
Ұлттық статистика бюросының облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.
2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айына өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 636 347 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 92,1%-ды құрады.
Мұнай ұңғымаларының сулануы салдарынан шикі мұнай өндіру көлемі жыл басынан бері 448,6 мың тоннаға немесе 11,9% төмендеген (2022 жылы 12 айында -3769,6 мың тн, 2023 жылы 12 айында -3321 мың тн).
Өңдеуші өнеркәсіп саласында 99 648 млн. теңгеге өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 106 %-ды құрады.
Оның ішінде:
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруі 4,5%-ға, өзге де металл емес минералды өнімдерді өндіруі 30,3%-ға, машина жасау 15,6%-ға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу мен орнату есебінен 31,5% - ға ұлғайған.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 15 861,7 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 103,3%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 232 902 млн. теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 108,7%-ды құрады. Облыстағы үлесі 47,9%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 96 054 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 124,8%-ды құрады. Облыстағы үлесі 52,4%.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 450 735 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 110,6%-ды құрады.
Қала бюджетінің 2024 жылдың 1 қаңтарына кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 95 161,4 млн. теңгені құрап, 101 762,8 млн. теңгеге немесе 106,9 % орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 23 430,2 млн. теңгенің орнына 29 458,2 млн. теңгеге немесе 125,7% орындалды.
Қала бюджетінің шығыстар жоспары 95 161,4 млн. теңге болса, ол 93 718,5 млн. теңгеге немесе 98,5% құрады.
Шағын кәсіпкерлік саласында қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 34 764 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 32 375 бірлікті құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 100% құрады.
«Өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың бірыңғай индустрияландыру» картасы аясында Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 68,4 млрд. теңгені құрайтын 13 жоба (834 жұмыс орны) жүзеге асырылуда, оның бүгінгі күнге 5 жобасы іске қосылып, жұмыс жасауда.
Қала бойынша жыл басынан бері жалпы сомасы 24 467,0 млн теңгені құрайтын 1420 жоба қаржылай қолдау алып, 4 160 жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде:
- Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» аясында субсидиялау бағыты бойынша 13 690,0 млн. теңгені құрайтын 378 жоба қаржыландырылды.
- Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» аясында гранттар беру бағыты (400 АЕК) бойынша 633,4 млн. теңгені құрайтын 459 жоба қолдау алды.
- «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы ЖШС арқылы өз қаражаты есебінен жалпы құны 798,5 млн.теңгені құрайтын 82 жоба қаржыландырылды.
- «Аграрлық несие корпорация» АҚ арқылы «Жастарға арналған несие» (2,5%) бойынша жалпы құны 544,4 млн.теңгені құрайтын 115 жоба қолдау алды.
- «Аграрлық несие корпорация» АҚ несие корпорация микрокредиттері бойынша жалпы құны 1 244,3 млн.теңгені құрайтын 49 жоба қолдау алды.
- «Шағын және орта бизнес кредиттері бойынша ішінара кепілдендіру» арқылы 7 220,9 млн. теңгені құрайтын 292 жоба қаржыландырылды.
Бөлшек сауда көлемі 394 080,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 103,9% құрады. Облыстағы үлесі 85,8%.
2023 жылдың 1 желтоқсанға алдын ала деректерге сәйкес халық саны 355,8 мың адамды құрап, өсу қарқыны 1,8%. 2022 жыл қорытындысымен экономикалық белсенді халық саны 147,9 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,7%.
2024 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 3 325 адам, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2,2%.
Жыл басынан жаңа жұмыс орындарымен қамтылған азаматтар 16 954, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғаны 5 478 адам.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы аясында жыл басынан бері 3 194 адам қоғамдық жұмысқа, 189 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, жастар тәжірибесіне 1 330 жас маман жолданды.
Қала бойынша 2023 жылғы IІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 325 122 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 122,0 пайызға артты.