Лого

Меню

Страницы

Статья

2024 жылы ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар туралы

Егін шаруашылығы бойынша

Биылғы жылы 8 298 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.

Оның ішінде: Негізгі дақыл күріш 3 856 га, бидай 368 га, қант құмайы 40 га, жаздық арпа 2 га, жаңа жоңышқа 286 га, ескі жоңышқа 1 297 га, картоп 130 га, көкөніс 1 329 га, бақша 990 га.

Негізгі дақыл күріштің 3 856 гектардан, 19 858,4 тонна өнім жиналды. Орта өнім 51,5 центнерді құрады. Егілген 368 гектар бидайдан,
379 тонна өнім жиналып, орта өнім 10,3 центнерден, 2 гектар арпадан 3 тонна өнім жиналып, орта өнім 15,0 центнерден келді.

Шаруашылық құрылымдары бойынша мал азықтық жоңышқа шөбінен
7 098,0 тонна жоңышқа шөп дайындалды. (орта өнім 44,8 ц/га) (2023 ж- 35,1ц/га)

130 гектар картоптан 1625,0 тонна, 1329 гектар көкөністен 16 612,5 тонна, 990 гектары бақшадан 13 464,0 өнім алынып, орта өнім картоп дақыланан 125,0 центнерді, көкөніс дақыланан 135,0 центнерді, бақша дақыланан 136,0 центнерді құрады.

Күзгі егін жинау науқанына 20 жатка, 29 комбайн, 83 трактор,
21  трактор тіркемесі мен 5 жүк көлігі егін жинау жұмыстарына қатысты.

Мал шаруашылығы бойынша

Қала бойынша 2024 жылдың 1 қарашасына мүйізді ірі қара
25 059  бас, уақ мал 31 580 бас, жылқы 16 959 бас, түйе 2 897 бас, құс
17 180 бас өсірілуде.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара
17,5%-ға, жылқы 5,0%-ға, қой-ешкі – 23,0% көбейсе, түйе 2,2%-ға кеміген.

Есепті кезеңде қала бойынша барлығы 2 163,0  тонна ет (тірі салмақта), 3 087,1 тонна сүт және 742,4 мың дана жұмыртқа өндірілді. 

Өткен жылмен салыстырғанда өсім тиісінше ет өндіру 2,8%-ға, сүт 0,6%-ға, жұмыртқа өндіру 1,0%-ға көбейген.

 

Техникалық инспекция саласы бойынша

2024 жылдың 12 айдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы техникаларын жүргізуге 65 адамға куәлік беріліп, жеке және заңды тұлғаларға жаңа үлгідегі 502 дана техникалық паспорттар мен 502 дана мемлекеттік белгілер берілді.
75 дана кепілдік келісім-шарты мен қосымша келісім-шарттарын тіркеу және кепілден босатулар рәсімделіп, 49 ауыл шаруашылығы және жол құрылыс техникалары мемлекеттік техникалық байқаудан өткізілді. 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы  бойынша

2024 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге 140 маманға (1 маманға 369 200 тг) 51,6 млн. теңге көтерме жәрдемақыға беріліп, бөлінген қаржы толығымен игерілді. Бюджеттік кредитке 524,2 млн.теңге (71 маман) бөлінді. Бүгінгі күнге, 28 маманға 206,7 млн. теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілді.

Дата публикации
08 января 2025
Дата обновления
08 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы