
1974 жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, математика, инфформатика және ЕТ пәнінің мұғалімі, экономист.
Еңбек қызметі:
1995 ж. - Арал аудандық білім бөлімі, №15 мектептің математика, информатика және есептеу техникасы пәнінің мұғалімі;
1995 – 1999 жж. - Облыстық статистика және сараптама басқармасының экономисті;
1998 - 2004 жж. - Облыстық мәдениет басқармасының жетекші маманы, бас маманы;
2004 – 2005 жж. - Облыстық мәдениет басқармасының өнер бөлімінің бастығы;
2005 - 2006 жж. - Облыстық білім берудің жаңа технологияларымен информатизациялау орталығының маманы;
2006 – 2007 жж. - Қызылорда облысы білім департаментінің бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маманы;
2007 – 2014 жж. - Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
2014 – 2017 жж. - "Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ басшысы;
2017 ж. - Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» ШЖҚ МКҚК директоры;
2017 – 2020 жж. - Қызылорда қалалық білім бөлімінің «Қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» ММ директоры;
2020 ж. - «Ә.Тәжібаева Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» ММ директоры;
2020 – 2021 жж. - Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының тұрақты негіздегі төрағасы;
2021 – 2022 жж. - Н. Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының директоры;
2020 – 2023 жж. - Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы;
2023 жылдан бастап - Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының төрағасы.
Отбасы жағдайы:
Отбасылы.
Наградалары:
– «Сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (2023 ж.)
- «Ерең еңбегі үшін» медалі (2021 ж.)
- «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.)