
«Қызылорда қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаулыны әзірлеуші орган болып табылады.
Қаулы жобасы «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңының 19-бабына,«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес әзірленді.
Жоба қабылданған жағдайда, қалалық қоғамдық көліктерде электрондық билеттеу жүйесін пайдалануды арттырып, «көлеңкелі» бизнестің алдын алып, жолаушылар тасымалынан түсетін нақты түсім айқындалатын болады.
Ашық нормативтік құықтық актілердің интернет-порталындағы сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14505570