Лого

Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы II-тоқсандағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысы туралы ақпарат

2024 жылы Қызылорда қаласы әкімінің аппаратында I тоқсанда жеке және заңды тұлғалардан 1252 жолданым  келіп түсті. Оның ішінде: өтініш – 1144, шағым – 19, ұсыныс -30, басқа (хабарлама,сұрату, үн қосу) – 59.

ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес, "Е-өтініш" ақпараттық жүйесінде қала әкімінің аппаратына және қалаға қарасты дербес бөлімдер мен кент және ауылдық округ әкімдерінде өтініштер тіркеліп, орындалуда.

Келіп түскен барлық өтініштерді қала әкімі және тиісті саладағы жетекші салалардың басшылары қарайды, сондай-ақ өтініштердің қаралуына және орындалуына бақылау жүргізіледі.Қолданыстағы заңнамада көрсетілген мерзім ішінде жауап дайындалады және өтініш берушіге уақтылы жіберіледі.

Аталған мәселелер бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қамсыздандыру, коммуналдық шаруашылық, жер учаскесін сұрату және қосымша жерін заңдастыру мәселелері үнемі өзектендіріліп отырады.

Бұдан басқа, қала әкімінің аппаратында бекітілген кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауы тұрақты негізде жүргізіледі.

Есепті кезеңде қала әкіміне жеке қабылдауға 60 азамат, қала әкімінің орынбасарларына – 199 адам қабылдады. Азаматтарды жеке қабылдау барысында тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жер учаскелерін бөлу, әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін көтеріп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме берілді.

Қалалық бөлімдердің басшылары мен кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері өз қызметкерлері арасында құжат айналымының орындалуы туралы сұрақтарға жеке жауаптарды орындау және қарау тәртібі мәселелері бойынша кеңестер өткізеді, апта сайын орын туралы хабардар етеді және хаттарға талдау жүргізеді.

Дата публикации
12 июля 2024
Дата обновления
12 июля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы