын тіркеу қызметі бойынша 49 дана кепіл шарттары тіркелді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы  бойынша

2025 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақыға 110 маманға  43,2 млн теңге (1 маманға 393 200 тг) бөлінді. Бюджеттік кредитке 35 маманға 275,2 млн теңге (1 маманға 7 864 000 тг) бөлінді. Бөлінген қаржы қаржылық жоспарға сәйкес игерілетін болады.

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы