
2023 жылғы 17 тамызда Қызылорда қалалық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабы 2-тармағына сәйкес, Қызылжарма ауылдық округі әкімін сайлау бойынша өзін-өзі ұсыну тәртібімен Абдрахманов Шарип Акбарович кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімін сайлау бойынша кандидаттардың оларға ҚР Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалған Қызылжарма ауылдық округі әкімін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 10 - 23 тамыз аралығында (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.