Лого

Меню

Страницы

Статья

Тексеру барысында аудит объектісі орындауға міндетті

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392 «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 37 – бабының 2 - тармағы, 6-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің басшысы мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған қаржылық бұзушылықтары туралы хабардар етуге міндетті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағидалардың 101-1 - тармағына сәйкес  мемлекеттік аудит объектісінің басшысы аудиторлық есепті алған күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары мүдделеріне әсер еткен кәсіпкерлік субъектілері мен өзге де тұлғаларды ақпараттық жүйелер және/немесе электрондық пошта, сондай-ақ пошта байланысы арқылы жазбаша түрде анықталған қаржылық бұзушылықтар туралы хабардар етеді.

Апелляциялық комиссияға қарсылық берген кезде мемлекеттік аудит объектісі кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың аудиторлық есепке және/немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке ескертулерін ескереді.

Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жергілікті аудит объектілері болып табылатын мемлекеттік мекемелер мен  квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жүргізілген аудиторлық іс-шаралар (тексерулер)  нәтижелері бойынша  анықталған  қаржылық бұзушылықтар бойынша тиісті мүдделі тұлғаларды хабардар ету қажеттілігін назарларыңызға жеткізеді.

 

Қызылорда облысы бойынша ішкі

мемлекеттік аудит департаментінің

бөлім бас маман мемлекеттік аудитор

Прмантаев Мұстафин Айдарбекұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 июля 2024
Дата обновления
30 июля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты
22 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы
БЖЗҚ
22 октября 2026
Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы