Лого

Меню

Страницы

Статья

2023 жылға арналған Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы. 19 сәуірдегі № 3 қаулысымен бекітілген аудиторлық қорытынды

 

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2023 жылдың
19 сәуіріндегі №3 Қаулысымен бекітілген Аудиторлық қорытындының 3.3.2 тармағымен берілген тапсырманы орындау мақсатында төмендегіні хабарлаймын:

Рәсімдік бұзушылық.

  1. ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 4-бабының 6) тармақшасындағы нәтижелілік қағидаты сақталмай, жауапты орындаушылар тарапынан 2022 жылдың қорытындысымен облыстың даму жоспарымен қала бөлінісінде бекітілген нысаналы индикатордың
    4-уі бойынша күтілетін нәтижелерге қол жеткізілмеген.

       2022 жылдың қорытындысымен орындалмаған нысаналы индикаторлар-     4, оның ішінде:

  1. Нәресте өлімі-жітімі 1000 тірі туғандарға шаққандағы саны жоспар бойынша - 8,7, нақты – 10,8.

2022 жылдың қорытындысы бойынша тірі туылған 1 жасқа дейінгі 10 280 бала дүниеге келді (Қызылорда қаласы бойынша – 9 248, Байқоңыр қаласы бойынша - 1032). Оның  ішінде 111 бала шетінеп (Байқоңыр қаласы бойынша – 11 бала) тірі туылған нәрестеге шаққанда көрсеткіш 10,8% құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда (2021 ж. – 11388 тірі туылып, оның ішінде 107 сәби шетінеп– 9,4%).

111/10280*1000 = 10,8%

Қызылорда қаласы бойынша:

100/9 248*1000 = 10,8%

Жоспарлы индикатордың орындалмау себебі: Нәресте өлімінің себептерінің құрылымында  үшінші, төртінші және бесінші орындарды медициналық санитариялық алғашқы көмек жұмысындағы қателіктер салдарынан болатын басқарылатын себептер алып отыр (инфекциялық-жұқпалы аурулар, тыныс алу жүйесінің аурулары және жүйке жүйесінің аурулары).

Бірінші орында – перинатальды кезеңдегі жағдайлар

Екінші орында – туа бітті ақаулар

Үшінші орында – инфекциялық-паразитарлық аурулар

Төртінші орында – тыныс алу жүйесінің аурулары

Бесінші орында – жүйке жүйесінің аурулары

  1. Аналар өлім-жітімі жоспар бойынша -8,7, нақты – 29,2.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда қаласы – 1, Байқоңыр қаласы – 2 ана өлімі тіркеліп отыр.

3/10280*100000 = 29,2%

Қызылорда қаласы бойынша:

1/9 248*100000 = 10,8%

Негізгі себептері: жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдің жағдайын дұрыс бағаламау, тәуекел факторларының анықталмауы.

Қызылорда қаласына тікелей қатысы бар орындалмаған индикаторлар – 2.

  1. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы жоспар бойынша – 412,3 мың. ш.м, нақты – 407,4 мың. ш.м.

  Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 407 389 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 102,5 пайызға артты. 2021 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 397 369  шаршы метрді құрады.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесін ұлғайту жоспар бойынша -55%, нақты – 12,3%.

2.Қоғамдық жұмыстарға  2942 адам жолданып, мерзімін аяқтап жұмыстан шыққаны-2942, оның 217-ы тұрақты жұмыспен қамтылды (7,4%). Әлеуметтік жұмыс орындарына 206 адам жолданып, мерзімін аяқтап жұмыстан шыққаны-125, оның 118-і тұрақты жұмыспен қамтылды (94,4%).
Жастар тәжірибесіне 1108 жас маман жолданып, мерзімін аяқтап жұмыстан шыққаны-317, оның 78-і тұрақты жұмыспен қамтылды (24,6%). «Алғашқы жұмыс орны» жыл басынан 71 адам жұмысқа жолданып, мерзімін аяқтап жұмыстан шыққаны-18, оның 3-і тұрақты жұмыспен қамтылды (16,7%). «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша 5 адам жолданды. «Күміс жас» жобасына 38 адам жолданып, мерзімін аяқтап жұмыстан шыққаны-7, оның 4-і тұрақты жұмыспен қамтылды (57,1%). Жұмыс орындарына жолданғандар–4370, мерзімін аяқтап жұмыстан шыққаны –3409, тұрақты жұмыспен қамтылғандар – 420.

420/3409*100 = 12,3%.

Нысаналы индикатордың орындалмауы зейнеткерлікке, бала күтіміне байланысты шығып кеткендер себебінен және қоғамдық жұмысқа жолданған адамның басым көпшілігі егде жастағы, белгілі бір мамандығы жоқ, тұрақты жұмыс таппай жүрген азаматтар болғандықтан тұрақты жұмыспен қамтылуы қиындық туғызуда.

  1. Бюджет кодексінің 79-бабының 2-тармағы, шешімді іске асыру қаулыларында бюджеттің уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар көзделмеген.

Қалалық мәслихат шешімін іске асыру туралы қала әкімдігінің қаулысында қаулының орындалуын бақылау бюджет саласына жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелінген және тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне бюджеттің уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету жөнінде қала әкімінің орынбасары тарапынан тапсырмалар беріліп, бақылауда болады.

Аудиторлық есепте көрсетілген рәсімдік бұзушылық алдағы кезеңдерде жұмыс барысында басшылыққа алынады. 2023 жылдың шешімді іске асыру қаулыларында (нұсқамадан кейінгі) аталған бұзушылықтар қалпына келтірілді.

  1. Бюджет кодексінің 38-бабы, 458 081 «Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беру» бюджеттік бағдарламасына 555 717,0 мың теңге 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік инвестициялық жобалар тізіміне қате енгізілген.

ҚР Бюджет кодексінің 47-бабына сәйкес аталған бюджеттік кредит облыстық бюджеттен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға берілуі себепті, ҚР Бюджет кодексінің 43-бабына сәйкес қалалық бюджеттің жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастардағы теңдігі принципін сақтау және облыстық, қалалық бюджеттердің, сондай-ақ олардың атқарылуы туралы есептерді қалыптастыру кезінде жоғары тұрған бюджетпен айырмашылықтар болдырмау мақсатында облыстық бюджетте бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілген 555 717 мың теңге кредит сомасы қалалық бюджетте бюджеттік инвестициялық жобалар тізіміне енгізілді.

Сонымен қатар, аталған жоба бойынша жоба-сметалық құжаттамалары мен мемлекеттік сараптама қорытындысы жасалып, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген.

  1. Бюджет кодексінің 44-бабының 1-тармағының 3)-тармақшасының «бюджетаралық қатынастар: аудандық, (облыстық маңызы бар қала) бюджет мен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің арасында трансферттермен реттеледі» - деген талабы сақталмаған, Тасбөгет, Белкөл кент әкімінің аппараттары мен Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Қызылжарма, Талсуат ауылдық округ әкімінің аппараттары атқаруға тиіс 802 669,6 мың теңгенің даму трансферттері 467-114 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасына жоспарланбағаны және төменгі деңгейге берілмегені анықталды.

Қызылорда қаласының «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 22 желтоқсандағы
№94-15/1 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда қаласының әкімдігінің
2021 жылғы 28 желтоқсанда № 1786 қаулысына сәйкес инвестициялық жобалардың жоба-сметалық құжаттамасы мен сараптама қорытындысын әзірлеуге қалалық бюджеттен 23 931,6 мың теңге және Қызылжарма ауылының 1,2,3 аудандарында (35 көше) қиыршық тас төсеу құрылысына облыстық бюджеттен 190 000 мың теңге, барлығы 213 931,6 мың теңге қаржы бөлінді. Себебі, кент, ауылдық округ бюджеттерінде «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және жайластыру» бюджеттік бағдарламасы болмағандықтан қалалық құрылыс бөлімінің 004 «Инженерлік –коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және жайластыру» бюджеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды.

Талсуат және Қарауылтөбе ауылдық округтеріне 150 орындық клуб құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы мен сараптама қорытындысын әзірлеуге 2022 жылы қалалық бюджеттен бағдарлама әкімшісі қалалық құрылыс бөлімінің 011 «Мәдениет объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы арқылы 19 096 мың теңге қаржы бөлініп, құжаттамалары әзірленіп 2021 жылы республикалық бюджетке ұсынылды. 2022 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде  2 клуб құрылысына 588 738 мың теңге қаржы қаралып, қалалық құрылыс бөлімінің 079 «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту» бюджеттік бағдарламасы арқылы құрылыс жұмыстары жүргізілді.

  1. Бюджет кодексінің 4-бабы, 9-тармақшасы негізділік принципі, 569 215,0 мың теңге салықтық емес түсімдердің тиімсіз жоспарланған.

Салықтық емес түсімдерде 201 713 «Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы коды 569 215,0 мың теңге жоспарланған. Оның ішінде АҚ «Ауылшаруашылығын қолдау қоры» арқылы ауылдық елді мекендердегі жас мамандарға берілген  кредиттердің сыйақысы түсірілуде. Ал, «Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін» және «Тұрғын үй жобалауға және салуға кредит беру» бағдарламалары бойынша берілген кредиттердің сыйақы сомалары  төлеушісі болмағандықтан орындалмаған.

2023 жылдың бекітілген бюджетінде бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы сомасы 201713 кодына жоспарланбағанын мәлімдейміз.

  1. ҚР бюджет кодексінің 4-бабының, 9-тармақшасы негізінде 2 бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 2022 жылы 524 995,0 мың теңге қаржы игерілмей, бюджеттік бағдарламаларында көзделген нәтижелердің көрсеткішеріне, яғни тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбеген.

Қалалық құрылыс бөлімі – 453 512,6мың теңге игерілмеген, оның ішінде:

- Үнемделген қаржысы 3796,9 мың теңге;

- Объективті себептерге байланысты игерілмеген қаржылар 448 078,4 мың теңгесі, оның ішінде шарттық міндеттемелердің уақтылы орындалмауына байланысты игерілмеген қаржылар;

Анықтама ретінде: 154,4 млн. теңге Талсуат және Қарауылтөбе а/о 150 орынға арналған ауыл клубы құрылысынан, 82,3 млн. теңге Сабалақ аумағындағы жеке тұрғын үйлер  секторының электр желісі құрылысы жобасынан, 15 млн. теңге Еңбек аумағындағы жеке тұрғын үйлердің электр желісі жобасынан, 35,3 млн. теңге СПМК-70 ауданындағы №2 тұрғын үйдің бас жоспар және телефон желілері жобасынан, 32,7 млн. теңге СПМК-70 ауданындағы №2 тұрғын кварталында 50 пәтерлі №8 тұрғын үй құрылысынан, 30 млн. теңге  Әл-Фараби ауданы су желілері құрылысынан жобасынан, 35,2 млн. теңге Талдыарал елді мекенінде тұрғын үйлердің электр желілері құрылысы жобасынан, 24,7млн. теңге Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 50 көппәтерлі №32,34 тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілері. Бас жоспар және абаттандыру жобасынан, 10,4 млн. теңге "Әбілхаир хан-Желтоқсан көшесі бұрышы Желтоқсан көшесінен КК-ға, Желтоқсан көшесі №34 темір жол, Қорқыт ата көшесі №15а темір жолдан КК-37 ішкі кварталына дейінгі өздігінен ағатын кәріз жүйесін қайта жаңғырту жобасынан, 8,3 млн. теңге Орбита аумағы электр желісі құрылысы жобасынан, 5,6 млн. теңге «Арай-Шұғыла аумағы электр желісі құрылысы жобасынан, 6,2 млн. теңге Қарауылтөбе ауылдық округі электр жеткізу желілерінің құрылысы жобасынан, 3,5 млн. теңге "ҚР ҰҚК ШҚД/ шекара қорғау департамент/ қоршауларын салу және қойма салу" жобасының ЖСҚ-сы мен мемлекеттік сараптамадан өткізу жобасынан, 1 млн. теңге Тасбөгет кенті "Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа" монша құрылысы жобасынан, ЖСҚ дайындау мен мем.сараптамадан өткізу жобаларынан 3,5 млн. теңге.

- Субъективті себептерге байланысты игерілмеген қаржылар 1 637,3 мың теңгесі, оның ішінде инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобаларынан конкурс шешімі анықталмауына байланысты игерілмеген.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 71 482,5 мың теңге игерілмеген, оның ішінде:

-Үнемделген қаржысы 5 710,3 мың теңге;

-Объективті себептерге байланысты игерілмеген қаржылар 5 757,2 мың теңгесі, оның ішінде шарттық міндеттемелердің уақтылы орындалмауына байланысты игерілмеген қаржылар;

Анықтама ретінде: 50 млн. теңге Қызылорда қаласы Назарбаев даңғылынан "Қызылорда-Құмкөл" трассасына дейін Сұлтан Бейбарыс көшесін қайта жаңғырту жобасынан, 5,0 млн. теңге аялдама орнату жұмысынан, 2,7 млн. теңге жолдарды салу жобаларының сараптама қорытындысын алудан, 0,4 млн. теңге «Жастар үйінің пәтер ішілік газ жүйелерін кеңейту» жобасына сараптама қорытындысын алудан, 1,1 млн. теңге  С. Бейбарыс көшесінен Жібек Жолы көшесіне дейін «Қызылжарма» каналы магистралды көшесін салу жобасының авторлық қадағалаушысының қаржысы келісім шарт мерзімі өтіп кеткен, 0,8 млн. теңге «26 дана тік дренажды ұңғыманың құрылысының» жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуден келісім шарт бұзылуына байланысты игерілмеген.

  1. ҚР Қаржы министрінің №540 бұйрығына сәйкес түсімдердің жылдық болжамдық сомаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеген және бұйрық шығарылмаған.

«Қызылорда қаласы қаржы бөлімінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы «2022 жылға арналған қалалық бюджет түсімдерінің жылдық болжам сомасын бекіту туралы» №34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бөлімнің 2022 жылғы 21 маусымдағы №15/2 бұйрығы уақытылы шығарылған, бірақ «Негізгі қызмет бойынша тіркеу журналына» уақытылы тіркелмеген.

  1. 151 ерекшелік бойынша коммуналдық қызметтерге алдын-ала төлем жасау салдарынан 3 мемлекеттік мекеме бойынша 2023 жылдың
    1 қаңтарына 66,1 мың теңге дебиторлық қарыз құралуына жол берілген.

Дебиторлық қарыздар салыстыру актісінің есепті айдан кейінгі айда берілетіндіктен қалыптасқан. Үстіміздегі жылдың сәуір айында бюджетті нақтылау барысында өткізілген қалалық мәслихат сессиясының шешімімен көрсетілген қарыздар бағдарлама әкімшілерінің жеке қаржыландыру жоспарларынан азайтылды.

  1. ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығы негізінде 4 мемлекеттік мекеме қаржылық есептілікті жеткізілген мерзімнен кеш тапсырған.

Қаржылық есептілікті тапсыру барысында бөлім тарапынан мекемелерге  есептілікті ұсыну мерзімі  белгіленіп, 28.12.22 жылы №04-05/1640 санды хат жолданған. Уақытылы тапсырылмаған мекемелер бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде Тасбөгет кенті әкім аппараты мен қалалық кәсіпкерлік мекемесі бойынша уақытылы жіберілген хаттары келесі күнмен тіркелгендіктен, кешіктірілген.  Барлық бағдарлама әкімшілерімен  есептіліктерді уақытылы тапсыру  жөнінде, атап айтқанда хаттарды уақытылы жолдау, есептіліктерді беттерін нөмірленіп, мазмұнын көрсетіп, түптеп тапсыру туралы  түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,  аталған рәсімдік кемшіліктерді қайталамау қатаң тапсырылды.

  1. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөліміне көлік инфрақұрылымын дамытуға 458-022-011 республикалық бюджеттен «Қызылорда қаласы «Қызылорда-Құмкөл» трассасына дейін Сұлтан Бейбарыс көшесін қайта жаңғырту» жобасына бөлінген қаржының 458-022-028 облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен бюджеттік кіші бағдарламасына қате отырғызылуы.

Аталған рәсімдік бұзушылыққа байланысты «Қызылорда қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  КММ-нің бас маманы Ә. Әливке әкімшілік айыппұл салынып, айыпұл сомасы толығымен өтелді (345,0 мың теңге).

  1. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан (қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі) шоғырландырылған қаржылық есептілік кітапша түрінде ұсынылмаған.

Барлық бағдарлама әкімшілерімен  есептіліктерді уақытылы тапсыру  жөнінде, атап айтқанда хаттарды уақытылы жолдау, есептіліктерді беттерін нөмірленіп, мазмұнын көрсетіп, түптеп тапсыру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,  аталған рәсімдік кемшіліктерді қайталамау қатаң тапсырылды.

Жоғарыда аталған №8 Нұсқаманың 3.3.2 тармағындағы талаптың орындалуы бойынша аудиторлық есептің рәсімдік бұзушылықтары назарға алынды және қалалық экономика және қаржы бөлімінің жауапты орындаушыларына ауызша ескерту берілді. (хаттама көшірмесі қоса жалғанды).

Сонымен қатар, Қызылорда қаласының мәдениет және спорт бөлімінің
Қ. Мұңайтпасов атындағы спорт клубының есепшісі А. Баймишеваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза, Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің статист маманы Л. Ибрашева мен қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор басшысы М. Нұрмахановаға ауызша ескерту берілген. (бұйрық, хаттамалар көшірмелері қоса жалғанды.)

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ә. Әлиевке салынған айыппұл толығымен төленген. (түбіртек көшірмесі қоса жалғанды).

Қалалық құрылыс бөлімінің қызметкерлері Э. Бөдешова,
Д. Джалимбетов, Н. Оразбек, М. Бобетаев, Н. Сүлейменов, Н. Абенова,
С. Күреңовтерге ауызша «ескерту» берілген. (хаттама көшірмесі қоса жалғанды)

Аудиторлық қорытындыда аталған заң бұзушылықтар назарға алынып, Қызылорда қаласының жергілікті бюджетінің жоспарлануы және атқарылуы, аумақтарды дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы барысында ҚР Бюджет кодексінің және өзге де заңдылықтар талаптарын қатаң басшылыққа алу бөлім қызметкерлері мен бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне түсіндірілді.

 

Дата публикации
18 мая 2023
Дата обновления
18 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы