
Ақсуат ауылдық округі әкімін сайлауда дауыс беру а.ж. 09 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 07:00 де басталады.
Ақсуат сайлау округі бойынша әкім лауазымына 4 кандидат ұсынылған, барлық кандидаттар өзін-өзі ұсынғандар.
1 кандидат тіркеуге дейін өз өтінішіне сәйкес бас тартылды. Осылайша, сайлауға қатысатын кандидаттар саны - 3.
Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
Ауылдық округ әкімін сайлауды ұйымдастырып, өткізуге 2 сайлау учаскесі (№227, №265 СУ), учаскелік сайлау комиссияларының 18 мүшесі және аумақтық сайлау комиссиясының 7 мүшесі тартылған.
Тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 5602 адамды құрайды.
Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы:
Тіркелген 3 кандидат: 2 – мемлекеттік қызметшілер, 1 – бюджеттік сала қызметкері.
Кандидаттардың барлығы – ер адамдар.
Кандидаттардың ешбірінің ғылыми дәрежесі жоқ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылмайды.
Мамандықтар бөлінісі бойынша: құқықтану – 1 (33,33%), есеп және аудит – 1 (33,33%), музыкалық білім – 1 (33,33%).
Кандидаттардың орта жасы - 42, ең жасы – 40 жаста, егделісі – 44 жаста.
Кандидаттардың барлығының ұлты қазақ.
Сайлау учаскелерінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттар, УСК қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген.
Сайлау комиссиялары сайлауды өткізуге дайын.