
2023 жылғы 7 маусымда Қызылорда қалалық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, Ақсуат ауылдық округі әкімін сайлау бойынша өзін-өзі ұсыну тәртібімен 2 адам кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімін сайлау бойынша кандидаттардың оларға ҚР Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2023 жылғы 9 шілдеге тағайындалған Ақсуат ауылдық округі әкімін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 1 - 14 маусым аралығында (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.