
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №9862 қаулысы негізінде «Қызылорда қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – «Бөлім») құрылып, 2018 жылдың 12 қаңтарда әділет органы арқылы мемлекеттік тіркеуден өткізілген болатын.
Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы болып 2018 жылғы 14 ақпандағы №10439 қала әкімінің қаулысымен Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалған.
Бүгінгі күнге дейін Бөлімге мемлекеттік сатып алуларды өткізу үшін, біріңғай ұйымдастырушы ретінде қалаға қарасты бағдарлама әкімшілерінен мемлекеттік сатып алу өткізуге түскен өтінімдер уақытылы веб-портал арқылы өткізіліп жатыр.
2020 жылдың қорытындысымен бөлімге қалаға қарасты 98 бағдарлама әкімшілерінен 12 млрд. 906 млн. 990 мың теңгеге 820 өтінім түсіп, конкурс жеңімпаздары анықталды. Оның ішіде, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында арнайы тәртіппен 55 жоба бойынша 8 млрд.555 млн. 503 мың теңгеге 374 конкурс өткізіліп, мердігерлері белгілі болды.
2021 жылдың 6 айлық қорытындысымен бөлімге біріңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуларды өткізу үшін, қалаға қарасты 31 бағдарлама әкімшілерінен 5 млрд. 989 млн. 957 мың теңгеге 330 өтінім түсіп, конкурс жеңімпаздары анықталды. Бағдарлама әкімшілерінің барлық конкурстары мерзімінде аяқталып, қаражаттары мерзімінде игерілуде.