
Қала экономикасында өңдеу өнеркәсібінің дамуы тамақ өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, химия және жеңіл өнеркәсіптері есебінен қалыптасқан.
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 2024 жылдың қаңтар-қараша айында 568 439 854млн. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 85,1% құрады.
Есепті кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда353 508 300 млн. теңгенің шикі мұнай өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 80,5 % құрады.
Өңдеуші өнеркәсіп саласында90 242 569млн.теңгенің өнімі өндіріліп өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 104,9 % құрады. Оның ішінде:
Жеңіл өнеркәсіп саласыбойынша1 084 878млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 182,2% орындалды. Оның ішінде,киім өндіру 775 720млн. теңгені өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 104,2%, тоқыма бұйымдарын өндіру
305 894млн.теңгенінемесе 453,4% құрап отыр.
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында 7 116 547млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 89 % құрады.
Химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 747 479млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 74,2% құрап отыр.
Резеңке және пластмасса бұйымдарыөндірісінде1 134 141млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен145,7 %орындалып отыр.
Машина жасау, жөндеу және орнату саласында есепті кезеңде16 652 544 млн.теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 90,3% құрап отыр.
Есепті мерзімде өзге металл емес минералдық өнімдерін өндіру(кірпіш, тауарлы бетон және темір бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар) саласы бойынша 29 491 346млн. теңгенің өнімі өндіріліп немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 125,6% орындалып отыр.