
Кірістер бойынша:
2024 жылдың 1 сәуіріне Қызылорда қаласы бюджетінің кіріс бөлігі жалпы 106,6% (болжам 15 001,9 млн. теңге, нақты түскені 15 988,2 млн. теңге), оның ішінде қаланың өз кірістері 114,4% орындалған (болжам 7 130,7 млн. теңге, орындалғаны 8 155,8 млн. теңге) 1 025,1 млн. теңге артығымен түскен.
Жоғарғы бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен субвенция 100,0% түскен.
Шығындар бойынша:
2024 жылдың 1 сәуіріне қала бюджетінің бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша шығындары 99,9% орындалды (15 544,5 млн. теңге жоспардың атқарылуы 15 534,1 млн. теңге). Игерілмеген қаржы – 10,4 млн. теңге.
- Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер 99,4% игерілді (жоспар 1 106,0 млн.теңге, игерілгені 1 099,5 млн.теңге).
- Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер 100,0% игерілді (жоспар 4 399,3 млн.теңге, игерілуі 4 399,3 млн.теңге).
- Қалалық бюджет 100,0% пайызға игерілді (жоспар 10 039,2 млн.теңге, игерілуі 10 035,4 млн.теңге).