Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы жұмысы туралы

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағыты:

Қаламыздың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында құны 23,0 млрд теңге болатын 71 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде,
1 автомобиль көпірі құрылысы, 1 жаңа жол құрылысы, 5 көше қайта жаңғырту, 3 көше күрделі жөндеу, 61 көше орташа жөндеу жұмыстары. Атап айтқанда, жоба құны 428,3 млн теңгені құрайтын Тәуелсіздікке
25 жыл даңғылы бойындағы «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысы жүргізілуде.

Жоба құны 570,0 млн теңгені құрайтын Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылына дейінгі жаңа жол құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

Қаладағы басты көшелердің бірі саналатын жоба құны 2,7 млрд теңгені құрайтын Жаппасбай батыр көшесін, жоба құны 434,0 млн теңгені құрайтын Е. Көшербаев көшесін, құны 3,0 млрд теңгені құрайтын
Қ. А. Яссауи көшесін және жоба құны 3,0 млрд теңгені құрайтын «Самара-Шымкент-Қызылорда» аудандық маңызы бар автомобиль жолын кеңейту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, жоба құны 6,8 млрд теңгені құрайтын Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын және жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бұдан бөлек, жоба құны 1,0 млрд теңге болатын М. Шоқай және Қорқыт ата көшелерін және құны 28,0 млн теңге болатын Байқоңыр тұйығын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Құны 4,66 млрд теңгені құрайтын 46 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.

Мүлдем жол құрылысы жүргізілмеген, 15 көшенің тас жол құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Жоба құны 137,0 млн теңге.

Қала көшелеріне ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қалалық бюджеттен жыл басынан бері 267 млн теңге бөлініп, мердігер мекемелер тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Абаттандыру саласы бойынша:

Қала аумағындағы ұзындығы 56,4 шақырым болатын
40 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу үшін 1 844,0 млн теңге және қалаға қарасты Тасбөгет, Белкөл кентінде ұзындығы
6,9 шақырым болатын 7 көшеге, жаяу жүргіншілер жолын салу үшін
177,0 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталды.

Қызылорда қаласы, Н.Назарбаев даңғылын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, абаттандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 262,9 млн теңге қаржы бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Қожа Ахмет Яссауи көшесін Ә.Бөкейхан көшесiнен Әйтеке би көшесiне дейiн абаттандыру жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджет есебінен 773,1 млн теңге қаржы бөлініп, «BSG инжениринг» ЖШС-мен шарт жасалып, нысан толық аяқталып, пайдалануға берлді.

 

2024 жылы құны 1,5 млрд теңгені құрайтын 25 көпқабатты тұрғын аулаларындағы ойын алаңдарын қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, 23 көпқабатты тұрғын үй аулаларының жолдарына жөндеу жұмыстарына 600,0 млн теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.

Көшелерді жарықтандыру

Қала көшелерін жарықтандыру үшін барлығы 1 297,0 млн теңге бөлініп қаладағы 61 көшеге жарық бағаналарын орнату  жұмыстары жүргізілді. («Энерго Мера» ЖШС, «Энергиянұр» ЖШС, «Айсұлтан Компания» ЖШС)

Тұрғын үйлерді қайта жаңғырту, қасбеттерін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша:

Тұрғын үйлерді қайта жаңғырту (модернизация) бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі №473 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың
2011-2020 жылдарға арналған», «Өңірлерді дамыту 2020 жылға» және «Нұрлы жер 2020-2021ж.ж.» бағдарламалары және ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес, Қызылорда қаласында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлерге кондоминиум объектісінің ортақ меншіктегі мүліктеріне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша 2011-2022 ж.ж. аралығында республикалық бюджеттен 7,3 млрд теңге бөлініп,
194 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, меншік иелеріне пайдалануға берілген.

2023 жылға 12 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу үшін 773,8 млн теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.

2024 жылға 21 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу үшін 1 млрд 926,8 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда қаласындағы Мерей шағын ауданы №15, Мерей шағын ауданы
№18 «Б», Ақмешіт шағын ауданы №16, Ақмешіт шағын ауданы №17, Д. Қонаев көшесі №24, 3-ірілендірілген квартал №1 «А», 3-ірілендірілген квартал №5,
3-ірілендірілген квартал №6, 3-ірілендірілген квартал №7, Яншин көшесі №1, Мерей шағын ауданы №1, М. Әуезов көшесі №1, Қыдыров көшесі №2, Шұғыла шағын ауданы №4, Шұғыла шағын ауданы №5, Шұғыла шағын ауданы №24
тұрғын үйлердің қасбеттерін күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджет есебінен
715,9  млн теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды, нәтижесінде жеңімпаз болып мердігер мекеме «Асар» ЖШС анықталды. Қазіргі таңда төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды.  (Анықтама ретінде: Яншина көшесі №1, Сүлейменов көшесі №56, 51 «А», 58, Қорқыт ата көшесі №7, 3-ші ірілендірілген квартал №5,6,7, Қыдыров көшесі №2, Қазыбек би көшесі №12, Қазыбек би көшесі №20,). Аталған жобаның шамамен 50 % (пайыз) жұмыстары толығымен орындалды.

Бұдан бөлек, Қызылорда қаласы, Шұғыла мөлтек ауданы (Қожа Ахмет Яссауи көшесі №24 «А», Қожа Ахмет Яссауи көшесі №24 «Б», Қожа Ахмет Яссауи көшесі №44, Қожа Ахмет Яссауи көшесі №45) көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жобаға облыстық бюджеттен 138,5 млн теңге  қаржы қаралып мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, нәтижесінде «BSG инжиниринг» ЖШС жеңімпаз болып анықталды.

Жасыл қызылорда:

Облыс әкімінің тасырмасына сәйкес 2023 жылдың қырүйек айында «Жасыл Қызылорда» КММ-сі құрылып, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап өз жұмыстарын атқаруда.  «Жасыл Қызылорда» КММ-нің негізгі бағыттары қаламызды көгалдандыру мақсатында каналдар мен арық жүйелерін тазалау, жер асты ұңғыма арқылы және насостар арқылы аяқ су беру, сквер аллеялар мен орталық көшелердегі гүлзарларға гүл егу, көгалды күтіп ұстау, қураған ағаштарды кесу және балақтау жұмыстарыболып табылады. Осы аталған жұмыстар ағымдағы жылдың басынан бастап жүргізілуде.

Қызылорда қаласы аумағына 2024 жылдың көктем айларында
8000 көшет отырғызу жоспарланған болатын. Бұл меже артығымен орындалды, яғни 11 000 нана аса  ағаш көшеттері отырғызылды. Оның ішінде ауа райына қолайлы, құрғақ, ыстық, шөлге төзімді сыр талы, терек, қарағаш және сәндік (Катальпа, айлант, ясин) ағаш көшеттері аяқ су тұрақты беріліп тұрған С.Бейбарыс, Қорқыт ата, Сағымбаев және қаламыздың орталық көшелеріне отырғызылды.

 Қаламызда орналасқан Жібек жолы, Сарқырама, Табиғат және қалалық каналдары ағымдағы жылдың наурыз айында толық тазаланды қалаішілік арық жүйелерін тазалау жұмыстары жүргізілді.

Жалпы қалаға Сырдария өзені және каналдар арқылы арнайы
19 жерден  насос қондырғыларымен аяқ су берілуде.

Қазіргі таңда «Жібек жолы» каналы бойындағы, «Сыр ана» монументі жанындағы, Тәуелсіздік көшесі бойындағы және Тұңғыш Президент атындағы саябақта орналасқан су сорғыш (насос) қондырғылары арқылы қалаға аяқ су тұрақты берілуде.

Атап айтқанда, «Жібек жолы» каналы бойында орналасқан су сорғыш қондырғысы арқылы Назарбаев, Астана даңғылы және Сырдария мөлтек ауданы, шамамен 6 шақырым болатындай каналдар мен арық жүйелері аяқ сумен қамтылды.

«Сыр ана» монументі жанындағы су сорғыш қондырғысы арқылы С.Бейбарыс көшесі және «Береке» саяжайы шамамен 1,5 шақырымды құрайтын каналдар мен арық жүйелері арқылы аяқ сумен қамтылды.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік көшесі бойында орналасқан су сорғыш қондырғысы арқылы қаламыздың ең ірі ішкі каналдардың бірі Сарқырама және орталық көшелерде орналасқан арық жүйелерін және Тұңғыш Президент атындағы саябақта орналасқан су сорғыш қондырғысы арқылы аталған саябақты да толық аяқ сумен қамтылуда.

«Жасыл Қызылорда» КММ  тарапынан қаладағы көше бойларын, саябақтар мен скверлерді гүлмен көмкеру жұмыстары жүргізілді. Шаһар аумағын көгалдандырып, көріктендіру үшін 640500 дана роза, кан, катарантус, циннии, петуния, тагетис, бархатцы, цинерария, пеларгония гүлдері қаладағы Тұңғыш Президент атындағы саябаққа, Сыр ана монументіне ,Облыстық әкімшілік ғимараты алдына, Ж.Бахадүр ескерткішінің жанына, Назарбаев даңғылы бойына, Қуғын сүргін құрбандарына арналған монумент аумағына, қалалық әкімшілік ғимараты жанына, Қаламгерлер аллеясына, Б.Шөкенов атындағы саябаққа, Тағзым алаңына, Жаңқожа батыр ескерткішінің аумағына егілді.

«Қызылорда» автобус паркі» ЖШС туралы ақпарат

Облыс орталығы - Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатында 2013 жылы «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-і құрылып, Автобус парк теңгеріміне облыстық бюджет есебінен «Zhangtong LCK 6105HGC» маркалы 20 дана автобус алынған болатын. Содан сон 2015-2016 жылдары 92 дана «ZhongTong» маркалы автобусы; 2017 жылы 10 дана «ПАЗ» маркалы автобусы; Сол жылы облыс әкімдігі мен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы және Еуропалық  қайта құру және даму банкі арасында үш  жақты меморандум негізінде парк теңгеріміне «Zhоngtong LCK 6105 HGC» маркалы 92 автобус несиеге алынды. 2020 жылы 13 дана «ZhongTong» маркалы автобустармен толықтырылса. 2022 жылдын қараша айында өнір басшысы Н.М.Нәлібаевтын тікелей қолдауымен Серіктестікке «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы жаңадан лизингке 150 дана автобус алынды. 2023 жылдын қараша айында қосымша 50 автобустын кілті табысталды. Қалған 100 дананың кілті 2024 жылдын басында облыс орталығына жеткізілді.

2022 жылы Серіктестік 5 бағыт бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырған. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 31 құрауда. Олар: №1, №2, №3, №7, №8, №10, №11, №12, №13, №14, №15, №16, №17, №18, №19, №20, №21, №22, №23, №24, №25, №26, №27, №28, №29, №30, №31 және қосымша жүктелген «Ягодка», «ПМК-29», «ПМК-66» саяжайы және «Прудхоз» елді мекені бойынша қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда, қала ішілік жолаушылар тасымалын күнделікті 240 дана автобустар жүзеге асыруда. Қоғамдық көліктердің бағыттардағы қатынау интервалы 12-15 минутты құрайды.

Серіктестіктің стратегиялық жоспарына - «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС қалаішілік жолаушылар тасымалының барлық бағыттарын қамту кіреді.

 

 

Дата публикации
08 января 2025
Дата обновления
08 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы