
Қызылорда қаласында статистикалық мәліметке сәйкес, 2024 жылға
358 мың 235 халық, оның ішінде 101 мың 020 (ауыл жастары 11 997) 14 пен 34 жас аралығындағы жастар. Бұл қала халқының 28,1 пайызын құрайды.
Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын дамытуға 2024 жылы 19 млн.
381 мың теңге қаржы қаралып, бөлінген қаржыға 5 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.
Ақпарат ретінде:
Қала жастарына «Qosyl» деген атпен танымал болған қалалық жастар ресурстық орталығының қызметін 2024 жылдың қаңтар-маусым айында 3253 жас жас пайдаланды (Qosyl Acoustic-ке 49 жас, би залын – 933 жас, спорттық шараларға – 487 жас, үстел теннисіне - 906 жас, семинар-тренигтерге – 360 жас, кинотойм – 45, үстел ойындары – 103 жас, фото-видео – 43 жас, Jaidarman-327). Жастардың сұранысына орай орталықта WI-FI, коворкинг орталығы, спорттық секциялар, креатив фото-видео студиясы, би залы, жастар ұйымдары кабинеті тегін қызмет көрсетуде.
2024 жыл қаңтар айынан бері атқарылған шаралар саны - 177 шара, шараларға қамтылған жастар саны – 10138, тұрақты қамтылған жастар
саны - 2005, орталық қызметіне жүгінген жастар саны – 3253,
Орталық мамандарынан кеңес алған (онлайн/офлайн) жастар саны – 3337.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 28 жариялым жарық көрген, орталықтың @qosyl.mrc инстаграм парақшасында 7625 оқырман бар,
243 пост жарияланған, оның ішінде 96 бейнеролик, фейсбук парақшада
4973 достығы бар, 297 пост жарияланды.
«Qosyl kenes» кеңес беру бағыты бойынша жыл басынан бері
5 рет «Мүмкіндіктер алаңы» және қалаға қарасты кент және ауылдық округтер мен шет аймақтарда 3 рет «Көшпелі кеңес» өткізілді және @jumys.bar инстаграм парақшасында 97 бос вакансия жарияланды. Мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды насихаттауға бағытталған 6 тікелей эфир жүргізілді.
«Qosyl sport» жобасы аясында – 33 спорттық шара өткізіліп 935-ден аса жас қатысты. «Шыңды бағындыр» турникке тартылудан іріктеу кезеңі
20 аймақта өтті. Қаладағы ірі сауда орындары мен базарлардағы жастар арасында кіші футболдан «Достық кубогі» турнирі 2 рет,
«Ауыл әкімі кубогі» 3 рет өткізілді.
Сонымен қатар, орталық жанынан «Qosyl dance» заманауи би үйірмесі ашылып, Халықаралық және Республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындармен оралуда. Жыл басынан бері 5 мәрте би сайыстары тұрақты өткізілді.
Облыстық және қалалық деңгейде «Jaidarman» ойындары жыл басынан бері 5 рет өткізілді. Қазіргі таңда 33-ке жуық команда және 120-ден аса тұрақты ойыншысы бар.
Білім беру бағыты бойынша - жастар арасында «Qosyl quiz»,
түрлі тақырыпта интелектуалды сайыстар 4 рет өткізілді, «1.2.3. Старт» жобасы бойынша 5 тікелей эфир жүргізілді.
Құқық бұзушылық бойынша.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қала әкімдігі жанынан құрылған жедел топ, ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге жыл басынан бері 15 рет түнгі рейд жұмыстары жүргізілді. Қызылорда қалалық прокуратурасымен «Армандар орындалады» тақырыбында 13 рет кездесу өткіліп, «Тәрбие тал бесіктен» тақырыбында ата-аналар мен оқушыларға 3 рет жиналыс өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша кездесулер
айына 2 мәрте тұрақты түрде өткізіледі. Қаңтар-маусым айы 12 рет өткізілді.
«Qosyl Wave» жобасы
Ауыл жастарын әлеуметтендіру және шығармышылық қолдау көрсету мақсатында қалаға қарасты ауылдық округтермен кенттерде 1 айлық негізде мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Жыл басынан бері Қарауылтөбе, Талсуат, Қызылжарма ауылдық округтерінде аталмыш бағыттағы шаралар ұйымдастырылып орташа 10-нан аса спорттық, шығармашылық, интеллектуалды, ақпараттық шаралар ұйымдастырылуда.
Әлеуметтік жоба бойынша.
Қала жастары арасында патриоттық сананы қалыптастыру және отбасы құндылықтарын насихаттау бағытындағы іс-шараларды іске асыру» әлеуметтік қызметі бойынша жастар арасында патриоттық сананы арттыру бойынша жасөспірімдер арасында «Мен өз елімнің патриотымын» сайыстары ұйымастырлуда. Отбасы құндылықтарын насихаттау бойынша жас келіндер арасында «Келіні жақсының керегесі алтын» 3 байқау,
ата-аналармен 5 ұжымдық кездесу, психолог және заңгер мамандардың
5 жеке онлайн/офлайн кеңес берулері ұйымдастырылды. Мұнан бөлек,
қала мектептері мен ТжКБ мекемелерінің 60 психолог мамандарын оқыту тренингтері өтті.
«Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» жастар сыйлығын табыстау» әлеуметтік қызметі бойынша Әлеуметтік жоба жүзеге асыру кезеңінде техникалық мамандық жастарын насихаттау және топтастру мақсатында үйымдастырылған «Жас дәнекерлеушілер», «Жас тігіншілер», «Жас электриктер», «Жас аспаздар» байқаулары ұйымдастырылып жеңімпаздар анықталды. Шараларға 80 жас қатысты. Келесі кезекте «Жас құрылысшы» номинациялары бойынша байқау өтеді. Сонымен қатар, өңірде жастар саясатын жүзеге асырып жүрген азаматтарды мараппаттау мақсатында 5 азамат анықталатын болады.
«Қала жастарының қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша үйірме жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі бойынша үйірмелер жұмысын ұйымдастыру бойынша 7000 жастан сауалнама жүргізіліп нәтижесінде "Би", "Волейбол", "Үстел теннисі" және "Үстел ойындары" үйірмелері апта сайын қызмет көрсетуде. Үйірме қатысушылары арасында тұрақты сайыстар ұйымдастырылуда. Барлығы 70 қатысушы тұрақты қызмет алуда. 3000 жастың қатысуымен сауалнама ұйымдастылырып жастар дағдыларын дамыту бойынша 3 бағытта оқыту курстары анықталды. "Фотоаппарат негіздері", "Мобилография" және "Кәсіпкерлік". Мобилография курстары бойынша ІІІ топ оқытылып 20 жас аяқтап шықты.
«Жастар бастамаларын қолдау және шығармашылық бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі бойынша жастар мен жасөіпірімдерді тарта отырып "Шыңды бағындыр" қалалық турнирінің іріктеу сайыстары бойынша 20 аймақта 100-ге жуық жастың қатысуымен турникке тартылудан іріктеу өтті. Мұнан бөлек, жоспарланған ірі көлемді мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Жайдарман» ойындары,
«Өнер барысы 2024», «Жастар фестивалі» мен ашық аспан астындағы мерекелік концерт шілде-қыркүйек айларында ұйымдастыру жоспарлануда.
«Атаулы мерекелік күндерге бағытталған іс-шараларды өткізу» әлеуметтік қызметі бойынша Жастар мен жасөспірімдердің қатысуымен атаулы мерекелік күндер бойынша 12 түрлі акциялар, кештер мен концерттер ұйымдастылырылып, 8 мерекелік шара жоспарлануда. Шараларға барлығы
500-ге жуық жас қатыстырылды.
NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету бағытында атқарылған жұмыстар барысы туралы.
Қызылорда қаласы бойынша оқуға, еңбектенуге, ізденуге құлықсыз,
саяси және азаматтық белсенділігі аса төмен NEET жастардың
үлесі 4 587 адамды құрайды. Жастардың дерекқорын анықтау мақсатында сәуір айында, адрестік, базалық жұмыстар жүргізіліп, «Отбасылық цифрлық карта» базасында 4587 жас өзектендіріліп, 100 пайыз ақпараттары енгізілген болатын.
Алайда, соңғы өзкетендіру жұмыстары бойынша NEET санатындағы 2628 жастың мәліметтері базаға енгізіліп, 57,29% орындалды. Қалған 1959 жастың ақпараты бойынша шиеленіс картасы жасалды.
«Ozger Team» ұлттық бастамасы аясында Қызылорда облысында
«Ozger Orda» жобасы бастау алды. Жобаның негізгі мақсаты уақытша жұмыссыз жастарға жаңа дағдылар беру, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатысу үлесін арттыру. Қайтарымсыз гранттарға, шағын несилерге құжат әзірлеп тапсыру соның ішінде алаяқтардан сақтануды қоса алғанда, тұрақты жұмысқа орналасуға ықпал көрсету.
БҰҰДБ аясында кезең кезеңімен 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастарды «Тағылымдама» жобасы арқылы жұмыспен қамту жоспарлануда.
«Қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Комиссияның» 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген. Комиссия отырысы тоқсанына 1 реттен, жылына 4 рет өткізіледі. Жұмыс жоспарына сәйкес жыл басынан бері 2 рет комиссия отырысы өткізілді. Отырыста берілген тапсырмалар хаттамаға енгізілді.