
2024 жылдың 1 шілдесіне Қызылорда қаласы бюджетінің кіріс бөлігі жалпы 107,7% (болжам 33 847,4 млн. теңге, нақты түскені 36 462,8 млн. теңге), оның ішінде қаланың өз кірістері 132,3% орындалған (болжам 11 997,7 млн. теңге, орындалғаны 15 868,5 млн. теңге), 3 870,8 млн. теңге артығымен түскен.
Жоғарғы бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен субвенция 100,0% түскен.
Шығындар бойынша:
2024 жылдың 1 шілдесіне қала бюджетінің бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша шығындары 99,3% орындалды (35 571,4 млн. теңге жоспардың атқарылуы 35 320,2 млн. теңге). Игерілмеген қаржы – 251,2 млн. теңге.