
Ұлттық статистика бюросының облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.
2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 420 743 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 90,5%-ды құрады.
Өңдеуші өнеркәсіп саласында 61 232 млн. теңгеге өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 99,1 %-ды құрады. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 14,5 пайызы.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында 4 337,8 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 104,1 %-ды құрады.
2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 134 461 млн. теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 118,7%-ға артты. Облыстағы үлесі 52,0%.
2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 38 402 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 136,2 %-ға артты. Облыстағы үлесі 51,3%.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 348 029 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 121,4 %-ды құрады.
Қала бюджетінің 2023 жылдың 1 қыркүйегіне кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 45 333,8 млн. теңгені құрап, 51 503,3 млн. теңгеге немесе 113,6% орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 12 299,2 млн. теңгенің орнына 17 981,3 млн. теңгеге немесе 146,2% артық орындалды.
Қала бюджетінің шығыстар жоспары 45 333,8 млн. теңге болса, ол 45 103,1 млн. теңгеге немесе 99,5% құрады.
Шағын кәсіпкерлік саласында қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 36 697 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 33 814 бірлікті құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 19,2% артты.
«Өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың бірыңғай индустрияландыру» картасы аясында Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 68,4 млрд. теңгені құрайтын 13 жоба (834 жұмыс орны) жүзеге асырылуда, оның бүгінгі күнге 4 жобасы іске қосылып, жұмыс жасауда.
1. «Orda Glass LTD» ЖШС-ның «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты» жобасы. (2021 жылдың желтоқсан айында «Orda Glass LTD» ЖШС-ның Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты іске қосылды).
2. «Вега Пром» ЖШС-нің «Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша цехты кеңейту» жобасы.(Құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталып, жаңа цех іске қосылып, жұмыс жасауда)
3. «Нұр Орда» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында асфальтбетон зауытының құрылысы» жобасы (Жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, 2022 жылдың маусым айында бетон зауыты іске қосылып, жұмыс жасауда)
4. ЖК «Ақселеу» (ЖК «Ұзақов») «Күйдірілген қыш шығару шағын зауыты» жобасы.Қазіргі таңда жоба тұрақты жұмыс жасауда.
5. «ТриМо» серіктестігінің «Қуаттылығы жылына 500 тонна екіокись молибден ұнтағын үшокись молибден ұнтағына техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы.
6. «Кызылорда Рефайнэри» ЖШС-нің «К4, К5 экологиялық кластағы мотор майларын өндіру» жобасы.
7. «Poom Trade KZ» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында «КОМАЗ» шағын арматура зауытын салу» жобасы.
8. «Сыр-Маржаны» ЖШС-нің «Ет және ет өнімдерін өндіру және сақтау» жобасы.
9. «Orda TEXC» ЖШС-нің «Түйе жүнін өңдеу және төсеніш көрпе өндіру цехы» жобасы.
10. «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» ЖШС-нің «Шыны талшықты және композитті материалдарды өндіру зауыты» жобасы.
11. «Айғасар» ЖШС-нің «Ерекше балаларға арналған иппотерапия» жылқылы-сауықтыру клубын ашу және бие сүтін өңдеу цехын салу»жобасы.
12. «Dana Quartz» ЖШС-нің «Айна шығару зауыты» жобасы.
13. «Кәусар» ШҚ-нің «Құс фабрикасының құрылысы» жобасы.
Қала бойынша жыл басынан бері жалпы сомасы 15 362,5 млн. теңгені құрайтын 853 жоба қаржылай қолдау алып, 1 253 жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде:
- Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» аясында субсидиялау бағыты бойынша 8 222,5 млн. теңгені құрайтын 275 жоба қаржыландырылды.
- Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» аясында гранттар беру бағыты (400 АЕК) бойынша 262,1 млн. теңгені құрайтын 190 жоба қолдау алды.
- «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы ЖШС арқылы өз қаражаты есебінен жалпы құны 621,5 млн.теңгені құрайтын 71 жоба қаржыландырылды.
- «Аграрлық несие корпорация» АҚ арқылы «Жастарға арналған несие» (2,5%) бойынша жалпы құны 128,8 млн.теңгені құрайтын 29 жоба қолдау алды.
- «Аграрлық несие корпорация» АҚ несие корпорация микрокредиттері бойынша жалпы құны 790,5 млн.теңгені құрайтын 45 жоба қолдау алды.
- «Шағын және орта бизнес кредиттері бойынша ішінара кепілдендіру» арқылы 5 337,4 млн. теңгені құрайтын 243 жоба қаржыландырылды.
Бөлшек сауда көлемі 251 211,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 102,8% құрады. Облыстағы үлесі 87,5%.
2023 жылдың 1 тамызында алдын ала деректерге сәйкес халық саны 353,8 мың адамды құрап, өсу қарқыны 101,7%. 2022 жыл қорытындысымен экономикалық белсенді халық саны 147,9 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,7%.
2023 жылдың 1 қыркүйегінде жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 6 772 адам, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,6%.
Жыл басынан жаңа жұмыс орындарымен қамтылған азаматтар 8 578, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғаны 4 370 адам.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы аясында жыл басынан бері 2 972 адам қоғамдық жұмысқа, 189 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, жастар тәжірибесіне 872 жас маман жолданды.
Қала бойынша 2023 жылғы II тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 328 171 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 114,1 пайызға артты.