Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың I-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар туралы

1. Қала бойынша мал шаруашылығындаы төрт түлік мал басының жылдық, тоқсандық және айлық есебін жүргізу және одан алынатын өнімдердің нақты статистикалық есепке алынуын бақылау

Қала бойынша 2025 жылдың 1 наурызына мүйізді ірі қара 23 251  бас, уақ мал 27 828 бас, жылқы 15 816 бас, түйе 2 665 бас, құс 16 344 бас өсірілуде.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 9,9%-ға, қой-ешкі – 7,7%, жылқы 0,2%-ға, түйе 1,8%-ға көбейген. Есепті кезеңде қала бойынша барлығы 626,0  тонна ет (тірі салмақта), 434,0 тонна сүт және   27,7 мың дана жұмыртқа өндірілді.  Өткен жылмен салыстырғанда өсім тиісінше ет өндіру 8,9%-ға, жұмыртқа өндіру 0,7 пайызға артса, сүт өндіру 2,2 %-ға.

 

2. Қала бойынша жартыжылдық агроесептерді уақытылы жүргізіп, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемдерінің статистикалық есепке алынуын бақылау

Қызылорда қаласы бойынша биылғы жылы 8 709 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру межеленуде. (2024 ж.-8298 га)

Оның ішінде негізгі дақыл күріш 3 689 га, бидай 118 га, қант құмайы 150 га, жаңа жоңышқа 985 га, ескі жоңышқа 1 318 га, картоп 130 га, көкөніс 1 329 га және бақша 990 га.

  Бүгінгі күні жоңышқа 183 га, бидай 15 га, арпа 30 га, қант құмайы 12 га,  суданка шөбі 15 га егілді.

Биылғы жылдың егісіне 1080 тонна күріш тұқымы құйылды. Құйылған тұқымының 4.0 пайызын отандық сорттар, 96,0 пайызын Ресейлік сорттар құрап отыр.

Атап айтқанда, отандық сорттар бойынша 20,0 тонна «Сыр сұлуы» және 20,0 тонна «Маржан», Ресейлік сорттар бойынша 780,0 тонна «Лидер», 260 тонна «Янтарь» сорттары.

Қажетті минералдық тыңайтқыштың көлемі 3500 тоннаны құрап, бүгінгі күнге 2762 тоннасы (78,9%) сатып алынды. (аммоний сульфаты 2 086,4 тн, карбамид 857 тн, аммофос 556,6 тн).

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының сұранысы бойынша биылғы жылы арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің қажетті көлемі 3025 литрді құрап отыр.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті 343,7 тонна дизель отыны қажет.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 154 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысады. Оның ішінде 97 дана трактор, 22 трактор тіркемесі, 21 соқа, 9 дән сепкіш, 5 жүк көліктері.

Бүгінгі күнге қашыртқылар, каналдарды тазалау, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары бойынша ішкі су жолдарының 54 300 текшеметр (100%) топырақ шығарылып, шаруашылықаралық канал тазалау бойынша 145 600 текшеметр топырақ шығару, 4 дана гидробекеттер, 2 дана су құрылыстары жөндеуден жоспарлануда.

«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» облыстық филиалы ұсынған болжамдарға сәйкес 2025 жылы зиянды организмдерге қарсы барлығы 9 500 гектарға жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Оның ішінде саяқ шегірткеге қарсы 9 000 гектарға және азиялық шегірткеге 500 гектарға химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу болжануда.

Биылғы жылы 2200 гектарға лазерлік тегістеу жұмыстары жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 2 900 гектар сүдігер айдалды.

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
15 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы