Лого

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласының 2023 жылдың І тоқсаны бойынша

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары 63 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетілді.

2023 жылдың І тоқсан көлемінде қалада 50 мың 941 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

- 44 мың 254 қызмет қызмет қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (87%);

- 5 мың 69 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы (10%);

- 1 мың 618 қызмет қызмет тікелей дербес бөлімдердің кеңселері арқылы (3%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Есепті кезеңдегі неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер – халықты әлеуметті қорғау және сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметтер, атап айтқанда:

- «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметі бойынша 7 мың 606 (15%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.

- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» қызметі бойынша 5 мың 278 (10,4%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.

- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» қызметі бойынша
5 мың 174 (10,2%) мемлекеттік қызмет көрсетілді;

Қала әкімдігі «Электрондық үкімет» порталының сервистері арқылы электрондық форматта қызметтерді алуды арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізу, БАҚ-та жариялау, брошюралар тарату, халық көп жиналатын жерлерде бейнероликтер көрсету және т.б.). Есептік кезеңде 5 мақала және 30 материал жарияланды.

Сонымен қатар, қала шегінде (С.Бейбарыс көшесі бойында) және қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде электронды мемлекеттік қызметтерді насихаттауға бағытталған «Е.gov веб-порталы» тақырыбындағы 10 билборд орналастырылды.

 

 

 

Дата публикации
10 апреля 2023
Дата обновления
10 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы