
«Тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы аясында 10 млрд 122,1 млн теңге бөлініп 10 121,1 млн теңге игерілген. 2023 жылы басталған жоба құны 9 млрд 926,9 млн теңгені құрайтын Сырдария өзенінің сол жағалауы №3 мөлтек ауданында жалпы ауданы барлығы 37 283,4 м2 504 пәтерлі 7 этажды 84 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысын жалғастыруға 4 млрд 491,3 млн теңге бөлініп тұрғын үйлер қабылдау актісімен тапсырылып аймақ басшысының қатысуымен желтоқсан айында 504 отбасыға кілт табысталды. Жоба құны 8 млрд 649,1 млн теңгені құрайтын жалпы ауданы барлығы 28 905 м2 400 пәтерлі №2 мөлтек ауданында 5 этажды 40 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысын бастауға 5 млрд 762,5 млн теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүруде. Қалған қаржысы 2 млрд 886,6 млн теңге 2025 жылы бөлінеді. Бөлім тарапынан осы мөлтек ауданда 7 этажды 84 пәтерлі 10 тұрғын үйдің және 5 этажды 50 пәтерлі 10 тұрғын үйдің ЖСҚ әзірленуде. 2025 жылы құрылыс жұмыстары басталатын болады.
«Инженерлік инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасына аясында
7 млрд. 939,6 млн. теңге бөлінді. (ҰҚ – 2 млрд. 509,1 млн.тг, ОБ – 4 млрд. 925,0 млн. тг, қалалық бюджеттен 505,5 млн.теңге), 4 млрд 925,0 млн теңге игерілді.
Ауыз су желісі құрылысына 295,1 млн теңгеге 5,8 км төмендегі жобалар атқарылған: Арай мөлтек ауданы Мәуелі көшесі жеке тұрғын үй секторының ауыз су желісі құрылысына 26,3 млн теңгеге 0,623 км ауыз су желісі, Сарысу көшесіне ауыз сумен қамтуға 26,2 млн теңгеге 1,3 км ауыз су желісі, Майлықұм көшесінің бойымен ауыз су желісінің құрылысы 62,4 млн.теңгеге 3,88 км жүргізілді. "Бәйтерек" ықшам ауданындағы тұрғын үйлерді газбен жабдықтау және сумен жабдықтау желілерін салу жобасына 180,2 млн теңге бөлінген. Жоба құны келісім шарт негізінде 427,5 млн теңгені құрайды. РБ-дан жобаны аяқтауға 247,3 млн теңге бөлінген жағдайда 18,5 км ауыз су және газ жүйесі 9,995 км атқарылады.
Электр желісі құрылысын жүргізуге 168,3 млн теңгеге 13,4 км төмендегі жобалар атқарылған: Жас Алаш, Теректі, Сарысу көшелеріне электрмен жабдықтау құрылысына 39,1 млн. теңгеге 1,8 км, Белкөл кентіндегі Жерұйық, Сарыарқа, Бірлік көшелерінің электр желілерін жүргізуге 72,2 млн теңгеге 4,4 км, Жас Алаш көшесіне электр желісін жүргізуге 57,0 млн теңгеге 7,2 км тартылды.
2022 жылы басталған Қызылжарма аумағындағы 1,2,3 ауданында тас жол құрылысы (35 көшеге) жобасын аяқтауға Ұлттық қор есебінен 330,4 млн теңге бөлініп 38,25 км тас төселінді.
Бөлім тарапынан Сырдария өзенінің сол жағалауында салынып жатқан тұрғын кварталдардың инженерлік желілерін жүргізуге барлығы 3 млрд 258,9 млн теңге бөлініп жұмыстар атқарылды.
«Қорқыт Ата» әуежайының аумағын абаттандыру жұмыстарына 1 млрд 986,3 млн теңге бөлініп толықтай әуежайдың инженерлік жүйелері мен абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
«Жайлы мектеп» білім беру пилоттық ұлттық жобасы аясында қала аумағында салынып жатқан 5 мектептің абаттандыру және жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге 1 млрд 771,7 млн теңге бөлініп тиісті жұмыстар атқарылды.
Қалалық бюджеттен инженерлік жүйелер жүргізуге 128,9 млн теңге қаржы бөлініп ЖСҚ әзірленді.
Қаламызда тозығы жеткен ауыз су және кәріз су желілерін қайта жаңғыртуға 1 млрд 594,8 млн теңге бөлінді. (ҰҚ – 588,7 млн тг, , ОБ – 212,5 млн тг, қалалық бюджеттен 793,6 млн теңге). Жоба құны 699,3 млн теңгені құрайтын 2023 жылы басталған Универсам Шымбай аумағында сумен жабдықтау және су бұру желісін қайта жаңғырту жобасын аяқтауға 90,2 млн теңге бөлініп, жоба аясында 8,0 км жүргізілді. Қызылорда қаласының орталық бөлігінің кәріз желілерін қайта жаңғырту жобасына 501,3 млн теңге бөлініп, жоба аясында 8,3 км кәріз желісі жаңғыртылды. Қалалық бюджеттен Арай м/а, Әуезов көшесі, Жаппасбай батыр көшесі бойында орналасқан көтергіш сорғы станциясын салу құрылыстарына 270,4 млн теңге, Титов аумағындағы жалпы қуаттылығы 1440 текше метр болатын 3 дана ұңғыма бұрғылау құрылысына 265,4 млн теңге бөлініп барлық жобалар желтоқсан айында аяқталды. Жоба құны 4 млрд 684,6 млн теңгені құрайтын 2023 жылы басталған «Қызылорда қаласында ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70,0 мың м3 биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру» жобасына ОБ-дан 147,7 млн.теңге бөлінді, бұл жоба 2025 жылға өтпелі. ҚМЖ аяқтауға 3 млрд 207,8 млн теңге қажет.
«Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасы шеңберінде Сабалақ елді мекеніне орамішілік газ желісі және ШГРП құрылысы, 1-ші және 2-ші іске қосу кешені, жеткізуші газ құбырын салу құрылыс жұмыстарын бастауға жобаның 10 пайыз қаржысы 319,5 млн теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүруде. Жобаны аяқтауға энергетика басқармасына бюджеттік өтінім толықтай жолданды. Қызылорда қаласында орамішілік газ құбырлары желісін салу (ақ дақтар). Гагарин, Титов, СПМК-70, Арай, КБИ, Сәулет, Саяхат, Бәйтерек, Орталық, және Шұғыла шағын аудандарындағы газ құбырлары жүргізілмеген көшелерге газ тартуға 300,0 млн теңге бөлініп мердігер тарапынан жұмыстар атқарылуда. Қалаға қарасты елді мекендерден Қызылөзек е/м газ жүйесі тартылмаған, осы орайда газ жүйесін тартуға 500,0 мың теңге бөлініп жобалаушы мекеме ЖСҚ әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. 2025 жылға қалалық сессиядан 22,8 млн теңге сұратылатын болады. ЖСҚ толықтай әзірленіп сараптамаға ақпан айында кіретін болады.
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында құны 394,8 млн теңге Ақсуат, Қосшыңырау ауылдық округіне қатысты Досан елді мекені, Қызылжарма, Қызылөзек ауылдық округіне қарасты Қараөзек ауылы, Қараөзек бекеті, Айнакөл ауылдарына электр тарату жұмыстарын бастауға қаржы республикалық бюджеттен бөлінді.
«Пәтер сатып алу» бағдарламасы аясында 15 млрд 659,9 млн.теңгеге 1 055 пәтер сатып алынды. Кезекте тұрған көп балалы және осал топты азаматтарға 13 млрд 968,9 млн теңгеге 933 пәтер сатып алынды /2 бөлмелі-623 пәтер, 3 бөлмелі-310 пәтер/, авариялық деп танылған тұрғын үйде тұрып жатқан азаматтарға ОБ-дан 1 млрд.660,7 млн.теңгеге 121 пәтер /1 бөлмелі-30 пәтер, 2 бөлмелі- 71 пәтер, 3 бөлмелі-20 пәтер/ сатып алынды, қалалық бюджеттен олимпиада қола жүлдегері Қоңқабайға 10,5 млн теңгеге пәтер сатып алынды, 2023 жылы сатып алынбаған 1 пәтер сатып алуға 13,0 бөлініп сатып алынды.
«Жылу жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауы бөлігін жылумен жабдықтау (1 кезек) аяқталмаған құрылыс жобасы 1 млрд 97,5 млн теңгені құрап «Механизатор К» ЖШС-і жеңімпаз болып танылып құрылыс жұмыстарын бастады. ОБ-дан 300,0 млн теңге бөлінді. Қалған қаржы 797,5 млн теңге 2025 жылы облыстық бюджеттен бөлінеді.
Бүгінгі күнге мемлекеттік конкурс шешімімен жеімпаз анықталған алайда қаржысы толық немесе мүлдем бөлінбеген құрылыс жұмыстарының қаржысы 21 млрд 542,9 млн теңгені құрайды. Қаржы сұратылу жұмыстары тиісті басқармаға бөлім тарапынан бюджеттік өтінімдер жолданды.
Бөлім тарапынан 2025 жылға қаржы сұратылу мақсатында тиісті басқармаларға бюджеттік өтінімдер әзірге 12 млрд 805,7 млн теңгеге ұсынылды. Жыл соңына дейін әзірленген жобалардың қаржысы қосымша сұратылады.