
2024 жылдың 6 айында 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы өлім жітім бір деңгейде, 1000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 2,2 - 1852 құрады. (2023ж 6 ай -1834 жағдай, 2,2). Өлім жітім бір деңгейде.
Қан айналым жүйесінен өлім – жітім көрсеткіші 2024 жылдың 6 айында 11,8% төмендеп, 46,9-386 құрады (2023 ж 6 ай -53,2%-437).
Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық 2024 жылдың 6 айында 2,7% – ға төмендеп,100 000 тұрғынға шаққанда 83,8 яғни 689 науқасты құрады (2023 ж 6 ай – 86,2 - 705 науқас).
Қатерлі ісіктерден болатын өлім жітім 2024 жылдың 6 айында 10,7%- ға төмендеп, 24,1 - 198 құрады (2023ж 6 ай – 27,0 - 221).
Қатерлі ісіктерде ерте 1 сатысында анықтау көрсеткіші 2,4%-ға төмендеп, 31,9 - 218 құрады (2023ж 6 ай- 32,7- 228),
Сонымен қоса, қатерлі ісік ауруымен ауыратын науқастардың 5 жылдан аса өмір сүру көрсеткішінің үлес салмағы 50,0 құрап, 7,2%- ға төмендеген (2023 ж 6 ай - 53,9).
Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 2024 жылдың 6 айында 26,5 - 223 құрап, 6% жоғарылаған (2023 ж 6 ай- 25,0 – 209 науқас).
Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 2024 жылдың 6 айында 0,4 – 3 құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 33,3% төмендеген (2023 жыл 6 ай -0,6 – 5 науқас).