
Бүгінде, Қызылорда қаласында тіркелген кәсіпкерлердің саны
35 145бірлікке жетіп, оның ішінде жұмыс жасап тұрғандар үлесі 94,5%-ды немесе 33 235 бірліктіқұрады.
Кәсіпкерлік секторында жұмыспен қамтылғандар саны 65247 адам.
2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қаржыландыру үшін облысқа 4,6 млрд. теңге қаржы қаралып, оның ішінде 612,8 млн. теңге Қызылорда қаласына лимит түрінде көзделген.
Байқоңыр ӘКК үйлестіруімен алғашқы лекте 142,13 млн. теңгеге
16 жоба қаржыландырылып, екінші лекте 149,66 млн. теңгеге 20 жоба мақұлданды.
Екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлік мақсатта ұсынылған несиелерін Даму қорымен субсидиялау шаралары жалғасуда. Жыл басынан бері жалпы құны 22 508,4 млрд. теңгені құрайтын 635 жоба қолдау тапты.
«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы тарапынан «Іскер» бағдарламасыменқалаға қарасты кент және ауылдық округтарда
132,8 млн.теңгені құрайтын 24 жоба қаржыландырылды.
Аталған ұйымның «Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді дамыту» пилоттық жобасы аясында да 284,5 млн.теңгеге17 кәсіпкернесие алды.
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК мөлшерінде 767,9 млн. теңгені құрайтын 520 жобаға мемлекеттік гранттар берілді.