Лого

Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың II-тоқсанында кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салаларында атқарылған жұмыстар туралы

Қала экономикасында өңдеу өнеркәсібінің дамуы тамақ өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, химия және жеңіл өнеркәсіптері есебінен қалыптасқан.

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 2024 жылдың қаңтар-мамыр  айында 236 829 619 млн. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 88,8% құрады.  Облыс бойынша өндірілген өнімнің  55,5% Қызылорда қаласының үлесінде.

Есепті кезеңде кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда         183 800 816 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 85,4%-ды құрады. Оның ішінде 170 033 730 млн. теңгенің шикі мұнай өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 84,2 % құрады.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында 32 051 054 млн.теңгенің өнімі өндіріліп өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 101,2 % құрады. Оның ішінде:

Жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша  238 515 млн. теңгенің  өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 143,7%  орындалды. Оның ішінде, киім өндіру  160 199 млн. теңгені  өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен  83,4 %, тоқыма бұйымдарын өндіру  78 316 млн.теңгені немесе 298,8% құрап отыр.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында 3 092 265 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 97,5% құрады.

Химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 347 564 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі  56,7% құрап отыр.

Резеңке және пластмасса бұйымдары  өндірісінде 398 424 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен  223,2% орындалып отыр.

Машина жасау, жөндеу және орнату саласында есепті кезеңде  5 305 938  млн.теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі  90,8% құрап отыр.

Есепті мерзімде өзге металл емес минералдық өнімдерін өндіру  (кірпіш, тауарлы бетон және темір бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар)  саласы бойынша 10 796 233 млн. теңгенің өнімі өндіріліп  немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 97,1% орындалып отыр. 

 

Дата публикации
05 октября 2022
Дата обновления
04 июля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы