
Жер қатынастары саласы бойынша
Жер телімдеріне қатысты қала әкімдігінің 474 қаулы жобасы қабылданған, 141 сатып алу және 178 жалға беру, барлығы 328 келісім шарт жасалған, 17 жер комиссиясының отырысы өткізіліп, нәтижесінде 9526 құжаттың 8949 жер учаскесіне оң қорытындысы және 577 теріс қорытынды берілген.
Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Жалпы саны 1070 өтініш тіркелді.
2024 жылдың ІI тоқсаны бойынша – барлығы 1070 жеке және заңды тұлғаға мемлекеттік қызметтер көрсетілді .
Оның ішінде:
Қызмет көрсетушінің кеңсесі (құжаттама бөлімі) арқылы - 104 тұлғаға;
«Электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы – 966 қызмет көрсетілді.
«Қызылорда-Жезқазған» трассасы бойындағы жалпы көлемі – 980 гектар аумағынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің табысталуы туралы
«Бәйтерек» мөлтек ауданында берілген жер телімдерінің жеке тұлғалар тарапынан игеру мәселелері, атқарылған жұмыстар.
Облыс әкімдігінің 27.05.2013 жылғы № 148 қаулысымен бекітілген «Қызылорда-Жезқазған трассасы бойындағы жалпы көлемі - 980 гектар аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында жеке тұрғын үй құрылысы үшін 516 гектар, жолдар құрылысына 285,0 гектар, ортақ пайдаланудағы жасыл желектер үшін 19,0 гектар, әлеуметтік нысандар құрылысы үшін 51,0 гектар жер учаскелері белгіленген.
2005 жылғы арнайы жер кезектілігінде тұрған 11 163 азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында жер учаскелерінің көлемдерін 800,0-1000,0 шаршы метр аралығында орналастырылып 7587 азаматқа жер учаскесін табыстау мүмкіндігі жасалды.