
2023 жылғы 1 қыркүйек күні еліміздің ертеңін бағамдар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы жарияланды.
Мемлекет басшысының Жолдауы мемлекетіміздің алдағы дамуының жаңа кезеңін айқындап беретін Қазақстанның бұлжымас саяси дәстүрі.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған еліміздің бұған дейінгі жетістіктері мен табыстарын еселейтін, қажеттіліктер мен сұраныстарды қанағаттандыратын негізгі қоғамдағы біздің мемлекетімізді алға жетелейтін бағдарламалық құжат. Еліміздің стратегиялық даму жолының негізгі темірқазығы. Жолдауда Елімізді саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда реформалауды бағытталған ауқымды реформалар жоспары ұсынылған. Бұл реформалар еліміздің дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Жолдауда сайлау жүйесін жетілдіру, мәслихаттың рөлін арттыру, еліміздің әкімшілік - аумақтық құрылымын жетілдіру, жергілікті өзін- өзі басқаруды орталықсыздандыру, партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту барысы қамтылған.