Лого

Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы I-тоқсандағы мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есеп

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары 51 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетілді.

2024 жылдың І тоқсан көлемінде қалада 24 мың 843 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

- 19 мың 71 қызмет қызмет қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ;

- 5 мың 175 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;

- 597 қызмет қызмет тікелей дербес бөлімдердің кеңселері арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Есепті кезеңдегі неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер – халықты әлеуметті қорғау және сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметтер, атап айтқанда:

- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» қызметі бойынша 8 мың 863 мемлекеттік қызмет көрсетілді;

- «Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметі бойынша
3 мың 732 мемлекеттік қызмет көрсетілді;

- «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» қызметі бойынша
2 мың 51 мемлекеттік қызмет көрсетілді;

Қала әкімдігі «Электрондық үкімет» порталының сервистері арқылы электрондық форматта қызметтерді алуды арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізу, БАҚ-та жариялау, брошюралар тарату, халық көп жиналатын жерлерде бейнероликтер көрсету және т.б.). Есептік кезеңде 6 мақала, 30 материал және 8 бейнеролик жарияланды.

Сонымен қатар, қала шегінде (С.Бейбарыс көшесі бойында) және қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде электронды мемлекеттік қызметтерді насихаттауға бағытталған «Е.gov веб-порталы» тақырыбындағы 10 билборд орналастырылды.

 

Дата публикации
10 апреля 2024
Дата обновления
10 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы