
Қызылорда қаласы бойынша «Титов» тұрғын ауданы мекен жайында орналасқан жалпы көлемі 366 гектар жер учаскесі индустриялық аймақ болып белгіленді.
Аталған индустриялық аймаққа 5.7 млрд теңгеге қажетті инженерлік инфрақұрылымы жүйелері жеткізілді.
Индустриялық аймақтан жер көлемі 77,48 гектарды құрайтын 6 жер учаскесі инвесторларға табысталды. Жоба құны 42,2 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылды.
1. Жеке кәсіпкер «Ақселеу»-дің «Күйдірілген қыш шығару шағын зауыты» жобасы. Қазіргі таңда жоба тұрақты жұмыс жасауда.
2. «Orda Glass LTD» ЖШС-ның «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы. 2021 жылдың желтоқсан айында зауыт іске қосылды. Қазір таңда жоба тұрақты жұмыс жасауда.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы зауыт жанынан құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын электр үнемдейтін шыны зауыты іске қосылды.
Қалған 4 жобаға қатысты жүзеге асуы бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.
1. «ТриМо» серіктестігінің екіокись молибден ұнтағын үшокись молибден ұнтағына техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы.
2. «Pump Trade KZ» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында «КОМАЗ» шағын арматура зауытын салу» жобасы.
3. «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» ЖШС-нің «Шыны талшықты және композитті материалдарды өндіру зауыты» жобасы.
4. «Ayna Glass» ЖШС-нің «Жоғары технологиялық айна шығару» жобасы.