
Кірістер бойынша:
2024 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда қаласы бюджетінің кіріс бөлігі жалпы 106,9% (болжам 95 161,4 млн. теңге, нақты түскені 101 762,8 млн. теңге), оның ішінде қаланың өз кірістері 125,7% орындалған (болжам 23 430,2 млн. теңге, орындалғаны 29 458,2 млн. теңге) 6 028,0 млн. теңге артығымен түскен.
Жоғарғы бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен субвенция 100,0% түскен.
Шығындар бойынша:
2024 жылдың 1 қаңтарына қала бюджетінің бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша шығындары 98,5% орындалды (95 161,4 млн. теңге жоспардың атқарылуы 93 718,4 млн. теңге). Игерілмеген қаржы – 1 442,9 млн. теңге.
- Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер 98,6% игерілді (жоспар 21 581,9 млн.теңге, игерілгені 21 277,8 млн.теңге).
- Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер 98,3% игерілді (жоспар 40 065,5 млн.теңге, игерілуі 39 373,9 млн.теңге).
- Қалалық бюджет 98,7% пайызға игерілді (жоспар 33 514,0 млн.теңге, игерілуі 33 066,9 млн.теңге).