Лого

Меню

Страницы

Статья

ТКШ бойынша атқарылған жұмыстар

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2022 жылға атқарылған жұмыстары

2022 жылы ұзындығы 4,6 шақырымды құрайтын С.Бейбарыс көшесінен «Қызылжарма» каналы – Назарбаев даңғылына дейін магистральды көше құрылысын толығымен аяқтау үшін қажетті 99,0 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлініп, нысан толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Жобаға сәйкес, ұзындығы 4,6 шақырымды құрайтын веложолақ, автобус аялдамалары, жаяу жүргіншілер жолы, суағарлар, жарық бағаналары және «Жібек жолы» каналы арқылы автомобиль көпірін салу қарастырылған.

Қалалық бюджеттен 258,8 млн. теңге бөлініп, ұзындығы 6,7 шақырымды құрайтын 14 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.

Сондай-ақ, мамыр айында өткен облыстық маслихат сессиясы шешімімен қаладағы ұзындығы 22,4 шақырым болатын 13 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1 592,6 млн. теңге бөлініп, 8 көшенің жөндеу жұмыстары бойынша мердігер мекемемен келісім шарт жасалды. Қалған       5 көше бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

Бұдан бөлек, 2 көшенің (Ж. Бекқожаев, Төле би) орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін 438,7 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Қаладағы ұзындығы 34,4 шақырым болатын 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу үшін, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына 781,6 млн. теңге бөлу үшін бюджеттік өтінім ұсынылды.

Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 105,7 млн. теңге қалалық бюджеттен бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, «Көшеков» ЖК-мен келісім шарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, бағдаршамдарды күтіп ұстау 17,4 млн. теңге, жол белгілерін орнату 17,2 млн. теңге, жол белгілерін күтіп ұстау 5,5 млн. теңге, жасанды тегіс еместік қондырғыларды күтіп ұстау 4,5 млн. теңге, жолүсті таңбаларын сызу 61,2 млн. теңге.

Автомобиль жолдарының жұмыс жасауын қамтамасыз ету бойынша Саламатов көшесіндегі автомобиль көпірін күтіп ұстауға 14,9 млн. теңге,         С. Бейбарыс көшесі мен Жаппасбай батыр көшелерінің қиылысындағы автомобиль көпірін күтіп ұстауға 11,2 млн. теңге, Ғ. Мұратбаев көшесіндегі автомобиль көпірін күтіп ұстауға 12,2 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Армир Сервис» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде.

Сумен жабдықтау және бұру жүйесінің жұмыс істеу бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласында орналасқан 11 ұңғымасын ағымдағы жөндеуден өткізуге 2022 жылы 30,2 млн. теңге қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысына сәйкес, «Gold Story LTD» ЖШС-і жеңімпаз атанып, жұмыстарын жүргізуде. Техникалық қадағалаушы – «Әсем-Құрылыс-Қызылорда» ЖШС-і.

Осы бағдарламаны іске асыру халықты қажетті мөлшерде және белгілен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келетін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қаладағы су құбырларының, су құбыры жүйелерін  ағымдағы жөндеуден өткізуге, сумен қамту объектілерінің жағдайын жақсартуға дайындауға бағытталады.         Сонымен қатар, көшелерді жарықтандыру бойынша жалпы 2022 жылы 722,7 млн.теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде көшеге жарық беру объектілеріне техникалық қызмет көрсету бойынша – 259,1 млн.теңге қаражат бөлініп, оның ішінде 178,9 млн.теңге көше жарық бағаналарын күтіп-ұстауға(мердігер ЖК «Кушеков»), 80,2 млн.теңге аулаішілік жарық шамдарын және 5 көзді жарық шамдарын күтіп-ұстауға (мердігер мекеме «Энергосервис» ЖШС) және 456,2 млн.теңге электр жарығын пайдаланғаны үшін төлем өтеу жұмыстары бойынша – 456,2 млн.теңге қаражатқа «Энергосервис» ЕЖШС-мен келісім-шартқа отырды.

Бұдан бөлек, Қызылорда қаласының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бойынша 2022 жылы 780,2 млн.теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражат қала көшелерін таза ұстауға, елді мекендегі санитарлық тазалықты сақтау жұмыстарын қаржыландыруға бағытталады және құм мен тұз араласқан қоспа сатып алуға 5,5 млн.теңге және тұрмыстық қатты қалдықтарды заласыздандыруға 50,8 млн.теңге қаражат бөлініп, ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» КММ-і санитарлық қамтамасыз ету бойынша қызметтерін атқарып келеді.

 Сонымен қатар, құрамында сынабы бар жарамсыз шамдарды жинау және залалсыздандыру жұмыстарына 9,5 млн.теңге қаражат бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

Қалада орналасқан бейіттердің аумағын тазалау және күтіп ұстауға, мәйітті және туған туысы жоқ мәйітті жерлеу орнын күтіп ұстауға 15,8 млн.теңге қаражат бөлініп, «ПромСтройСпектр» ЖШС-і жеңімпаз атанды.

Абаттандыру жұмыстары бойынша жалпы 2022 жылы 564,0 млн.теңге бөлінді. Атап айтқанда, мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру, машина және механизм қызметі, брусчатканы ағымдағы жөндеу, қоршауларды жуу мен сырлау, ескерткіштерді, су бұрқақтарын, аялдамаларды, аллея мен скверлерді, Қызылорда қаласының паспорттарын, контейнер алаңдарын, бильбордтарды, ҚР Тұңғыш Президенті саябағын, қаладағы балалар ойын алаңдарын күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстары жатады. Осы аталған жұмыстар бойынша «SKKB Construction» ЖШС-і жұмыстарын жүргізуде.

Көгалдандыру жұмыстары бойынша 2022 жылы 427,0 млн.теңге қаражат бөлінді. Атап айтқанда, жасыл екпелерді суаруға арналған насостарды күтіп ұстау бойынша мердігер мекеме ЖК «Кушеков» және арық желілері мен каналдарды тазалау жұмыстары бойынша «Barys2022» ЖШС-і жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда аяқ су насостарын қосу жұмыстары және арық жүйелері тазартылуда.

Қалада орналасқан талдарды күтіп ұстау, балақтау, ақтау жұмыстары және ұңғымаларды, символдар алаңын күтіп ұстау жұмыстары бойынша «SKKB Construction» ЖШС-і жеңімпаз атанып, жұмыстарын жүргізуде.

Қызылорда қаласында гүлдер және көгалдарды отырғызу, көшеттерді сатып алу және Қызылорда қаласындағы талдарды химиялық өндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.

Халық қатысатын бюджет жобасы бойынша 2022 жылға 2 жоба қолдау тапты. Атап айтқанда Қызылорда қаласы Б.Шөкенов атындағы саябақтағы балалар ойын алаңы мен баскетбол алаңын ағымдағы жөндеуге – 9,8 млн. теңге және Қызылорда қаласы Е.Әуелбеков көшесінен скважина бұрғылап, арық жүйелерін қалпына келтіруге – 9,8 млн.теңге қаражат бөлінді. Жоғары да аталған жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары нәтижесінде ЖК «Тулешов» жеңімпаз атанды.

Қалалық арық жүйелерін аяқ сумен қамтамасыз ету үшін Қызылорда қаласына 26 дана барлау өндірістік ұңғымасын орнату жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 98 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, нәтижесінде «Казгипроводхоз» өндірістік коперативі жеңімпаз болып танылды.

Қызылорда облысының әлеуметтік - экономикалық дамуы және экологиялық ахуалы Сырдария өзені бассейнінің кепілді сумен қамтамасыз етілуіне тікелей тәуелді.

Осыған орай, күрделі болып отырған аяқсу мәселесі бойынша Қызылорда қаласында су тапшылығының алдын алу мақсатында, барлығы 458 млн. теңгені құрайтын 31 дана техникалық ұңғымалар орнату бойынша республикалық бюджетке өтінім жолданып, Үкімет резервінен қолдау тауып отыр.

Оның ішінде қалаға  12 дана және қалаға қарасты кент, ауылдық округтерге 19 дана техникалық ұңғымалар орнатылады.

Мемлекеттік сатып алу заңдылығына сәйкес, тікелей шарт жасасу негізінде «Бақ-Береке» ЖШС-мен келісім шартқа отырды.

Қазіргі таңда, Қызылжарма ауылдық округінде 1 дана және Талсуат ауылдық округінде 1 дана аяқ суға арналған ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары толығымен аяқталды.

Сонымен қатар,Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі №217 орта мектептің жанынан және Қызылөзек ауылдық округінде аяқ суға арналған ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
20 июля 2020
Дата обновления
10 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы