
Егін шаруашылығы бойынша
Қызылорда қаласы бойынша биылғы жылы бекітілген сызбаға сәйкес 8 255 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырылды. Оның ішінде:Негізгі дақыл күріш 3856 га (2023 жылы 4 136 га), бидай 368 га, қант құмайы 40 га, жаздық арпа 2 га, жаңа жоңышқа 221 га, ескі жоңышқа 1317 га, картоп 130 га, көкөніс 1 330 га, бақша 990 га.
Мал шаруашылығы бойынша
Қала бойынша 2024 жылдың 1 маусымға мүйізді ірі қара 31 407 бас, уақ мал 34 724 бас, жылқы 21 224 бас, түйе 3 924 бас, құс 16 807 бас өсірілуде.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,6%-ға, жылқы 1,8%-ға, көбейсе, құс өсімсіз, қой-ешкі – 13,7%, түйе 3,7%-ға кеміген.
Есепті кезеңде қала бойынша барлығы 1089,4 тонна ет (тірі салмақта), 1707,0 тонна сүт және 0,3 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Өткен жылмен салыстырғанда өсім тиісінше ет өндіру 101,9%-ды, сүт өндіру 100,0 %-ды, жұмыртқа өндіру 100,4 пайызды құрады,
Техникалық инспекция саласы бойынша
2024 жылдың II тоқсанында ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы техникаларын жүргізуге 21 адамға куәлік беріліп, жеке және заңды тұлғаларға жаңа үлгідегі 157 дана техникалық паспорттар мен 157 дана мемлекеттік белгілер берілді. 16 дана кепілдік келісім-шарты мен қосымша келісім-шарттарын тіркеу және кепілден босатулар рәсімделіп, 14 ауыл шаруашылығы және жол құрылыс техникалары мемлекеттік техникалық байқаудан өткізілді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша
2024 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақыға 40,6 млн.теңге (110 маман) бөлініп, наурыз-мамыр айында 22 млн. 521,2 мың тг 61 маманға (1 маманға 369 200 тг) көтерме жәрдемақы берілді. Бюджеттік кредитке 524,2 млн.теңге (71 маман) бөлінді. Бөлінген қаржы қаржылық жоспарға сәйкес игерілетін болады.