
Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2024 жылғы 1 шілдеге қорытындылары туралы
АҚПАРАТ
Ұлттық статистика бюросының облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 289 620,7 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 88,1%-ды құрады.
Мұнай ұңғымаларының сулануы салдарынан шикі мұнай өндіру көлемі 16,2% төмендеген.
Өңдеуші өнеркәсіп саласында 39 067,3 млн. теңгеге өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100,3%-ға артты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 2 224,2 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 107,3%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 110 162,7 млн. теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 135,2%-ға артты. Облыстағы үлесі 47,1%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 36 671,4 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 127,8%-ды құрады. Облыстағы үлесі 48,4%.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 191 021 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100,4%-ды құрады.
Қала бюджетінің 2024 жылдың 1 шілдеге кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 33 847,4 млн. теңгені құрап, 36 462,8 млн. теңгеге немесе 107,7% орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 11 997,7 млн. теңгенің орнына 15 868,5 млн.теңгеге немесе 132,3% орындалды.
Қала бюджетінің шығыстар жоспары 35 571,4 млн. теңге болса, ол 35 320,2 млн. теңгеге немесе 99,3% құрады.
Шағын кәсіпкерлік саласында қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 33 799 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 31 650 бірлікті құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 91,8% құрады.
Бөлшек сауда көлемі 188 523,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 102,7% құрады. Облыстағы үлесі 86,8%.
Бірыңғай индустриялық картасына енген жобалар, Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 27,6 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба жүзеге асырылуда, оның бүгінгі күнге 3 жобасы іске қосылып, жұмыс жасауда.
2024 жылдың маусым айында «Orda Glass LTD» ЖШС-нің (директоры Хань Лицзюнь) энергия үнемдейтін шыны өндірісі жобасы іске қосылды. Жоба құны 6,7 млрд. теңге. Қуаттылығы жылына 5 млн шаршы метр, жұмыс орны 25.
2024 жылдың 1 маусымға алдын ала деректерге сәйкес халық саны 359,1 мың адамды құрап, өсу қарқыны 1,8%. 2023 жыл қорытындысымен экономикалық белсенді халық саны 147,1 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,6%.
2024 жылдың 1 шілдеге жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 6 341 адам, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,3%.
Жыл басынан 6 677 жаңа жұмыс орын құрылды, оның 1983 - і тұрақты жұмыс орны.
Жыл басынан бері 3 172 адам қоғамдық жұмысқа, 100 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, жастар тәжірибесіне 328 жас маман жолданды.
Қала бойынша 2024 жылғы I тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 343687 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 114,5 пайызға артты, нақты жалақы индексі 105,8% болып қалыптасты.
Тұтыну бағасының индексі қаңтар-маусымына 107,8%, жоспарланған инфляция деңгейі 6-8%.