
Жұмыссыздық деңгейі. Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша 2023 жылдың қорытындысымен Қызылорда қаласында экономикалық белсенді халық саны 147128 адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,6 пайыз, облыста – 4,8 пайыз.
Жаңа жұмыс орындарын құру. 2024 жылы қала бойынша 12224 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып (тұрақты 6130), 01.01.2025 жылға 13458 жаңа жұмыс орны құрылды (110,1%), оның 6875-і тұрақты жұмыс орыны.
Жұмысқа орналастыру. 01.01.2025 жылға мансап орталығына хабарласқан азаматтардың саны – 26494, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан азаматтар – 4534, есепті кезеңнің соңына тіркелген жұмыссыздар саны - 4909, тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 3,3 пайызды құрады.
Жұмысқа тартудың белсенді түрлерінің бірі - қалада ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу арқылы жұмыссыздарға жұмыс берушілермен кездесуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 12 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 280 мекемеден жұмыс берушілері мен қадр қызметкерлері қатысып, 1977 бос жұмыс орындарына сұраныстар ұсынды. Өткізілген «Бос жұмыс орындары» жәрмеңке нәтижесімен 184 адам тұрақты жұмысқа тұрып, 1183 адам кеңес алды.
2024 жылға 25 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланып, бүгінгі күнге 25 адам жолданып6 жоспар толығымен орындалды.
Жаңа бизнес–идеяларды іске асыруға 520 адамға мемлекеттік грант беру жоспарланып, 520 адамға грант беріліп, жоспар толығымен орындалды.
Қоғамдық жұмыстарға 3682 адамды жолдау жоспарланып, 3682 адам жұмысқа тартылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарынаь 120 адамды жолдау жоспарланып, 120 адам жолданды.
Жастар тәжірибесі бойынша 1234 жас маманды жолдау жоспарланып, 1234 адам жолданды.
Алғашқы жұмыс орнына 72 жас маманды жолдау жоспарланып, 72 жас маман жұмысқа жолданды.
Ұрпақтар келісімшартына 1 адамды жолдау жоспарланып, 1 адам жолданды.
Күміс жас жобасына 686 адамды жолдау жоспарланып, 686 адам жолданды.
Жұмыссыздарды тіркеу
1. Жұмыс іздеуші адам уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен оның деректері мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы тексерілгеннен кейін жұмыссыз адам ретінде тіркеледі.
2. Мансап орталығынан, оның ішінде Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс туралы ұсыныс алған тіркелген жұмыссыз адам мансап орталығын ұсынылған жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен хабардар етуге тиіс.
3. Мыналар:
1) он алты жасқа толмаған;
2) жұмыспен қамтылған адамдар;
3) зейнеткерлік жасқа толған адамдар;
4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқ екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтерді ұсынған адамдар;
5) осы Кодекске сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;
6) сот шешімі бойынша түзеу жұмыстарына не қоғамдық жұмыстарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты түрде тағайындалмаған жағдайда, осындай жазаға сотталған адамдар жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді.
1) жұмыс берушінің өтінімі бойынша кәсіптік оқытуды аяқтағаннан кейін ол мәлімдеген жұмыс орнына жұмысқа орналасуға;
2) осы Кодекске және жұмыс іздеуші адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мансап орталығына бару немесе оны хабардар ету тәртібін, шарттары мен мерзімдерін сақтауға;
3) мансап орталығы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жұмыс берушіге жүгінуге;
4) мансап орталығына:
тұрғылықты жерін ауыстыруды;
тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
кәсіпкерлік қызметпен айналысуды;
ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін;
зейнетақы төлемдерін тағайындауды қоса алғанда, жұмыссыз адаммен одан әрі жұмыс істеу тәртібіне әсер ететін өзгерістер туралы мәліметтерді уақтылы, бес жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
Жұмыссыздарды есептен шығару
1. Мансап орталығы жұмыссыз адамды (әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын, уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тіркелетін және есептен шығарылатын адамдарды қоспағанда) мынадай жағдайларда:
1) мансап орталығы ұсынған лайықты жұмыстың үш нұсқасынан бас тартқанда немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелгеннен кейін лайықты жұмыстың ұсынылған нұсқаларымен келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы мансап орталығын, ал ауылдық елді мекендерде тұратын адам – кент, ауыл, ауылдық округ әкімін уақтылы хабардар етпегенде;
2) мынадай:
мансап орталығы хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орны бойынша;
мансап орталығына жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін шақыру бойынша үш жұмыс күні ішінде дәлелді себептерсіз келмегенде;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетінше тоқтатқанда;
4) жұмыссыз адамның осы Кодексте және жұмыс іздеуші адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында көзделген мансап орталығына бару немесе оны хабардар ету мерзімдерін дәлелді себептерсіз бұзғанда;
5) егер бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты түрде тағайындалмаса, жұмыссыз адам заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталғанда не мәжбүрлеп емдеуге жіберілгенде;
6) осы Кодекстің 99-бабының 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда;
7) көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен шығарады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) – 4) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң ғана мансап орталығына жұмыссыз адам ретінде қайта тіркеле алады.