Лого

Меню

Страницы

Статья

2024 жылы мәдениет саласында атқарылған жұмыстар туралы

Ономастика туралы

Бөлімнің үлкен бір міндеттерінің бірі ономастикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру.

Ономастика саласындағы жұмысты жетілдіру барысында Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Қаланың 760 көшесінің 430 көшесі кісі есімімен, 263 көше тарихи жер-су атауларымен аталған, 107 шартты атау берілген.

        

Маңдайша жазулары және жарнамаларды ретке келтіру жайында

2011 жылы Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, осы Заңның 17-2 бабында көзделген құзыреттерді орындау қала әкімінің 2012 жылғы  23 қаңтардағы №2983 қаулысымен қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелді. Жарнамалық нысандарға келісім алуға жататын уәкілетті органдардың бірі ретінде белгіленген «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу кезінде жарнама мәтінінің ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкестігі жайында келісім беріп келеді.

ҚР Тіл туралы Заңының 21-тармағына сәйкес қала орталығындағы жарнамаларды тексеру барысында 2024 жылдың IV тоқсаны бойынша 212 нысанға түсіндірме жұмыстары және ескертпе хаттары таратылды. Сондай-ақ, 106 жарнама объектілеріне келісім берілді.

 

Тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша

Бүгінгі күнге қала көлемінде 85 тарихи-мәдени ескерткіштер бар, оның ішінде республикалық маңызды – 4, жергілікті маңызда – 34 ескерткіш, алдын-ала есепке алу тізіміне ұсынылғандар саны – 47

Оның ішінде тарихи ғимараттар саны – 19, ескерткіштер – 37, және 29 бюсттер бар.

Қала көлеміндегі ескерткіштерді сақтау және пайдалану бағытында бірқатар шаралар жүргізіліп келеді, барлық ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары әзірленді.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу мақсатында қалалық қаржы бөлімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының аясында тиісті пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне берілді. Бүгінде тарихи ескерткіштерге қорғау міндеттемелері толтырылды.

Ғимараттар саны – 19, ескерткіштер – 37 және 29 бюсттер бар.

Қала көлеміндегі ескерткіштерді сақтау және пайдалану бағытында бірқатар шаралар жүргізіліп келеді, барлық ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары әзірленді.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу мақсатында қалалық қаржы бөлімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының аясында тиісті пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне берілді. Бүгінде тарихи ескерткіштерге қорғау міндеттемелері толтырылды.

 

Мәдени көпшілік-шаралар бойынша

2024 жылдың 8-10 қазан аралығында Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен “Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту” бөлімі және “Қазақ Соқырлары Қоғамы” қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы “Зағиптар қоғамы” клубының бірлесе ұйымдастыруымен қала күні мерекесі аясында “Шексіз әлем - шектеусіз мүмкіндік” атты зағип және нашар көретін жандар арасында республикалық өнер байқауы өткізіліп 10 топ өнерін көрсетті.

Бас жүлдені Шымкент қаласы 500 мың теңге, І орынды Бастыс Қазақстан Облысы 400 мың теңге, ІІ орынды Атырау облысы 300 мың тг, ІІІ орынды Жетісу облысы 150 мың тг, ІІІ орынды Қызылорда облысынан Ержігітова Ақмарал, Сеікқали Жұбаниязов, Шайықов Серікбол 150 мың тг иеленді. Қызылорда қаласынан Сейфолла Бақдәлет, Құлдисенова Меруерт, Ғалымжан Шәріпхан алғыс хат иеленді. (10 топ/30 өнерпаз/ 1-бас жүлде, 1-І орын, 1-ІІ орын, 2-ІІІ орын)

 

Үстіміздегі жылдың 18 қыркүйек күні сағат 19.00-де, қала күні мерекесінің көрігін қыздырған кезекті тағылымды кеш қайта жаңғыртудан өткен орталық алаңда өтті.

Республикаға танымал жас ақындар арасындағы "Ғалам мен қалам" республикалық поэтикалық дуэль жобасына еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген 9 ақын қатысты. Қала тұрғындарына ғажайып кеш сыйласақ деп жиылған ақындардың қадамына сәттілік тілеген қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев «Сырдария жағалауындағы шырайлы шаһардың өткені мен бүгіні тарихта алтын әріптермен тасқа басылған. Бұл ретте «көшесінде жүріп сағынатын» ғажап қаланың жылнамасын жырмен жазып жүрген Сіздердің орындарыңыз бір төбе» деді. Содан соң қаламыздың мәдени-рухани тынысына дем беріп жүрген бір топ зиялы қауым өкілдеріне қала әкімінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын табыс етіп, биыл 80 жасқа толған балалар ақыны, педагогика ғылымдарының докторы Рахат Наурызбаеваға арнайы құрмет көрсетті.Қазақстан жазушылар одағының Қызылорда облысындағы өкілі Қаршыға Есімсейітова, Елубай Әуезов, Ғазиза Әбілда төрелік еткен поэтикалық дуэльдің бірінші кезеңінде ақындар Қызылорда қаласы туралы жазған жырларын оқыса, екінші айналымға өткен 8 ақын өзара жұптасып сарындас, үндес өлеңдерімен шын мықтыны анықтады.

Нәтижесінде қызылордалық Аружан Оралбай Сыр елінде алғаш рет өткізілген поэтикалық дуэль жобасының жеңімпазы атанып, 300 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.

Басқа қатысушылардың барлығы 50 мың теңге ақшалай сыйлық және қала әкімінің алғыс хатын иеленді. (9 өнерпаз, 1- бас жүлде, 8-диплом).

2024 жылдың 11 қазаны күні Қала күні мерекесі аясында қаламыздағы            Б. Шөкенов атындағы саябақта дәстүрлі “Қызылорда - таланттылар қаласы” атты облыстық фотографтар байқауы өтті.

                        Байқауға кәсіби және әуесқой  фотографтар қатысып, өз еңбектерін ұсынды. Байқаудың негізгі мақсаты қаламыздағы тарихи ескерткіштер, көпшілік мәдени орындар мен қала тұрғындарын суретке түсіріп, шаһарымыздың әсем көркін бейнелейтін жұмыстарын ел назарына ұсыну.

         Шара соңында жеңімпаздарды қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов марапаттап, қала әкімінің арнайы алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтарын табыс етті.

         Конкурс нәтижесі бойынша 10 фотограф қатысып, Оксана Черникова бас жүлдені иеленсе, Қайрат Шалтақбаев - І орынды, Сергей Коновалов  ІІ орынды, Голованова Наталья ІІІ орынды және “Болат Омаралиев” атындағы арнайы номинацияны, ал Дамир Шакиев “Қас қағым сәт - бір өмір” номинациясын жеңіп алды.

            Өзге де жұмысы үздік деп танылған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды. (10 өнерппаз, 1-бас жүлде, 1-І орын, 1-ІІ орын, 1-ІІІ орын)

Қазақтың Ақбаяны атанған Мәдина Ералиева ән әлемінің аққуы, сыбызғыдай сызылған сұлу үнімен өзге жанның көңіл көктемінің көкжиегін керемет әсерге бөлеген әнші. Оның репертуары лирикаға, шексіз махаббатқа толы болды. Осындай ерекше талант иесі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваның туғанына биыл 70 жыл. «Қараөзек ауылдық клубы» МКҚК және «Қызылжарма мәдениет үйі» КМҚК-ның ұйымдастыруымен  әншінің құрметіне арналған “Қазақтың Ақбаяны” атты облыстық әншілер байқауы өтті.Ән байқауына арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев артында өшпес із қалдырған “Қазақтың Ақбаяны” Мәдина Ералиеваның қазақ өнеріндегі орны ерекше екеніне тоқталып өтіп, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.Жас талант иелерінің өнерін композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Тайманов, композитор, Мәдениет саласының үздігі Сәбит Ұлықпанұлы,  облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының көркемдік жетекшісі Руслан Бурабай бағалады.

         Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі lll орынды Жалағаш ауданының тумасы Орнықхан Пазыл, ll орынды жаңақорғандық Исламхан Нағызхан және              l орынды қызылордалық Әйгерім Шүкірбаева иеленсе, бас жүлдені Сырдария ауданынан келген Аяулым Бекболатова жеңіп алды. Жүлдегерлерге қаржылай сыйлық табысталды. Көрермен саны:120  (8 өнерпаз,   1-бас жүлде,1-І орын, 1-ІІ орын, 1-ІІІ орын).

“Қараөзек ауылдық клубы” МКҚК-ның ұйымдастыруымен “Жайдарлы жастар мекені” атты облыстық ауыл әкімінің кубогы сарапқа салынды.

         Қызылорда қалалық “Жайдарман” филиалының қолдауымен өткен сайыста облыс көлемінде 7 команда бақ сынады. Көрерменге қағытпа қалжың сыйлаған кешті Жайдарман ойындарының вицечемпионы, “Үздік ойыншы” Әліби Басаров жүргізді. Командаларға ардагер жайдарманшы Өмірсерік Әбдірахман, қалалық “Жастар ресурстық орталығының” директоры Медет Жорабек, Қызылорда Жайдарман филиалының директоры Руслан Тәкісбай қазылық етті.

         Тартысқа толы сайыстың жүлделі ІІІ орынын Қызылорда қаласынан “AMG” командасы, ІІ орынды Сырдария ауданынан “Тереңөзек” құрамасы және жүлделі І орынды Жалағаш ауданынан “Дәуімбай” командасы иеленді.Қатысушы саны:90 (1-І орын, 1-ІІ орын, 1-ІІІ орын) .

“Қараөзек ауылдық клубы” МКҚК-ның ұйымдастыруымен жырау Мұхамедияр Жабағиевтың шығармашылығына арналған “Жыр күмбезін қалдырған…” атты облыстық жыраулар байқауы өтті.

        Байқауды ауыл әкімі Әбдіжаппар Сәкен Нысанұлы, Қызылорда қалалық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы және Мұхамедияр жыраудың қызы Қыдыркүл Мұхамедиярқызы ашып, қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі.

Қызылорда қаласы мен аудандарынан 13 талапкер қатысқан байқауда жырау, “Құрмет” орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі Шолпан Бимбетова, жырау, “Мәдениет қайраткері” төсбелгісінің иегері Берік Саймағанбетов, жырау, Мәдениет саласының үздігі Майра Сәрсенбаева қазылық етті.

Талапкерлер алғашқы кезеңде Мұхамедияр жыраудың шығармашылығындағы бір жырды орындаса, екінші кезеңде еркін тақырыпта қатысушының мүмкіндігін толық көрсететін бір шығарма орындады.

           Қазылар алқасының шешімімен жүлделі ІІІ орынды Жапақов Айтоғай (Арал ауданы) және Абылай Құнанбайұлы (Қазалы ауданы), ІІ орынды Балтабай Талант (Қармақшы ауданы), І орынды Октябрьұлы Нұрперзент (Арал ауданы) иеленсе, Бас жүлдені Байбол Көшеней (Қармақшы ауданы) иеленді. Байқаудың арнайы жүлдесімен Болатбек Әлижан (Қызылорда қаласы) марапатталды. Жүлдегерлерге қаржылай сыйлық, жырау шығармашылығы мен ғұмырына арналған кітап және арнайы статуэтка табысталды. Сондай-ақ, барлық қатысушылар қаржылай ынталандыру сыйлықтарына ие болды.Қатысқан адам саны:130  (13 өнерпаз, 1-бас жүлде, 1-І орын, 1-ІІ орын, 2-ІІІ орын).

2024 жылдың 5 қыркүйек күні сағат 10.30 – да. А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Қалалық мәдениет Үиі, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК ұйымдастыруымен  «Тілім – тірегім, Қызылорда – жүрегім» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

      Бүгінгі мүшәйраның мақсаты - өлең арқылы жастардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.

     Шара барысында: Бүгінгі мерекемен құттықтап, қатысушы ақындарымызға сәттілік тілеу үшін сөз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлына берілді. Мемлекеттік тілді насихаттауға, оның дамуына ерекше үлес қосып жүрген біршама тіл жанашырларын, 5 қыркүйек – Тілдер мерекесі күніне орай қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталынды. Алғазиев Қуаныш Сақтағанұлы, Қалтай Жәмила Жанболатқызы Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталынды.

         Байқауда  қала, облыс аумағынан 10 талапкер бақ сынады. Талап бойынша қатысушылар «Тіл» туралы бір өлең және «Қызылорда қаласы» тақырыбында бір өлең оқуы тиісті болды. Сайысқа Ғазиза Әбілда – ақын, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Ұлықбек Бекұзақұлы – Қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, Ақжол Түменбай – ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, қазылық етті. Шара соңында қазылар алқасының шешімі дайын болғанша, концерттік бағдарламаға жалғасты. Байқау қорытыңдысы бойынша Бас жүлдеге Өтепберген Нұркелді лайық деп танылса, 1-орынды Нұргүл Төлеубай, 2-орынды Аружан Оралбай, 3-орынды Тілеу Меруерт иеленді. Барлық қатысушы талапкерлерге арнайы алғыс хатпен сыйлықтармен марапатталды.  (10 өнерпаз, 1-Бас жүлде, 1-І орын, 1-ІІ орын, 1-ІІІ орын.

19 қыркүйек күні С. Майқанова атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Cыр сүлейі, жыр дүлдүлі Дүр Оңғар Дырқайұлының туғанына 165 жыл толуына арналған «Жыр дүлейі Дүр Оңғар» атты қалалық жыр фестивалі өткізілді. Фестивальге онға жуық жас өнерпаздар қатысып ынталандыру сыйлықтары табысталды. (10 өнерпаз, 1-Іорын, 1-ІІ орын, 1-ІІІ орын).

4 қазан күні Қызылорда қалалық Жастар ресурстық орталығында қала күніне орай Қызылорда қаласының мәдениет бөлімі мен Жас журналистер одағының "Bastimequiz" зияткерлер клубының ұйымдастырған "Зияткерлер отбасы" атты quiz ойыны 8 команда арасында қызу тартыста өтті. Әр ұпайдың салмағы бар, оған нақты жауап беру арқылы қоржынын толтырып зиятерлердің арасынан жұлқына шығып жүлделі орын алу оңай шаруа еместігін әр қатысушы түсінеді. Сонымен Жастар ресурстық орталығында Insaight, Ордабас, Сыр білімі, ХХ ғасыр, Антанта, Тасиро, Ibrai, Ақ отау командалары бақ сынасты. Біліктілігі бірінен бірі кем түспеді, біреу баста болса, кейінгісі алдын орап алға шығып аралық ұпай сандары күрт өзгеріп отырды. Осы ойынның өтуіне мұрындық болған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыппар Тажмаханов қазақ тілін дәріптеуге, салт-дәстүрімізді, тарихымызды, тұлғаларымызды біліп тануға бағытталған бұл сайыстардың маңызы зор екеніне тоқталды. Қала күніне арналған іс-шаралардың аясында ұйымдастырылған ойын әрі қарай да қолдау табатынына тоқатал келе жеңімпаздарға қала әкімі Н.Ахатовтың арнайы дипломдарын табыстады. Сонымен үшінші орынды 30 ұпаймен "Білім ордасы" командасы иеленді (60 000 тенге), екінші орын 35 ұпай "Ордабас" командасының еншісіне (80 000 тенге) , араға екі ұпай қоса бас жүлдені "Insaight" командасы қанжығасына (100 000 тенге) байлады. Қатысқан адам саны -140 (8 команда / 48 адам/ 1-бас жүлде, 1-І орын, 1-ІІ орын, 1-ІІІ орын).

2024 жылдың 8 қазаны күні Қала күні мерекесі аясында  «Бала барыс-2024» қалалық 32 байрақты бәсекесі басталды. 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы "Бала барысы - 2024" қалалық ашық біріншілігінің ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев арнайы қатысып, боз кілемде сынға түсетін сайыпқыран жас палуандарға сәттілік тіледі.

Дәстүрлі дода биыл 3-ші мәрте өткізілуде. Турнирге облысымыздың аудандарынан және қаладан күштеріне әдістері сай, ақыл мен айлаға бай мықты 32 жасөспірім қатысып бақ сынасты. Қатысқан адам саны-800 (32 қатысушы,  2- І орын, 2-ІІ орын, 2-ІІІ орын).

"Адал адам" мәдени-тәрбие орталығы жанынан құралған "Баймұрат батыр" клубтың ұйымдастырумен 20-наурыз "Ұлттық спорт" бұқаралық спортты дамыту мақсатында, волейболдан қалалық жарыс өткізіп, жарысқа ауыл мекемелерінен 6 топ қатысып, нәтижесінде 1-орын Баймұрат батыр жастары 2-орын, №218 орта мектеп тобы, 3-орын №215 орта мектеп тобы иеленді. Сонымен қатар жарысқа қатысушылар, сыйлықтармен дипломдар үздік номинациясымен марапатталды. (6 топ /36 адам/, 1-Іорын, 1-ІІ орын,  1-ІІІ орын).

«ART уақыт» бағыты бойынша «Өнер» атты клубының ұйымдастыруымен 22 қазан сағат 11:00 де Қазақстан Республикасы  күніне арналған «Қазақстан туған елім, ұлы өлкем!» атты қалалық  патриоттық әншілер  байқауы өткізілді. Шара барысында Республика күніне арналған видеоролик көрсетіп, шараны «Ақжарма мәденеиет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директоры құттықтап шараны ашты. Сонан-соң патриоттық байқауымызды саралайтын қазылар алқасы  Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, Халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші, қазылар алқасының төрағасы  Садықов Руслан Бекарысұлы, «Қалалық мәдениет Үйі» клубтар және халықтық ұжымдар мемлекеттік қазыналық кәсіпорын әдіскері, әнші қазылар алқасының мүшесі Жұбандықова Самал Нұралықызы және кітапхана меңгерушісі қазылар алқасының мүшесі  Жылқайдарова Әлия Сайдхасымқызы байқауымызды саралап, таразылап талапкерлердің өнерін тамашалап, әділ бағасын берді. Байқау ережесі бойынша 2 кезеңнен құралды. Бірінші ән міндетті түрде патриоттық тақырыпта жазылған ән, екінші ән өз қалауынша. Шара соңына қазылар алқасы тарызылай келе  Баймұрат батыр ауылы «Ақжарма мәдениетҮйі» КМҚК қызметкері  Қалданова Мақпал бас жүлде, Ж.Махамбетов ауылы  «Ақсуат мәдениет Үйі» КМҚК  Еркеғали Нұрғали I – орын, Қосшыңырау ауылдық округі,  Абай ауылының тұрғыны Қасымбай Айдана II – орын, Қосшыңырау ауылдық округі, «Абай мәдениет Үйі» МКҚК  қызметкері Бегежанов Елдос  III – орын иегері атанды. Қатысушы талапкерлерге қаржылай сыйлықтар мен дипломдар табысталды.        (10 өнерпаз, 1-бас жүлде, 1-Іорын, 1-ІІ орын, 1-ІІІ орын).

2024 жылы 23 қазан күні сағат 11:00-де еліміздің тарихындағы ерекше күн Республика күніне арналған "Қазақстан- туған елім, туған өлкем" атты мәдени шара және қалалық патриоттық ән байқауы болып өтті. Шарада Талсуат ауыл әкімі Е. Бейсенбаев және ардагерлер кеңесінің мүшесі Ж.Жүнісов ағай құттықтау сөз сөйлеп, өз қызметімен ауылдың өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.

         Патриоттық ән байқауына қалаға жақын орналасқан елді-мекендерден 6 талапкер қатысты. "ҚР мәдениет саласының үздігі" төс белгісінің иегері             С. Ұлықпанұлы төрағалық еткен, дәстүрлі әнші, педагог А. Ерниязова және театр әртісі Н. Ерден қазылық еткен байқаудың шешімімен Ақсуат ауылының өнерпазы Е. Нұрғали иеленсе, 1 орынды талсуаттық А. Шүкірбайқызы мен қосшыңыраулық А. Қасымбайлар бөлісті. 2 орынды тасбөгеттік Д. Тілеуберген мен қызылжармалық Ә. Айтжанбектер бөлісіп, 3 орынды Белкөлден келген өнерпаз Д. Есқали жеңіп алды. (10 өнерпаз, 1-бас жүлде, 2-Іорын, 2-ІІ орын,           1-ІІІ орын)

10 қараша Дүниежүзілік Жастар күніне арналған қала жастарының

«Q-Fest»  атты концерттік бағдарламаның мәліметі

 

2024 жылдың 1 қарашасы күні сағат 18.00 де "Арай sity mall" сауда орталығында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 10 қараша Дүниежүзілік Жастар күніне арналған қала жастарының «Q-Fest»  атты концерттік бағдарламасы болып өтті.

         Жас бишілер Аманжол Дастан, Әділет Әбенов және Нұрай, Пірмағанбет Маржан, сондай-ақ, Orda Drive, White Moon, ACTION би топтары өнер көрсеткен керемет кеште Ақбаев Нұрбол мен Өтенова Тоғжан әуезді ән шырқап, қала тұрғындарына жақсы көңіл күй сыйлады.

Қалалық мәдениет Үйі өнерпаздарының «Жалынды жыр, әсем ән» атты концерттік бағдарламасының мәліметті

         2024 жылдың қараша айының 12 жұлдызында сағат 10.00де Қызылорда қаласында орналасқан қарттар үйінде Қалалық мәдениет Үйі өнерпаздарының ұйымдастыруымен «Жалынды жыр, әсем ән» атты концерттік бағдарламасы өтті.

Шараның мақсаты: Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата-дәстүріміз. Жан дүниенің жомартығы мен адамдық даналықтың, азаматықтың кемел шағына деген құрметті көрсету. Қалалық мәдениет Үйі өнерпаздары қарттарымызға құрмет көрсетіп, өз өнерлерімен көңіл күйлерін көтеріп қайтты.

         Қамтылған көрермен саны: 100.

“Ақниетті әжелер ән салғанда” атты “Ақниет” әжелер ансамбілінің 10 жыл толуына орай қайырымдылық салтанатты концерті

         Қараша айының 15 жұлдызында сағат 11:00-де А.Тоқмағанбетов мәдениет Үйі мен “Абай мәдениет Үйі” МКҚК-ның ұйымдастыруымен №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына “Ақниетті әжелер ән салғанда” атты “Ақниет” әжелер ансамбілінің 10 жыл толуына орай қайырымдылық салтанатты концерті өткізілді. Аталмыш шара барысында әжелермен А.Тоқмағанбетов қызметкерлері Төлегенов Әзімхан мен Шүкіров Айбек жанды дауыста ән шырқап көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.Әжелердің өнеріне тәнті болған ем алушылар ризашылықтарын білдіріп, жақсы көңіл күймен тарқасты.

         Қатысқан адам саны -130

Жастар ресурстық орталығы мен А. Тоқмағанбетов мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық концертінің мәліметі

         20 қараша күні А. Тоқмағанбетов мәдениет үйінде ауыр науқасқа шалдыққан Болатбек Нартай мен Мықтыбекұлы Нұрсатке арналған қайырымдылық концерті өтті. Дертіне ем іздеп, көңіліне демеу іздеген балалардың ата-аналары сөз сөйлеп, жиылған жұртшылыққа алғыстарын білдірді. Ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқан ем шараларына жетіспеген қаражатты жинау мақсатында қаламызға белгілі әншілер өнер көрсетті.

Қатысқан көрермен саны- 300

«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасының «КІNO TIME» бағыты бойынша «Балуан Шолақ»  фильмі көрсетілімінің мәліметі

         21 қараша күні сағат 11:00-де А. Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде жасөспірім оқушыларға «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасының «KINO TIME» бағыты бойынша режиссер Нұргелді Садығұловтың «Балуан Шолақ» көркем фильмі көрсетілді. Фильмнің негізі қазақ палуан Балуан Шолақ атымен танымал болған Нұрмағамбет Баймырзаұлының өмірін көрсететін тарихи фильмді оқушылар жылы ықыласпен тамашалды.

Көрермен саны – 150

Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Әл-Фараби атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты, ақын Байбота Қошым-Ноғайдың

70 жылдық мерейтойына арналған «Көкірегі – көктем-жыр» атты әдеби-сазды салтанатты кештің мәліметті

          22 қараша күні қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері, жерлесіміз Байбота Қошым-Ноғайдың 70 жылдығына арналған «Көкірегі – көктем-жыр» атты әдеби-сазды кеш өтті.                                        А. Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен кеш арнайы жазылған тақырыптық қойылыммен басталды.Алашқа белгілі ақынның туған жер төріндегі шығырмашылық кешіне арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев шаһар басшысының құттықтау хатын табыстап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып құрмет көрсетті.

Әдеби-сазды кешті жазушы-драматург, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Жұмат Әлмашұлы жүргізіп, Байбота Қошым-Ноғайдың сан қырлы болмысын, шығармашылық ерекшелігі туралы кеңінен ақпар беріп отырды.

Кеш иесін құттықтауға шыққан Қазақстан Жазушылар Одағының Қызылорда облысындағы өкілі, белгілі ақын Қаршыға Есімсейітова, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Қатира Жәленова, балалар ақыны, педагогика ғылымдарының докторы Рахат Наурызбаевалар авторға деген жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Ары қарай қоғам қайраткерлері, Сыр елінің ардақты азаматтары Айтбай Көшербаев пен Өлмесхан Болатбеков ақынға деген ақжарма тілегін ақтарып, туған жер құшағындағы бұл кештің маңызы ерекше екенін тілге тиек етті.

         Ақынның балалық шағы мен жалынды жастық кезеңдерін сомдап, көрерменге ерекше әсер сыйлаған қалалық Жастар театры әртістері мен С.Сейфуллин атындағы №4 IT лицей оқушылары лирикалық өлеңдері мен балаларға арналған туындыларын оқып кеш көрігін қыздыра түсті.

Сондай-ақ, белгілі журналист, сатирик Нұрмахан Елтай, ақынның ізбасар інілері ақын Елубай Әуезов пен Қуат Адис, жас ақын Бексұлтан Санақұл мерейтой иесіне арнаған өлеңдерін оқып, ізгі лебіздерін айтты.

Сонымен қатар, ақын Байбота Қошым-Ноғай қорытынды сөз алып, туған жерге, кешті тамашалауға келген оқырманға, кешті ұйымдастырған ел азаматтарына шынайы алғысын жеткізді.

         Кеш соңында ақынның «Үлпет» атты жаңа кітабының тұсауы кесіліп, бірнеше кітабы көрермендерге сый ретінде ұсынылып, қала өнерпаздары Жарылқасын Оразғұлов, Айгерім Өмірбек, Елжан Берістенбаевтар әннен шашу шашты.

         Қатысқан адам саны: 250

"Рухани болмысты жаңғырту - ұрпақ ұлағаты" атты дәстүрлі облыстық ділмар - шешендер байқауының мәліметі

Ағымдағы жылдың 27 қарашасы күні А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде жастарды кітап оқуға қызықтыра отырып, қазақи қоңыр әңгіме айтуға қалыптастыру, бай сөздік қорымыз бен әдебиетіміздің негізінде көркем сөйлеуге үйрету мақсатында ұйымдастырылған "Рухани болмысты жаңғырту - ұрпақ ұлағаты" атты облыстық ділмар - шешендер байқауы болып өтті.

Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға облыс аумағынан әдебиетке құштар 12 оқырман қатысып, өз өнерін ортаға салды. Байқауға белгілі ақын, А. Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған "Қауырсын" жас ақындар үйірмесінің жетекшісі, ділмар-шешендер жобасының авторы Байдәулетов Мамыр Бәйментайұлы, Қызылорда облыстық филармония басшысының орынбасары, «Мәдениет саласының үздігі», жыршы Бүрлібаев Амандық Қуандықұлы, «Серпер» сыйлығының иегері, Құрмет грамотасының иегері, қалалық «Жастар» театрының директоры Нұрмат Мансұрлар қазылық етті.

   Шарт бойынша, қатысушылар қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы, ақын, аудармашы Тұрмағанбет Ізтілеуұлының «Рауа Бану» дастаны, Сыр бойының ақын-шайыры Омар Шораяқұлының «Жарлы Тәліп» дастандарының бірін  баяндады.

 Байқау нәтижесінде бас жүлдені Жалағаш ауданынан Жәли Ақбота,                       1-орынды Қызылорда қаласының №136 мектеп оқушысы Қанжаров Нұрали,         2-орынды Шиелі ауданынан келген Әбдірашит Шаттық, 3-орынды Қазалы ауданынан Қасым Гүлзар мен Қызылорда қаласы «Қазақ білім» ұлттық мектебінің оқушысы Жанұзақ Ақниет иеленді.

Қызылорда қаласы Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының оқушылары Мүсілім Ақжол Арнайы «Маржан сөз, қоңыр үн» номинациясына, ал Құрманай Әбілмансұр «Талаптың мініп тұлпарын» номинациясына ие болды. Қатысушы талапкерлер арнайы диплом, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

        Қатысқан адам саны - 240

Талсуат ауылы, «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» қызмет алушыларына арнап, Қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының

«Әлдилеген асыл ән» атты концерттік бағдарламасының мәліметті

         Үстіміздегі жылдың 28 қараша күні, сағат 16.00-де Талсуат ауылдық округінде орналасқан «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» қызмет алушыларына арнап, Қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының ұйымдастыруымен «Әлдилеген асыл ән» атты меркелік концерт өткізілді. Өнерпаздар әсем әндерін шырқап көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шара соңында Оңалту орталығының директорының әлеуметтік жөніндегі орынбасары Нұрмағамбетова Жазира Әділбекқызы сөз сөйлеп, Қайырымдылық концертте өнер көрсеткен барша өнерпаздарға Қызылорда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Оңалту орталығы» КММ директорының м.а. Т. Жакипбаевтың алғыс хатын табыстады.

А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған «ORDA DRIVE»  замануи би тобының 7 жыл толуына арналған шоу концерттің мәліметі

         2024 жылдың 28 қарашасы күні А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде заманауи би өнерін насихаттаушы жас дарын Тұржан Сұлтанбектің жетекшілігімен құрылған «ORDA DRIVE» би үйірмесінің өнер өлкесіндегі 7 жылдық белесіне арналған «BOLASHAQQA QADAM» атты шоу концерті өтті.

Кеш барысында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов құттықтау сөз сөйлеп, жас өнерпаздарға алғыс хаттар табыстады.

Жиылған жұртшылықтың ықыласына бөленген кеш қонақтары "Арайлы" би тобы, "Ақмарал" би студиясы, "SAMRUK dance" би тобы, "QOSYL PRO" кіші би топтары және әншілер Елжан Берстембаев пен Далида Асылбекқызы әуезді ән шырқап көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Қатысқан адам саны -300

«Нашақорлыққа жол жоқ!» атты акцияның мәліметі

         29 қараша күні А. Тоқмағанбетов мәдениет үйінде Қызылорда облысы әкімдігі мен облыстық прокоратураның ұйымдастыруымен 1 ай көлемінде нашақорлыққа қарсы акция жарияланғанына орай акция өтті. Акция аясында облыс көлемінде Қызылорда облыстық білім басқармасы, мәдениет және қоғамдық даму басқармасы және өзге де мемлекеттік мекемелердің атсалысуымен тақырыптық іс-шаралар өтуде.

Осы орайда бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Қызылорда қаласы прокуратурасының мұрындық болуымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты акция өтті.Акцияны ашып берген қалалық прокуратураның прокуроры Данияр Абылбекұлы қауіпті дертпен күресу мақсатында өңірде жасалып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.Ары қарай қала өнерпаздары әннен шашу шашып, акцияның көрігін қыздыр.

         Қатысқан адам саны – 150

«Жемқорлықсыз болашақ – әр азаматтың үлесі» атты форум бағдарламасының мәліметті

       9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, А.Тоқмағамбетов мәдениет Үйінде, ҚРСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен Қызылорда Қалалық мәдениет Үйінің өнерпаздарының «Жемқорлықсыз болашақ – әр азаматтың үлесі» атты форум өткізілді.

         Шара барысында республикалық «Саналы ұрпақ» слеті жеңімпаздары «Сыр жастары» тобы, және жас ақындар мүшәйрасы жеңімпазы Бүркітбай Сағыныш Еркебұланқызы, облыстық сурет байқауы қатысушысы Мүсілім Зере, Қорқыт ата университетінде өткен студенттер арасында «ANTIPARAGFT» интеллектуалды сайысының қатысушысы Анарбай Шамиль өз шығармашылық жұмыстарын таныстырды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Ахметқалиев Қуаныш, Қоғамдық даму басқармасының басшысы Қаюпов Руслан Мұхамедәліұлы сөз сөйлеп атаулы күнге орай ұйымдастырылған түрлі байқаулардың жеңімпаздарын марапаттады. Кеш ары қарай қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Қатысқан адам саны 250

Аймақ басшысының қатысуымен бас шырша шамы жағылды

 

         Үстіміздегі жылдың 17 желтоқсан күні, сағат 19.00 де Ы.Жақаев көшесі, арбат бойында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа жылдық шырша шамын жағу рәсімі болып өтті. Іс-шарада аймақ басшысы тұрғындарды алдағы жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

         «Жаңа жыл – жұртшылықтың асыға күтетін мерекесі, жайдары көңіл-күймен, зор үмітпен алға ұмтылатын айрықша сәт. Санаулы күндерден соң тарихқа айналатын 2024 жыл өңіріміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында облысымыз қарқынды өркендеу жолына түсті.

         Бас шыршаны жағу мәртебесі өз саласында үздік атанған жерлестерімізге – самбодан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы 6 дүркін ел чемпионы, жасөспірімдер арасында 2 дүркін Азия чемпионы, 2 дүркін Әлем чемпионы, спорт шебері Нұржан Тумырзаевқа, №187 М. Шоқай атындағы мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы, «Кенгуру лингвистик» халықаралық сайысының, «Зерде» республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы Аяулым Әбдіқадырға берілді.

         Мерекелік іс-шара көңілді концертпен жалғасты. Жергілікті өнерпаздар Айсұлу Әбді, Динара Қыдырбай, Аружан Төреғали кеш қонақтарына ән-жырдан шашу шашты.

         Қамтылған адам саны: 10000

Қызылода қаласы әкімінің қатысуымен өтетін жылды қорытындылауға арналған салтанатты шара

     Үстіміздегі жылдың 27 желтоқсан күні сағат 16.00 – де, А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өткен,  Қызылорда қаласының әкімінің қатысуымен жылды қорытыңдылауға арналған салтанатты шара өтті.

         Алты Алаштың анасы атанған – Қызылорданың астана мәртебесін иеленгеніне келер жылы 100 жыл толады. Бұл – жүз жылдықтың тарихы, тәуелсіздігіміздің тамаша тартуы, жетістіктеріміздің жаршысы, ұрпақ алдында ұлағаты мол ұлы қуаныш, торқалы той болмақ. 2025 жыл – елімізге ырыс-несібесімен келсін. Жаңа жыл толайым табыстарға толы берекелі, мерекелі жыл болғай. Сіздердің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! – деді шаһар басшысы Нұржан Сәбитұлы.

         Салтанатты шарада қаланың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани өрістеуіне үлес қосқан азаматтар марапат төрінен көрінді.  Бірқатар азамат облыс әкімінің  «Құрмет» грамотасымен және  саланың 20 майталманы «Жыл үздіктері» номинациясымен марапатталды. Кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, жергілікті өнерпаздар қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

         Қамтылған адам саны: 330

Жаңа 2025 – Жылан жылын қарсы алуға арналған мерекелік шара

         Үстіміздегі жылдың 31 желтоқсан күні, сағат 21.00 – де Ы. Жақаев көшесі Қалалық әкім ғимаратының Жаңа 2025 жылды қарсы алуға арналған мерекелік шара өтті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы бас шырша жанына жиналған жұртшылықты құттықтап, игі тілегін арнады.

2024  еліміз үшін де, аймағымыз үшін де өзгерістерге толы берекелі, жемісті, жетістіктері мол жыл болды. Баршамыз Жаңа жылды  ізгіліктің жаршысы деп қабылдап,  әрдайым жақсы жаңалық күтеміз.

Жаңа жыл еліміз бен аймағымыз үшін қадамы қарышты, толайым табысты болғай!», - деді облыс әкімі.

         Мерекелік кеште қызылордалықтар мен қала қонақтарына Аяз ата, Ақшақардың және жыл иесі – Жыланның құттықтауы, жергілікті өнер жұлдыздарының концерті, жыл жетістіктерін таныстыратын бейнеролик ұсынылды.

         Салтанатты іс-шара мерекелік отшашумен қорытындыланды.

         Қамтылған адам саны: 15000

Дата публикации
08 января 2025
Дата обновления
08 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы