Лого

Меню

Страницы

Статья

2024 жылы көлік инфрақұрылымы саласында атқарылған жұмыстар туралы

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағыты:

Қаламыздың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында құны 23,0 млрд теңге болатын 71 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде,
1 автомобиль көпірі құрылысы, 1 жаңа жол құрылысы, 5 көше қайта жаңғырту, 3 көше күрделі жөндеу, 61 көше орташа жөндеу жұмыстары. Атап айтқанда, жоба құны 428,3 млн теңгені құрайтын Тәуелсіздікке
25 жыл даңғылы бойындағы «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысы жүргізілуде.

Жоба құны 570,0 млн теңгені құрайтын Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылына дейінгі жаңа жол құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

Қаладағы басты көшелердің бірі саналатын жоба құны 2,7 млрд теңгені құрайтын Жаппасбай батыр көшесін, жоба құны 434,0 млн теңгені құрайтын Е. Көшербаев көшесін, құны 3,0 млрд теңгені құрайтын
Қ. А. Яссауи көшесін және жоба құны 3,0 млрд теңгені құрайтын «Самара-Шымкент-Қызылорда» аудандық маңызы бар автомобиль жолын кеңейту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, жоба құны 6,8 млрд теңгені құрайтын Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын және жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бұдан бөлек, жоба құны 1,0 млрд теңге болатын М. Шоқай және Қорқыт ата көшелерін және құны 28,0 млн теңге болатын Байқоңыр тұйығын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Құны 4,66 млрд теңгені құрайтын 46 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.

Мүлдем жол құрылысы жүргізілмеген, 15 көшенің тас жол құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Жоба құны 137,0 млн теңге.

Қала көшелеріне ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қалалық бюджеттен жыл басынан бері 267 млн теңге бөлініп, мердігер мекемелер тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Дата публикации
08 января 2025
Дата обновления
08 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы