
Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша «Индустрияландыру Картасы» аясында жоба құны 68,4 млрд.теңгені құрайтын 13 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобалар толық іске асырылған уақытта шамамен 835 жаңа жұмыс орындарын құру күтілуде.
«Orda Glass LTD» ЖШС-ның «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасының өткен жылдың желтоқсан айының бірінші 10 күндігінде зауыт іске қосылып, қазіргі таңда тұрақты өнім шығарылуда.
«Нұр Орда жолы» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында асфальтбетон зауытының құрылысы» жобасына оңтүстік өндірістік аймағы және Белкөл кенті аумағынан мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 4 га жер телімі ұсынылды. Жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, ағымдағы жылдың маусым айында бетон зауыты іске қосылып жұмыс жасауда.
«Вега Пром» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында құрғақ құрылыс қоспаларын шығару» жобасына Белкөл кентінен 2,9 га жер телімі берілді. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталып, жаңа цех іске қосылып, жұмыс жасауда.
«ТриМо» серіктестігінің «Қуаттылығы жылына 500 тонна екіокись молибден ұнтағын үшокись молибден ұнтағына техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасының өндіріске орналастырылған қондырғылардың технологиялық процеске сәйкес келмеуіне байланысты жаңадан термотөзімділігі және химиялық төзімділігі жоғары басқа қондырғы сатып алу қажет. Бұл жабдықты жобалауға, дайындауға, монтаждауға және сынақтан өткізуге Ресей елінен келетін мамандар шақыртылуда. Жоба іске асырылу сатысында.
«Ет комбинатының» жобасының сыртқы инженерлік жүйелердің (су, газ, электр желісі) жобалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтті. «Бизнестің Жол Картасы - 2025» бағдарламасы аясында 2019-2020 жылдары облыстық бюджеттен су жүйесін жүргізуге 49,5 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, электр желісін тартуға өткен жылы 13,8 млн.теңге бөлініп, қаржы толық игеріліп, жобаға қажетті электр энергиясы жеткізілді. Ет комбинатының құрылыс жұмыстары қазіргі таңда қаржы мәселесінің туындауына байланысты құрылысы тоқтап тұр.
«Кызылорда Рефайнэри» ЖШС-нің «К4, К5 экологиялық кластағы мотор майларын өндіру» жобасы бойынша тұрақты электр қуатымен, газбен жабдықтауға, телекоммуникация желілерін тартуға және «Батыс Еуропа - Батыс-Қытай» автокөлік магистраліне түйісетін жолға техникалық шарттар алынды. Бүгінгі күні жобаның сыртқы инженерлік инфрақұрылымын жүргізу мақсатында техника-экономикалық негіздеме жоба бастамашысының өз қаражаттары есебінен әзірленуде.
«Poom Trade KZ» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында «КОМАЗ» шағын арматура зауытын салу» жобасының бүгінгі күні жерді қоршау жұмыстары аяқталды. Әкімшілік және бақылау-өткізу бекетінің құрылыс жұмыстары басталған болатын. Дегенмен, қазіргі таңда қаржы мәселесінің туындауына байланысты жобаның құрылыс жұмыстары тоқтаған.
«Orda TEXC» ЖШС-нің «Түйе жүнін өңдеу және төсеніш көрпе өндіру цехы» жобасына «Өндіріс» индустриялық аймағынан 2,2 га жер телімін беру шешімі қабылданды. Қазіргі таңда жерді рәсімдеу жұмыстары аяқталды. Қаржылық жағдайға байланысты жоба бастамашысы инвестор қажет етеді.
«Қызылорда композиттік материалдар зауыты» ЖШС-нің «Шыны талшықты және композитті материалдарды өндіру зауыты» бойынша Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Өндіріс индустриялық аймағынан 15 га жер телімі берілді. Бүгінгі күні инженерлік-инфрақұрылым жеткізу үшін жоба сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуге тапсырылуда.
«Айғасар» ЖШС-нің «Ерекше балаларға арналған иппотерапия» жылқылы-сауықтыру клубын ашу және бие сүтін өңдеу цехын салу» жобасына мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 10 га жер телімін берілді. Бүгінгі күні, жерді тегістеу, қоршау және ат қораның құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда манеждің (ангар) құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе қаласына металл конструкция материалдарына тапсырыс берілуде. Құрылыс барысында 8 адам жұмыс жасауда
«Dana Quartz» ЖШС-нің «Айна шығару зауыты» жобасына мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Өндіріс индустриялық аймағынан
5 га жер телімін беру шешімі қабылдандып, жер телімі рәсімделінді.Жобаның ЖСҚ-ын әзірлеу жоспарлануда.
«Кәусар» ШҚ-нің «Құс фабрикасының құрылысы» жобасына Қызылорда қаласынан 1,3 га жер телімі рәсімделінді. Қаржы мәселесін шешу жұмыстары жүргізілуде.
Жеке кәсіпкер Б. Ұзақовтың «Қабырғалық және тротуарлық материалдарының өндірісі» жобасы2015 жылы іске қосылып аталған шағын зауытты жеке кәсіпкер «Ақселеу» Естаев Ерболат Жолдасбекұлы тарапынан өткен жылдың тамыз айында сатып алынды(Күйдірілген қыш шығару шағын зауыты). Жоба құны – 70 млн. теңге, жұмыс орны 7, жер телімі – 5 га. Қазіргі таңда жоба тұрақты түрде жұмыс жасауда.