
Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2025 жылғы 1 қаңтарға қорытындылары туралы
АҚПАРАТ
Ұлттық статистика бюросының облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес, Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 627 893 млн теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 85,5%-ды құрады.
Өңдеуші өнеркәсіп саласында 103 318 млн теңгеге өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 108,9%-ға артты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 15 181,4 млн теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 101,3%-ға артты.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 288 453 млн теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 119,0%-ға артты. Облыстағы үлесі 45,1%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 158 222 млн теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 159,7%-ға артты. Облыстағы үлесі 54,3%.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 520 767 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 115,4%-ға артты.
Қала бюджетінің 2025 жылдың 1 қаңтарға кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 112 702,4 млн теңгені құрап, 119 534,7 млн теңгеге немесе 106,1% орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 30 437,8 млн теңгенің орнына 37 892,1 млн теңгеге немесе 7 454,3 млн теңгеге артығымен орындалды. (124.5%)
Қала бюджетінің шығыстар жоспары 112 702,4 млн теңге болса, 112 533,8 млн теңгеге немесе 99,9% игерілді. (168,6 млн теңге қалдық).
Шағын кәсіпкерлік саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 34 969 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 33 136 бірлікті құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 102,4% құрады.
Бөлшек сауда көлемі 443 663,4 млн теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 105,7% -ға артты. Облыстағы үлесі 85,9%.
Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы аясында Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 354,7 млрд теңгені құрайтын 19 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда, оның бүгінгі күнге 7 жобасы іске қосылып, жұмыс жасауда.
Іске қосылған жобалар:
1)«Orda Glass LTD» ЖШС-нің «Энергия үнемдейтін шыны өндіру цехы». Құны 6,7 млрд теңге.
2)«Искаков» жеке кәсіпкерлігінің «Сауда үйі құрылысы». Құны 500 млн теңге.
3) «Aray Food» ЖШС-нің «Көкөніс сақтау қоймасының құрылысы».
Құны 1,2 млрд теңге.
4) «Көлік-құрылыс компаниясы» ЖШС-нің «металл конструкция өндірісі». Құны 300,0 млн теңге.
5) «Accent Development Solutions» ЖШС-нің «Жаңа әуежай жолаушылар терминалының құрылысы». Құны 15,7 млрд теңге.
6) «Technology Алем Ойл» ЖШС-нің «Жерасты паркингі бар автосалон мен АВТО шеберхана салу» жобасы. Құны 900 млн теңге.
7)«Орда автодор» ЖШС-нің «Асфальт-бетон өндірісі» жобасы. Құны 1 млрд теңге
Іске асырылу сатысындағы жобалар:
8)«Қызылорда - Нан» ЖШС-нің «Нан-тоқаш, кондитерлік, макарондық өнімдер өндіру кешені». Құны 1,2млрд теңге.
9) «Қаржаубаева» жеке кәсіпкерлігі сауда үйінің құрылысы жобасы. Құны 700 млн теңге
10) «Aksa Energy Qyzylorda» ЖШС-нің Қуаты 250 МВт ЖЭО салу жобасы. Құны 215 млрд теңге.
11) «Техоснастка Ремсервис» ЖШС-нің Қызылорда қаласында көтерме-бөлшек саудасы бар мамандандырылған қоймасы жобасы. Құны 4,6 млрд теңге.
12) «Кызылорда НК Курылыс» ЖШС-нің Сүт және сүт өнімдерін өндіретін цех салу жобасы. Құны 2 млрд теңге.
13) «AynaGlass» ЖШС-нің жоғары технологиялы айна шығару жобасы. Құны 1,5 млрд теңге.
14) «Medal Holding CmbH» Көпфункционалды инновациялық Индустриалды паркі жобасы. Құны 53,9 млрд теңге.
15) «With You E&C Kyzylorda» ЖШС-нің қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыты жобасы. Құны 9,5 млрд теңге.
16) «Комфорт 1КЗ» ЖШС-нің Шыңдалған шыны және табақша шыныны өндіру зауытын кеңейту жобасы. Құны 2,5 млрд теңге,
17) «Seven Rivers Technologies» ЖШС-нің «HORN® Glass технологиясымен шыны ыдыстар зауыты жобасы. Құны 29 млрд теңге.
18) «Техоснастка Ремсервис» ЖШС-нің Қолданыстағы полигонды жаңғырту жобасы. Құны 4 млрд теңге.
19) «Нұрлы Тау» ЖШС-нің Кірпіш зауытының құрылысы жобасы. Құны 4,5 млрд теңге.
2024 жыл 1 желтоқсанға алдын ала деректерге сәйкес халық саны 361,9 мың адамды құрап, өсу қарқыны 1,7%. 2023 жыл қорытындысымен экономикалық белсенді халық саны 147,1 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,6%.
2025 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 4 909 адам, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 3,3%.
Жыл басынан 13 458 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 6 875 - і тұрақты жұмыс орны.
Жыл басынан бері 3 682 адам қоғамдық жұмысқа, 120 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, жастар тәжірибесіне 1 234 жас маман жолданды.
Қала бойынша 2024 жылғы III тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 349 488 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 107,5% артты, нақты жалақы индексі 99,7% болып қалыптасты.
Тұтыну бағаcының индексі қаңтар-желтоқсан -107,9%, жоспарланған
инфляция деңгейі 6-8%.