
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаулыны әзірлеуші орган болып табылады.
Қалы жобасы Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес әзірленді.
Жоба қабылданған жағдайда Қызылорда қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың шекаралары айқындалады.
Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған күні: 30/06/2023.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталындағы сілтеме: