Лого

Меню

Страницы

Статья

«Өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың бірыңғай индустрияландыру» картасы

Қызылорда қаласы бойынша «Индустрияландыру Картасы» аясында жоба құны 63.9 млрд.теңгені құрайтын 12 жоба жүзеге асырылуда.

 «Orda Glass LTD» ЖШС-ның «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасының өткен жылдың желтоқсан айының бірінші 10 күндігінде зауыт  іске қосылып, қазіргі таңда тұрақты өнім шығарылуда.

«Нұр Орда жолы» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында асфальтбетон зауытының құрылысы» жобасына оңтүстік өндірістік аймағы және Белкөл кенті аумағынан мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 4 га жер телімі ұсынылды. Зауыт тұрақты жұмыс жасауда.

«Вега Пром» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында құрғақ құрылыс қоспаларын шығару» жобасына Белкөл кентінен 2,9 га жер телімі берілді. Жоба тұрақты түрде жұмыс жасауда.

«ТриМо» серіктестігінің «Қуаттылығы жылына 500 тонна екіокись молибден ұнтағын үшокись молибден ұнтағына техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасының өндіріске орналастырылған қондырғылардың технологиялық процеске сәйкес келмеуіне байланысты жаңадан термотөзімділігі  және химиялық төзімділігі жоғары басқа қондырғы сатып алу қажет. Бұл жабдықты жобалауға, дайындауға, монтаждауға және сынақтан өткізуге Ресей елінен келетін мамандар шақыртылуда.

 «Ет комбинатының»  жобасының сыртқы инженерлік жүйелердің (су, газ, электр желісі) жобалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтті. «Бизнестің Жол Картасы - 2025» бағдарламасы аясында  2019-2020 жылдары облыстық бюджеттен су жүйесін жүргізуге  49,5 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, электр желісін тартуға өткен жылы 13,8 млн.теңге бөлініп, қаржы толық игеріліп, жобаға қажетті электр энергиясы жеткізілді. Ет комбинатының құрылыс жұмыстары қазіргі таңда қаржы мәселесінің туындауына байланысты құрылысы тоқтап тұр.

«Кызылорда Рефайнэри» ЖШС-нің «К4, К5 экологиялық кластағы мотор майларын өндіру» жобасы бойынша тұрақты электр қуатымен, газбен жабдықтауға, телекоммуникация желілерін тартуға және «Батыс Еуропа - Батыс-Қытай» автокөлік магистраліне түйісетін жолға техникалық шарттар алынды. Бүгінгі күні жобаның сыртқы инженерлік инфрақұрылымын жүргізу мақсатында техника-экономикалық негіздеме жоба бастамашысының өз қаражаттары есебінен әзірленуде.

 «Pump Trade KZ» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында «КОМАЗ» шағын арматура зауытын салу» жобасының бүгінгі күні жерді қоршау жұмыстары аяқталды. Әкімшілік және бақылау-өткізу бекетінің құрылыс жұмыстары басталған болатын. Дегенмен, қазіргі таңда қаржы мәселесінің туындауына байланысты жобаның құрылыс жұмыстары тоқтаған.

 «Orda TEXC» ЖШС-нің «Түйе жүнін өңдеу және төсеніш көрпе өндіру цехы» жобасына «Өндіріс» индустриялық аймағынан 2,2 га жер телімін беру шешімі қабылданды. Қазіргі таңда жерді рәсімдеу жұмыстары аяқталды. Қаржылық жағдайға байланысты жоба бастамашысы инвестор қажет етеді.

ЖК «Ақселеу» - дің «Күйдірілген қыш шығару шағын зауыты» жобасына «Өндіріс» индустриялық аймағынан 5 га жер телімі берілді. Қазіргі таңда жоба тұрақты жұмыс жасауда.

 «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» ЖШС-нің «Шыны талшықты және композитті материалдарды өндіру зауыты» бойынша Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Өндіріс индустриялық аймағынан 15 га жер телімі берілді. Бүгінгі күні инженерлік-инфрақұрылым жеткізу үшін жоба сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуге тапсырылуда.

 «Айғасар» ЖШС-нің «Ерекше балаларға арналған иппотерапия» жылқылы-сауықтыру клубын ашу және бие сүтін өңдеу цехын салу» жобасына мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 10 га жер телімін берілді. Қазіргі таңда жоба тұрақты жұмыс жасауда.

 «Кәусар» ШҚ-нің «Құс фабрикасының құрылысы» жобасына Қызылорда қаласынан 1,3 га жер телімі рәсімделінді. Қаржы мәселесін шешу жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
17 января 2024
Дата обновления
17 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы