Лого

Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың I-тоқсанында мәдениет саласында атқарылған жұмыстар туралы

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасындағы тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының басты мақсаты мемлекеттік тілді меңгеру, дәрежесін бақылау тетіктерін енгізу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. 

Сонымен қатар, қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілге қажеттілік болуына, оның басқа тілдердің тұғырын одан әрі сақтау жағдайындағы тиісінше қолданылу сапасына және меңгерілу деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізіліп келеді. Қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің құжат айналымдарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне ай сайын мониторинг жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік тілде шығысталған құжат айналымы 2024 жылдың І тоқсан қорытындысымен 100 пайызды құрап отыр.

Есепті мерзімде қалалық мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тіл саясатын жүргізу мақсатында 30 әртүрлі іс-шаралар өткізілді. 

Оның ішінде: 1 облыстық байқау,  1 қалалық байқау, 28 әртүрлі бағыттағы шаралар.

 

Ономастика туралы

Бөлімнің үлкен бір міндеттерінің бірі ономастикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру. 

Ономастика саласындағы жұмысты жетілдіру барысында Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Қаланың 760 көшесінің 430 көшесі кісі есімімен, 263 көше тарихи жер-су атауларымен аталған, 107 шартты атау берілген.

           

Маңдайша жазулары және жарнамаларды ретке келтіру жайында

 

2011 жылы Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, осы Заңның 17-2 бабында көзделген құзыреттерді орындау қала әкімінің 2012 жылғы  23 қаңтардағы №2983 қаулысымен қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелді. Жарнамалық нысандарға келісім алуға жататын уәкілетті органдардың бірі ретінде белгіленген «Қалалық мәдениет және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу кезінде жарнама мәтінінің ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкестігі жайында келісім беріп келеді.

ҚР Тіл туралы Заңының 21-тармағына сәйкес қала орталығындағы жарнамаларды тексеру барысында 2024 жылы 33 нысанға түсіндірме жұмыстары және ескертпе хаттары таратылды. Сондай-ақ, 18 жарнама объектілеріне  келісім берілді.

 

 

 

Тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша

 

Бүгінгі күнге қала көлемінде 85 тарихи-мәдени ескерткіштер бар, оның ішінде республикалық маңызды - 4, жергілікті маңызда - 34 ескерткіш, алдын-ала есепке алу тізіміне ұсынылғандар саны – 47

Оның ішінде тарихи ғимараттар саны – 19, ескерткіштер – 36, және 29 бюсттер бар.

Қала көлеміндегі ескерткіштерді сақтау және пайдалану бағытында бірқатар шаралар жүргізіліп келеді, барлық ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары әзірленді.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу мақсатында қалалық қаржы бөлімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының аясында тиісті пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне берілді. Бүгінде тарихи ескерткіштерге қорғау міндеттемелері толтырылды.

ғимараттар саны – 19, ескерткіштер – 36 және 29 бюсттер бар.

Қала көлеміндегі ескерткіштерді сақтау және пайдалану бағытында бірқатар шаралар жүргізіліп келеді, барлық ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары әзірленді.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу мақсатында қалалық қаржы бөлімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының аясында тиісті пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне берілді. Бүгінде тарихи ескерткіштерге қорғау міндеттемелері толтырылды.

 

 

 

 

Мәдени көпшілік-шаралар бойынша

 

Жаңа жылдың алғашқы жәдігері!

 

                 Музей қызметкері өз әкесінің көзін көрген ерекше бұйымды құндылықтар қорғаны болар музейге табыстады. Жаңа жылдың алғашқы жәдігерін құтты орнына қойып, өскелең ұрпақтың назарына ұсынбақпыз. Бұл ерекше экспонат отты жылдардың, талай зұлматтың куәгері болған соғыс ардагерінің қолданған бұйымы.

                 «Әкем Ишанқұл отты жылдардың куәгері, талай зұлматты басынан кешкен жан. Көзінің тірісінде өзі үшін құнды заттарын көздің қарашығындай сақтап, ұрпағына аманаттап кетті. Бұл жәдігер сол әкемнің өмірінің соңына дейін пайдаланған тұрмыстық заттары. Соғыс басталмай тұрып жасалған  бұл бұйым ғасырға жуық уақыт қолданыста болды. Енді, міне, заңды орнына тапсырмақшымын», - дейді соғыс ардагері Ишанқұл Төребаевтың Қызылорда қаласының тарихы музейінде қызмет атқаратын баласы Төребаев Ислам Ишанқұлұлы.

                 Осынау тұрмыстық бұйымның иесі Ишанқұл Нұрсейітұлы 1920 жылы 1 қаңтарда дүниег екеліп, 1979 жылы 5 қаңтарда дүниеден озған. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, 1943 жылы тұтқынғат үседі. Кейін соты болып, тар қапаста біраз жылын өткізген, амнистия беріліп, бостандыққа шыққан. Ашхабат түрмесінде жүріп,  отбасын құрған. Сол жақта үйлі болып, он екі баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты анна алғашқы қосперзентін түрме қабырғасында дүниеге әкелген. Олжақтан 1953 жылы елге оралып, адал еңбегімен отбасын асыраған жан.

                 Көнетоз бұйымды қолынан тастамай, ерекше ұқыптылықпен сақтаған Ишанқұл ақсақал, отбасына адал, қолынан талай іс келетін шебер болған. Еңбеккеш, әрдайым жан-жағындағыларға қолынан келгенше көмегін аямаған. Сондықтан жаңа жылдың алғашқы жәдігерінің біз де музей төрінде тұрғанын құп көрдік!

 

Тағылымы мол, әсері ерек жер!

 

«ЖАС ЭКСКУРСОВОД» жобасы

Музей - мәденимұра. Осы тағылымы мол дүниеден жасұрпақтың алар өнегесі орасанзор. Соның айқын дәлелі ретінде туған жеріңді құрметтеуге тәрбиелеп, ғасырлардың куәсі болған жәдігерлер дін асихаттау, олардың тарихына үңіліп, дүниетанымын толықтыратын Қызылорда қаласының тарихы музейінде ұйымдастырылатын бірі әрі бірегейі - «Жас экскурсовод» танымдық жобасы.

Мәдени құндылықтарға толы жәдігерлер туралы деректермен қызықтыра, қаламыздың тарихын, қазақ батырларымыздың ерлігін, зиялы қауымның елі үшін жасаған еңбектерін толық жеткізе біліп, өздеріне жүктелген міндеттерін "Болашақ Жоғары Колледж" ШТ-23/9Г студенттері абыроймен алып шықты. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынға ие болған –Егемберген Мерей, ІІ орын – Серік Гаухар,  ІІІ орын  иеленгендер – Нұрланқызы Аяулым, Серікбай Фариза. Жоба барысында жас экскурсоводтардың музей қонақтарын сүйемелдеуі, тақырып соншалықты терең және танымды болып, тыңдаушылардың алғысына бөленді, дайындықтары жоғары бағаланып, көрермендердің қошеметіне ие болды.

Кезекті жобаның ең үздік экскурсоводын, яғни жеңімпазды анықтауға жобада қазылық жасаған:

  1. Қызылорда ашық университетінің тарих пәнінің мұғалім іЕрбозым Орынбасар Жарасқанұлы;
  2. Қызылорда ашық университетінің қазақтілі пәнінің мұғалімі Махмутова Ақнұр Ермухамбетқызы;
  3. №211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қаракеева Ұлман Құрманбекқызы, сонымен қатар қала тарихы музейі қызметкері, экскурсовод Алтын Сәдірқызыатсалысты.

Зор үлесін қосқан тәлімгер «Болашақ» университетінің жоғарғы колледжі оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-зерттеуші Қыпшақбаев  Қанат Зейнуллаұлы арнаулы Құрмет грамотасымен марапатталды.

Шара соңында әділ қазылар және студенттер өздерінің жылы лебіздерін айтып, музей қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Ата-бабамыздан қалған ұлттық құндылықты білу, олардын асихаттау – бізге артылған жауапкершілігі мол міндет!

Жеңістеріңіз  құттыболсын!

      

 

 

«Тарихта ардагерлер асқан баға»

 

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Қызылорда қаласының тарихы музейінің ұйымдастыруымен Ауған соғысының ардагерлері Жакебаев Талғат Назарбекұлы және де Құтпанов Меңлібек Ибадуллаұлыа ғаларымызбен «Тарихта ардагерлер асқан баға» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ауған соғысының ардагерлері әскери қызметі туралы естеліктермен, тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі, қиын қыстау кезеңдердеб астан кешкен күндерін баяндап, жасұрпақты бүгінгі бейбіт күннің қадірін түсінуге, жастарды отанын сүюге, өз елінің патриоты болуға шақырды.

Аталмыш шарада «Болашақ» жоғарғы колледжінің БҚ-23/9-2г тобының студенттері қатысып, ардагер ағаларымызды ңжанкешт іерліктері туралы өз ауыздарынан естіп, толғандыратын сұрақтарын қойды, әрі тиісті жауаптарын алып ашы қәңгімелесіп, сұхбаттасты.

 

    

 

 

 

«Ұлытұлға»

 

Үстіміздегі жылдың ақпан айының 9 жұлдызында Қызылорда қаласының тарихы музейінде көрнекті қоғам қайраткері Иса Тоқтыбаевтың туғанына 130 жыл (1894-1967) толуына орай өмір жолымен, шығармаларымен таныстыру, отанды сүюге тәрбиелеу мақсататында «Ұлытұлға» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ПД 23/5 тобының студенттеріне лекция оқылды.

 

        

 

 

«Тарихмұрасы – танымсарайы» 

 

Үстіміздегі жылдың 19 ақпанында қаламыздың терең тарихынан сыр шертетін жәдігерлерді жинақтау, Қызылорда қаласының

Тарихы музейінің қорын толықтыру, келер ұрпаққа насихаттау мақсатында «Тарихмұрасы – танымсарайы» атты мектепаралық ғылыми – жоба сайысы ұйымдастырылды.

Көненің көзі – тарихтың өзі! Тарих – сан ғасырлар бойы беті ашылмаған құпиялар мен сырларды бүгінгі жаңа дәуірге қайта жасақтаушы, өткен мен бүгіннің арасындағы көрініс. «Жәдігер жерде қалмайды» деген ұранмен жобақатысушылары және тәлімгерлер ізденіс жолымен жинаған  құнды заттарын белсенді түрде сайыс арқылы музей қорынатабыстады. Бүгінде музейге зергерлік бұйымдар, нумизматика, сонымен қатар көптеген тұрмысты қжәне этнография бұйымдары табысталды.

Сайыс нәтижесі: №253 орта мектебінің 5 «г» сынып оқушысы Сахи Нұрсерік бас жүлдеиеленді.

Жаханов Азамат Ғаниұлы, НұрсұлтанЕңлікке I дәрежелі диплом бұйырса, Қанатай Айзере, ҒаниСезім II дәрежелі диплом иеленді. Сағынтай Асылай, Айбекқызы Гүлім,  Сезім Әлібекқызы III дәрежелі дипломын қоржынына салды.

Ата-бабаларымыздан  бізге мирас болып қалған құндылықтарды, тарихи-мәдени мұраларды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару, ел арасында елеусіз жатқан құнды заттарды кәсіби тұрғыда сақтау – біздің үлкен міндетіміз!

Жеңістеріңіз құтты болсын!

 

  

 

 

«Тарихты білу – ұрпаққа парыз»

 

Үстіміздегі жылдың наурыз айының 26-шы жұлдызында« Жошы Ұлысының құрылғанына «800 жыл» толуына орай төл тарихқа деген қызығушылықты арттыру, жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу, тарихи санасын қалыптастыру, ата-бабаларымыздың жолын, батырлық, ерлік дәстүрін тыныс тіршілігін, халқымыздың әлем тарихында алатын өзіндік орнын насихаттау максатында «Болашақ» жоғарғы колледж студенттеріне «Тарихты білу – ұрпаққа парыз» тақырыбында лекция оқылды.

 

 

 

 

1 наурыз – «Алғысайтукүні»!

 

Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпы ұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Киелі қазақ жеріне, қазақ халқына қайырымдылығы мен кеңпейілділігі, даналығы мен қонақжайлығы үшін өзге ұлт өкілдері ашық аспана стында тату-тәтті өміркешіп жатыр.  Дала халқықиын-қыстау жағдайда бір-біріне қолұшын созып, иық тіреп көмек көрсеткен. Қаза қхалқы олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлтө кілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Қызылорда қаласының тарихы музейінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай түрлі этно мәдени орталықтарының бұйымдарынан «Тарихы шыр шерткен жәдігер» атты көрме ұйымдастырылды. Шара соңында музей экспозициясы таныстырылды.

Көктемнің алғашқы шуағымен бірге келген Алғыс айту күні мерекесі құтты болсын!

  

 

«Діни экстремизм» ұғымы және оның кешенді түрде талқылануының кейбір қырлары»

Қызылорда қаласының тарихы музейінде Экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде түсіндіру мақсатында қалалық орталық «Нұр» мешітінің бірінші наиб имамы Тобжанов Өміржан Жұмаділда ұлының қатысуымен «Діни экстремизм» ұғымы және оның кешенді түрде талқылануының кейбір қырлары» атты  жастар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға «Абылайхан» жоғарғык олледжінің студенттері қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салып, көптеген мол мағұламаттар алды. Мақсаты: жастардың бойларына рухани тәлім тәрбиені сіңдіру, дәстүрлі дін мен теріс ағымдағы діндердің айырмашылықтары туралы мәліметтер беру, діни экстремизм, терроризм жолдарының алдын алу.

 

8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні!

Бүгінгі бар тіршілік, жарықдүние, бақытты өмір аналарымыздың алақанында! Дархан жүректі, ақпейілді нәзікжандарға дүниедегі бар жақсылықты тілейміз! Бүгін 8 наурыз – Халықаралы қәйелдер күніне орай Қызылорда қаласының тарихы музейінің ұйымдастыруымен ү.ж. наурыз айының 6 жұлдызында сағ: 10-00 де ұлттық қолөнер туындыларын насихаттау, жүзеге асыру мақсатында Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің Қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығының қолөне ршебері Әбілдаева Айман Әбдірашқызының және үйірме шәкірттерінің қатысуымен «Өнегелі Ана» тақырыбында «Абылай хан» «Тігін өндірісі жәнек иімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша білім алушы студенттеріне шеберлік сынып көрсетіліп, көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ұстазы мен оқушылардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдары, атап айтқанда натюрморт түктікілемшелер, жұмсақ ойыншықтар, қоржындар т.б туындылар қойылды. Сонымен қатар,  қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарымен таныстырып, бір-бірімен тәжірибе алмасты. 

Шараның мақсаты – өңіріміздегі ұлттық өнерді насихаттау, халқымыз қастерлеген ұлттық өнеріміздің жасұрпақтарға үлгі боларлық тәрбиелік маңызын айқындау, жастарды қолөнер бұйымдарын жасап үйренуге шақыру, қолөнер шеберлерінің кәсібін дамыту болып табылады. Қамтылған келушілер саны - 35 адам.

      

“Наурыз тойы – мерекем, салт дәстүрім – берекем!

Халқымыздың ежелден желісі үзілмей келген салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары рухани-мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі.

Қызылорда қаласының тарихы музейінде Ұлыстың Ұлыкүні Наурыз мерекесіне арналған “Наурыз тойы – мерекем, салт дәстүрім – берекем! ”атты шара ұйымдастырылды. Келуші қала қонақтарына сан ғасырлардан бері қалыптасқан дәстүрлі ұлттық тағам Наурыз көже тарту етілді. №198 Ж. Нұрманов атындағы орта мектебіне Қызылорда қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырылып, мектепоқушылары ән-шашуларымен мерекелік тарту сыйлады.

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа береке әкелсін!

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалалық Орталық Кітапханалар Жүйесі бойынша 2024 жылдың 1-тоқсаны қорытындысы бойынша өткізілген іс-шаралар мәліметі

 

«Жаңа жыл – жаңа оқырман» атты кітапханалық акция

 

     Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 2 балалар кітапханасында «Жаңа жыл – жаңа оқырман» атты кітапханалық акция өткізілді. Акция – оқырмандарды кітапханаға тартудың, кітапхананы жарнамалаудың бір түрі. Бұл күні оқырмандар акцияға арнайы ұйымдастырылған  «Менің алғашқы кітабым», «Ертегі еліне жол сілтейтін кітаптар», «Кітаппен дос бол», «Жаңа жылда кітаппен бірге»  аттықызықты, түрлі-түсті кітап көрмелерімен,жаңа кітаптармен, мерзімді басылымдармен танысты. Ал кітапхананың алғашқы  11 жаңа оқырмандары өздеріне ұнайтын реттік саны бар оқырман формулярына ие болды. Кітапхана оқырмандарға қуанышты эмоциялар мен ең қызықты кітаптармен жағымды уақыт сыйлады. Қаысқан адам саны-18

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2061397264242638&set=pcb.2061398957575802

 

 

 

Жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы кітапхана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне, академик Дихан Қамзабекұлына берген көлемді сұхбаты туралы кітапхана оқырмандарымен дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЗК-169-5 мекемесінің кеңесшісі Есмаханов Жалғасбай, ТОО «Марден Қызылорда» мекемесінің инспекторы Садықов Бақытжан сұхбаттың еліміз үшін, халқымыз үшін  маңызының өте зор екендігін, мазмұнды да мағыналы сұхбатта айтылған мәселелердің бәрі ұлтымыздың болашақтағы  негізгі бағыт-бағдары, алтын қазығы деп, өз ойларын ортаға салды. Әрине бұл сұхбат маңызды мәселелерді назардан тыс қалдырмай, қоғам өмірінің барлық саласын қамтып, барынша жатық, түсінікті тілмен толыққанды берілген. Халық арасында түрлі  көзқарас, түрлі  пікір туғызған Қаңтар оқиғасы туралы, Қазақстанға Ресейдің әскери қызметшілерін шақыру туралы қойылған салмақты сауалға Президент егжей-тегжейлі тоқталып, сол бір дүрбелең қасіреттің басталуы, етек алып өрбуі, қандай қиын сындарлы сәттерді бастан кешуге тура келгені туралы айтылды.Осындай сындарлы уақытта Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев табандылығы мен қайсар мінезінің, батыл шешімдерінің нәтижесінде «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, қайсарлылық танытып, елдігімізді және егемендігімізді сақтап қалды. «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» тақырыбын арқау еткен бұл сұхбат ел өміріндегі көптеген түйткілді мәселелерді қамти отырып,  Мемлекетіміздің  бүгінгі даму сатысын айқындап берген  және әрбір Қазақстандыққа  жігер беріп, елдікті нығайтуға негіз болған сұхбат. Жаңа әділетті Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз деп санаймыз. Қатысқан адам саны-15

https://www.facebook.com/100011171538430/videos/pcb.2061568420892189/387218853680101

  

«Мәңгілік ел бастауы-рухани жаңғыру» атты кең көлемді  кітап көрмесінің мәліметі

 

             Қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері  Мұхтар Әуезов  «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген қанатты сөз қалдырған. Ұғына білген адамға бұл нақылдың астарында терең мағына жатыр. Мәні «Мәңгілік ел» идеясымен бір арнаға тоғысады. Бесігі түзу елдің ғана ғұмыры мәңгілік.  Осы орайда, медициналық жоғары колледж  студенттерінің қатысуымен жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада  өскелең  ұрпаққа «Мәңгілік ел» идеясын сіңіріп, мән - маңызын ұғындыру және ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру мақсатында «Мәңгілік ел бастауы-рухани жаңғыру» атты кең көлемді  кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман қауымға кеңінен насихатталды.

Шараға қатысушылар Ұлы Даланың қазақ тарихында  аттары алтын әріппен жазылған  даңқты ұл-қыздары, ел тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрескен тарихи  тұлғалар туралы дәстүрлі  әдебиеттермен және мерзімді басылымдар бетіне жарияланған мақалалармен жақын танысты. Көрмеге  қойылған  кітаптарымыздың  өскелең ұрпаққа  берері мол,- деп өздерінің жүрекжарды ойларын білдірді.

 Шараға 17 адам қатысты.

 

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2061980984184266&set=pcb.2061981747517523

 

  

 

«Бір Ел-Бір Кітап» акциясының мәліметі

 

          Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №8                                     Ж.Маханбетов  ауылдық  кітапханасы   «Бір Ел-Бір Кітап» акциясына  бойынша   жалпыхалықтық  оқуға таңдалған   қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі,   балалар жазушысы   Бердібек Соқпақбаевтың  шығармаларын насихаттау мақсатындағы  кең көлемді кітап көрмесін  ұйымдастырып,  жас оқырмандарға таныстырды.    Жас оқырпмандар  жазушының   «Менің  атым қожа»,   «Балалық шаққа саяхат» т.б   шығармаларымен қатар,   2024 жылғы мерейтой иелері   жайлы ақпарат алып, жаңа әдебиеттермен танысты. Қатысқан  адам саны-23

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2061601787555519&set=pcb.2061602424222122

 

           

№16 кітапхананың ұйымдастыруымен «Жаңа кітап Сіздер үшін!» атты онлайн библиофрешті оқырмандар назарына ұсынады.

Шара барысында кітапханашы кітап оқудың маңыздылығына тоқтала келіп, кітап қорына жаңадан түскен М. Есләмғалиұлының  «Әйтеке  би», Б. Қойшыбаевтың  «Комиссар Жүргенов», Т. Мағзұмовтың  «Алтай Алашы»,  З. Телеуованың «Көл жағалауындағы көмбе хикаят», «Қырық өтірік»  атты әдебиеттерге қысқаша шолу  жасалады.

Мақсаты:  Кітапханаға оқырмандар тарту, жаңадан түскен әдебиеттерді насихаттау.

https://www.facebook.com/kzorda.library/videos/1114679746562514

    

№13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  «Күләнда» бөбекжай балабақшасының «Ақкөгершін»  ересек  тобымен «Балабақшадағы  кітапхана күні» атты кітапхалалық   десант  өткізілді.

             Балабақша бүлдіршіндер  қызықты  ертегілерді дауыстап оқып, ертегілерден  өздеріне қойылған  сұрақтарға  белсене  жауап  берді. Үйдегі ата -  аналарынан  әжелерінен  естіген қызықты ертегілерін  айтып  берді. «Білімнің  көзі  кітапта»  аты  кітап  көрмесін бойынша балалар әдебиеті кеңінен таныстырылды.  

Мақсаты: Бүлдіршіндердің тіл  байлығын,  сөздік  қорын  толықтыру  және жетілдіру,  ертегі  айту арқылы балалардың ойлау  қабілетін  арттыру.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2064010880647943&set=pcb.2064011757314522

 

 

 

 

 

 

№15 Талсуат ауылдық кітапханасының  ұйымдастыруымен   DALA  CRAFTS құмыра жасау орталығында балалардың қол маторикасын,  ойлау қабілетін дамыту мақсатында  №178 орта мектеп оқушыларымен  қолөнер сағаты өткізілді.  DALA CRAFTS құмыра жасау орталығының шебері  Әсем Мұса ханмен бірге   оқырмандар өз қолдарымен саз балшықтан әр түрлі пішінде құмыра жасап үйренді.  Сумен балшықтан жұмыс істеудің балаларға,   олардың денсаулығына үлкен пайдасы бар. Қыш өнері көнеден бастау алған кәсіп түрі.Оның тарихы ғасырлар бұрын бастап алып, жасалу тарихы әртүрлі болып келеді.   Шара барысында жас оқырмандардың өнерге деген қызығушылықтарының ерекше екендігі көрінді. Қатысқан адам саны-15 https://www.facebook.com/photo/?fbid=2065841157131582&set=pcb.2065841927131505

 

    

 

№11 Талдыарал ауылдық  кітапханасында биылғы жылғы мерейтой иесі,  қазақ өнерінің шоқтары биік тұлғасы, талантты актер әрі режиссер Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойына орай "Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер" атты таным сағаты өткізілді. Шара барысында  Шәкен Аймановтың өнегелі өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен таныстырылды.  Шараның  мақсаты: жастардың ұлттық театр өнері мен киноға деген қызығушылығын арттыру. Өнер саласын таңдауларына  ықпал ету. Өнер саласындағы әдебиеттерді насихаттау.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2066434420405589&set=pcb.2066435357072162

 

 

 

 

           

№19 кітапханада Болашақ медициналық колледжінің 1-курс студенттерінің қатысуымен  «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Тарихтан  сыр шерткен Жанкент аңызы»-атты танымдық сағат өткізілді.Шара барысында: Бара барысында  Жанкент 0аласы жайлы   тарихи аңыздар айтылды. Бұл қалада исі түркі баласының абызы атанған Қорқыт атаның кіндігі кесілген.Қазақ өнерінде орны бөлек музыкалық аспап-қобыз да ең алғаш осы қалада жасалған деген дерек бар. Атақты Бегім ана оқиғасы туралы да айтылды. Көне шаһар өткен кезеңнің бір үзігі секілді.Үңіле берсең6   қаншама қазынаға кезігесің.https://www.facebook.com/photo/?fbid=2067072857008412&set=pcb.2067073520341679

 

  

      

 

№12 кітапхананың ұйымдастыруымен Қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығымен бірлесіп «Жаңа технология әлемі» атты танымдық сағат өткізілді.ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өңірінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталғалы бері өркениетті елдердің  тәжірибесі өмірімізге батыл енгізіліп,  барлық саласы компьютерлендірілді. Бұл ұлт болашағы үшін маңызы зор қадам дей отырып  кітапхана оқырмандарына робот түрлерімен таныстырылды.Мысалы: құрылымы жағынан андроид (адамға ұқсас етіп жасалған) және биоробот (адам мүшелерін пайдаланатын) болуы мүмкін. Жапонияның кейбір кафелерінде адам емес робот қызмет етеді екен. Сізге шай не кофе құйып бере алатын роботтар бар екен. Жұмыртқадан омлет пісіре алатындары да бар. Олардың бер әлпеті адамға ұқсас етіп жасалады.ИСО деген үлкен ұйымы роботтар түрлері пайдалану саласына байланысты өнеркәсіптік және сервистік деп бөледі.https://www.facebook.com/photo/?fbid=2068327713549593&set=pcb.2068328110216220

    

 

№1 кітапхана және С.Майқанова мәдениет үйімен бірлесе Терроризм және діни экстремизмді болдырмау мақсатында «Діни сауаттылық қоғам қауіпсіздігі» атты дін өкілдеріменкездесу кешін  өткізді.Шараның мақсаты:Экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру,оның түрлері,себептерімен зардаптарын, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік,құқықтық,діни сипаттарын ұғындыра отырып,оларды террорлық және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

            Шараға  Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Бақтияр Оспанов, Тасбөгет полиция бөлімінің мойоры Қилсов Асылбек қатысты. Шарада жалпы экстремизмнің пайда болуы надандыққа, қорсоқырлыққа биік апаратынын, қазіргі жастардың имандылыққа, дінге деген көзқарастарын оңынан қалыптастыруға, жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесіне ықпал ету, көшеде бостан бос жүруі, келеңсіз қылықтар жасап, жалпы қоғамдық тәртіпке бағынуы жайлы талқыланды.  «Дін және уақыт» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттер  кеңінен таныстырылды. Шара соңында С.Майқанова мәдениет үйінің  әншісі Лескен Ашықбай имандылық туралы ән шашуын арнады. Қатысқан адам саны-42

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2070785139970517&set=pcb.2070785653303799

 
   

 

 

 

 

№6 кітапхана №1 «Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-мен бірлесіп ұлттық әдебиетіміздің қалыптасуы мен елдің қоғамдық-рухани өмірінің дамуына зор үлес қосқан, өздерінің жазған түрлі тақырыптағы шығармаларымен адамдардың жаңа заманға сай, сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне ықпал еткен дарынды да қарымды қаламгерлеріміз С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлиннің 130 жылдық мерейтойларына орай «Үш бәйтерек – үш ғұмыр» атты 3 беттен тұратын ауызша журнал өткізді. Журналдың алғашқы бетінде ғибратты ғұмыр иелерінің өмір жолдары кеңінен таныстырылса, екінші бетінде шығармашылық еңбектері мен ол кісілер жайлы естеліктер айтылды, ал журналдың үшінші бетінде мекеме қызметкеркерлері Қалдыбек Ақерке, Бауыржан Жансая мен мекеме қызмет алушылары Әмитов Амангелді, Тілеуқабылов Болат С. Сейфуллиннің «Қазақ даласында», І. Жансүгіровтің «Туған жер», Б. Майлиннің «Жазғы кеш» және т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шара кітапхананың жас оқырманы Қалдыбек Еркенұрдың орындауындағы Құрманғазының «Адай» және «Тұран» ансамблінің «Ер Тұран» күйлерімен қорытындыланды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2071502583232106&set=pcb.2071503229898708

 

 

№12 кітапхананың ұйымдастыруымен  И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі студенттерінің  қатысуымен «Жемқорлық–ғасыр дерті» атты әңгіме сағаты өткізілді. Шара барысында   сыбайлас жемқорлықтың  жастар болашағына кері әсері мен алдын ала қарсы күрес жолдары әңгімеленіп, әдебиеттер таныстырылды.  Шараға қатысқан студенттер өздерінің пікірлерін ортаға салып,  колледждің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл жөніндегі комплаенс- офицері Бақдаулет Дербісәліұлы Дүрман әрбір адам  таза,   адал болуы керектігін, шынайы адал еңбек етуі керектігін айтып, жастарды жемқорлық дертінен аулақ болуға шақырды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2072147733167591&set=pcb.2072148989834132

 

 

 

 

№9  Ақжарма ауылдық    кітапханасы №218 мектеппен бірлесе отырып, «Бір ел – бір кітап»  республикалық  акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған  жазушы Б.Соқпақбаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Бала жанының бағбаны»атты әдеби кеш ұйымдастырды. Шара барысында ұстаз  Әбді Аружан  Бердібек Соқпақбаевтың өмір жолдары мен шығармашылығы жайлы айтып,  бейне баян  көрсетілді. Сонымен қатар  белсенді жас оқырмандар  Б.Соқпақбаевтың озық туындысы  «Менің атым Қожа» повесінен  шағын  сахналық көрініс көрсетті.«Балалар әдебиетінің бәйтерегі». атты кітап көрмесі  ұйымдастырылып,  жазушы шығармалары кеңінен  таныстырылды.  Қатысқан адам саны-55

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2072154826500215&set=pcb.2072155426500155

    

 

 

№13 балалар кітапханасыныңұйымдастыруымен«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында  балалар жазушысы   Бердібек  Соқпақбаевтың  «Аяжан»  повесінен  оқырмандар конференциясы  № 257 орта  мектептің  қазақ тілі   пәнінің  мұғалімі  және  9 «Б»  сынып оқушыларының   қатысуымен  өтізілді. 

Балалар  жазушысы, Бердібек Соқпақбаевтың  «Аяжан» повесінде қаланың   қаршадай  қызының ауылға  барып, ауыл  тіршілігімен  танысуы, ауыл  адамдарына  қала   адамдарының  жақсы  қасиеттерін  таныстыруы  өте  қызықты баяндалған. Шығарманы  оқи  отырып,  қала  баласының  ауылға  жиі барып тұруының  пайдасы  зор екенін  түсіндірген. 

«Аяжан» повесінде  жазушы жеңіл әрі  жатық  тілмен  жазылған бұл  шығармасы да өзге шығармалары секілді  кішкентай  бүлдіршіндерді баурап алары сөзсіз. 

Кітапхананың  белсенді оқырмандары Орманова  Жұлдыз, Темірхан  Аяулым, Амантайұлы Аспендияр,  Айтмұханқызы Айша,  Абдуалина  Нұрбану, Сейт  Ержан, Серік  Дінмұхаммед  повестегі  сұрақтарға   жауап  беріп,  оқиға  жайлы  өз  ойларын  ортаға  салды.   

 «Балалар  әдебиетінің  бағбаны»  атты  көрмесі ұйымдастырылып,   жазушының «Менің  атым  Қожа»,  «Балалық  шаққа саяхат»,  «Таңдамалы», шығармалары кеңінен таныстырылды. Қатысқан адам саны-48

https://www.facebook.com/kzorda.library/videos/1203116944426542

#ШӘКӘРІМ_ОҚУЛАРЫ

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында II Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының қалалық іріктеу туры өткізілді. Қала мектептерінінен 24 оқушыдан ұсыныс түсіп, тіркелді. Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ойшылы Ш.Құдайбердіұлының шығармаларын насихаттау; Республика аумағында Шәкәрім өлеңдерін жаттауды қолға алу; оқушыларды дана бабамыздың мұраларын танып, зерттеуге ынталандыру. Іріктеу нәтижесі бойынша Ерболат Жанерке, Сардар Тасболат, Баймұратов Нұрым, Бейсенбай Даниал, Еңсепов Ғалымжан, Аманкелді Ұлболсын, Жұбандықова Кәусар Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізілетін байқауға жолдама алды.  Қатысқан  адам саны-43

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2076018002780564&set=a.341681989547516

  

 

2 ақпан

№15 кітапханада ақын  Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай “Сөнбес сәуле” тақырыбындағы әдеби оқу  №178 орта мектептің 6  сынып оқушыларының  қатысуымен  өткізілді. Шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылып, кітап көрмесі бойынша әдебиеттеріне шолу жасалды. Жас оқырмандар ақынның ұрпақты  ар-намысқа,  ерлікке,  нәзіктікке, ананы, әкені, туған жерді,  адамзатты сүюге арналған  өлеңдерін жатқа оқыды. Қатысқан адам саны-25

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2076480012734363&set=pcb.2076480782734286

 

  

5 ақпан

Қалалық  орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №4 кітапхананың ұйымдастыруымен  «Infiniti-S» шығармашылық орталығында «Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» атты музыкалық калейдоскоп өткізілді. Шарада кітапхана қорындағы  әдебиеттерді насихаттай отырып,оқырмандарға музыкалық аспап  түрлерінің даму тарихы жайлы, олардың әр қайсысының өзіне тән қайталанбас үні мен қасиеті туралы мағлұматтар берілді және шығармалар орындалды. Қатысқан адам саны-20

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2079230822459282&set=pcb.2079231432459221

  

 

            №1кітапхананың ұйымдастыруымен №68 мемлекеттік мекемесінің шаруашылық қызметіне қондырылған сотталған азаматтар арасында «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты жыр кеші өткізілді. Шара барысында   ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихатталып, «Қазақтың мұзбұлақ ақыны -Мұқағали» атты кітап көрмесі бойынша шығармалары  таныстырылды. Шектеулі азаматтар өз еріктері бойынша ақынның лирикаға толы жыр жолдарын жатқа оқыды.

Кештің мақсаты: М.Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру. Қатысқан адам саны-21

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2081756905540007&set=pcb.2081758162206548

 

  

12 ақпан

Белкөл кентінің клубы мен   №14 кітапхананың ұйымдастыруымен  ақын,  заманның заңғар тұлғасы  М.Мақатаевтың  туған күніне орай   «Мұқағали-мәңгілік жыр»  атты поэзия кешін өткізді.    Шара барысында М.Мақатаевтың өмір жолы бейнебаян арқылы  оқушыларға таныстырылды.  Ақын шығармаларынан Жарылқасын Мұхтар «Ғашықпын», Ысқақ Гульфайруз    «Өмір жайлы»,   Жасұлан ұлы Рамазан   «Ұлыма»,   Махмұт Інжу «Ұлыма»,     Көмекбаев Айзере  «Халқыма хат»,  Кушербаева Гүлжамал  «Өмірімді несіне жек көремін»,  Бекболат Бегарыс «Тау бір аңыз»  атты өлеңдерін жатқа айтып көпшілік ықыласына бөленді. Клуб қызметкері Е.Үркинбаев ақынның «Есіңе мені алғайсың»  әнін құйқылжыта шырқады. Шара соңында клуб директоры С.Алшоразов поэзия кешіне ат салысқан өнерпаз оқушыларды Алғыс хатпен марапаттады. №14 кітапхана меңгерушісі Г.Нұртаева кітап көрмесін жасақтап , оқушыларға Мұқағали шығармаларын таныстырды. Қатысқан адам саны-35

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2083949285320769&set=pcb.2083949885320709

   

           

15-ақпан  Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғана  35 жыл. Осы орай да №19 кітапханада «Бейбіт замандағы ерлік-жастарға өнеге» -атты ауған ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Шараның мақсаты: Оқырмандарға Ауған соғысы туралы мағлұмат беру, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында қаза болған боздақтар рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Шараға облыстықауған соғысы ардагерлерімен мүгедектер қоғамдық бірлестік төреағасының орынбасарыБосанов Қуаныш Қанжарбекұлы, Қорқыт ата университетінің  тарих кафедрасының меңгерушісіӨткелбаев Қыдырбай Захманұлы, №253 мектеп мұғалімі Отаров  Еркін Жарылқапұлы қатысып.  қанды жылдардың қиыншылығы мен  қазақ жауынгерлерінің ерліктері туралы айтты. №5 мектептің Айбын сарбаздары, №7 мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары патриоттық  өлең жолдарын оқыды. «Ауған ақиқаты» атты бейнебаян  көрсетілді. «Шуағым» өнер орталығынан  «Нәзік» би тобы қазақ биі «Қамажайды» мың бұрала билесе,, Алау тобы «Ерке сылқым» күйін, Абдінағиева Жансауле «Алқиса» күйін орындады, Бәйтерек мектебінің оқушысы  Мамырбек Диас «Мен қазақпын» әнін шырқады.. қатысқан адам саны-42

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2084416195274078&set=pcb.2084417015273996

  

 

 

 

 

Қалалық № 20 кітапхана 15- ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай  «Отқа оранған жауынгер» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші  №2    Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп оқушыларының  қатысуымен  өткізілді. Кешке Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері  кеңесі төрағасының орынбасары    Жәкебаев  Талғат Назарбекұлы бастаған  ардагер ағаларымыз Ермаханов Болат Нұралиұлы,   Бекпанов Алтынбек  Жамалұлы қатысты.

Шара Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан батыр да батыл жауынгерлерді  бір минут үнсіздікпен еске алудан басталып, бейнебаян көрсетілді.  Жас  оқырмандар  Ауған соғысына арналған өлеңдерін оқып, ардагер ағаларымыздың құрметіне патриоттық әндер айтылды. Ардагер ағаларымыз оқушыларымыздың сұрақтарына жауап бере отырып Ауған соғысының тарихымен және елден барған жас сарбаздарымыздың жан қиярлық ерлігі мен Отан алдындағы қасиетті борышын адал атқарғандығы жайлы бастан өткен ауыр да жауапты кезеңді еске алып әңгімелеп берді. Сонымен қатар кітапхана қорындағы Бақытбек Смағұлдың «Тағдыр тозағы» және «Тағзым» кітабы оқырмандарға таныстырылып кітап туралы мәліметтер берілді.

Шараның  мақсаты - Отан алдындағы қасиетті борышы мен парызын ерлікпен, батылдықпен атқарған және Ауған соғысында қаза тапқан ержүрек әрі батыл қаһарман жауынгер ағаларымыздың ерліктерін өскелең ұрпаққа үлгі ету. Қатысқан адам саны-45

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2084441815271516&set=pcb.2084442581938106

      

 

№6 кітапхана кітап қорына 2023 жылы келіп түскен америкалық танымал спикерлер Хал Элрод пен Натали Янжидің Оноре Кордермен бірге студенттерге арнап жазған «Таң шапағаты» кітабы бойынша флешбук өткізді. Шараға «Өркениет» медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.  Шара барысында 2012 жылдан бері миллиондаған адамның таңы мен өмірінің өзгеруіне ықпал етіп келе жатқан, университет пен өмірде жетістікке жетудің көпке көрінбейтін құпиясы, өзін-өзі басқарудың принциптері мен жетістікке жетелейтін машықтары  жайлы жазылып, әлемнің 21 тіліне аударылған, жастардың үлкен сұранысына ие, мол тиражбен шығып дүниежүзілік бестселлерге айналған «Таң шапағаты» кітабының мазмұны кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар кітап авторлары жайлы мол мағлұматтар берілді. Шара соңында кітаппен танысқан оқырмандар Х. Нұрбекова, Г. Икмат, Ә. Мұратова, Е. Шамшиев және т.б. алған әсерлерімен ой бөлісіп, пікір алмасты.

Шараның мақсаты – жаңа әдебиеттерді насихаттау, жастардың өзін-өзін дамытуына танымал тұлғалардың іс-тәжірибелерін ұсыну, білімді де білікті азаматтар болып,  өмірлік сабақтарға жаңаша көзқараспен қарауға тәрбиелеу.  Қатысқандар-28

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2085252338523797&set=pcb.2085252525190445

    

 

 

 

 

 

 

 

 

А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына -35жыл толуына орай «Отқа оранған он жыл» атты патриоттық кеш өткізілді.  Кездесуге «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлібек Жаров жәнеБекпан Алтынбек Жамалұлы, Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық – атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері, Н.А.Ахмадиева атындағы №112 орта мектептің 9 сынып және Абылайхан атындағы  №140 орта мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты. Кездесуде  Ауған соғысы туралы слайд көрсетіліп, «Ауған қасіреті» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Қаза тапқандарды еске алып бір минут үнсіздік жарияланды. Кітапхананың белсенді оқырмандары «Ана мұңы» атты көрініс көрсетіп, көрермен жүректерін бір тебірентті. Сонымен бірге Ауған соғысы жайлы өлеңдер оқылып  ән орындалды,оқырмандар  ардагерлерге өз сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Кеш соңын кітапхананың аға кітапханашысы Қ.М.Сражадинова қорытындылап, өз сөзінде қонақтарды мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық тіледі. Ел үшін етігімен қан кешкен жауынгерлер қашанда құрметке лайық.  Жырақта жүріп бейбітшілікті аңсаған соғыс ардагерлерініңерлігі жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Қатысқан адам саны-38

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2085253751856989&set=pcb.2085254025190295

 

         

       

 

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  №3 кітапханамен М.Ералиева атындағы  мәдениет үйі бірлесуімен «Нашақорлық және болашақ» атты дөңгелек үстел М.Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис

колледждің студенттері қатысуымен өткізілді. 

Балалар  мен жасөспірімдер арсында құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне, қоғамның дерті нашақорлыққа жол бермеуге ықпал ету мақсатындағы шара барысында  тақырып бойынша бейнебаян көрсетіліп, «Нашақорлық- ғасыр дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараны М.Ералиева  атындағы мәдениет үйінің директоры Молдашев Манас Батырбекұлы ашты.

            Шараға Титов  шағын ауданының аға учаскелік полиция испекторы, полиция капитаныБолат Еркебұлан Қайратұлы,  Жұбатқанов Әділхан Сайлауұлы, Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы – Тілеубергенова Шырынкүл Раушанбекқызы,   №5 –ші қалалық емхана психолог маманы  Сұлтаев Мақсат Нұренұлы,Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің психолог маманы Жалғауова Айна Мейірхановна, Кәмелетке толмаған жөніндегі инспектор, полиция аға лейтенанты Қанибаев Жарылқасын Сұлтанбекұлы қатысып,есірткінің зияндығы мен қауіп-қатерін, нашақорлыққа шалдығудың салдарын және есірткінің заңсыз айналымымен байланысты құқықбұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілікті түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін ескертті. Шара  барысында мамандар зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға үгіттеді. Шара  соңында мектеп оқушылары тиісті сала мамандарына көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алып, өзара еркін пікір алмасты.

 

 

Шараны  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері  Асқарова Сәуле Кеңесбекқызы қорытындылап,    қонақтарға кітап сыйлады. қатысқан адам саны-140

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2085887745126923&set=pcb.2085890341793330

            +

    

       

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар  жүйесіне  қарасты №13 балалар      кітапханасы  мен № 11 мектеп -  лецей   кітапханасының  бірлесіп   ұйымдастыруымен  «Халық  аспабы – домбыра»  атты күй  сағаты  өткізілді .  Шараға   Сәбира Майқанова  атындағы мәдениет  үйі жанынан  құрылған «Бегім – ай»  өнер  орталығының домбыра үйірмесінің  мүшелері қатысып «Ер тұрған», «Ерке сылқым», «Алаш  аманаты»  атты  күйлерді өз  нақышына   келтіре  орындады.  

  «Домбыра –халық мұрасы»атты кітап көрмесі жасалып,   күй өнері мен күйшілер жайлы әдебиеттер мен қатар    мерзімді  басылым беттеріндегі  жарық көрген мақалалар  қойылып, насихатталды. Қатысқан адам саны-36

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2086486818400349&set=pcb.2086487175066980

 

 

 

      

 

                   Қалалық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесіне қарасты   №14  Белкөл кенті кітапханасында  "АДАЛ АДАМ" мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының  "Әлем BOOK" жобасы аясында  қазақтың атақты ақыны, жазушы, дарынды драматург, білікті ұстаз,  мемлекет қайраткері,  қазақ әдебиетінің негізін қалаушы С.Сейфуллиннің  130 жылдығына орай "Өмір жырын шерте білген" атты BOOK Slam өткізіліп,  ақын шығармалары насихатталды.  Ақынның өмірбаяны мен шығармалары  таныстырылып,   №189 орта мектептің 9 -сынып  оқушылары  «Өткен күндер»,  «Бірлік»  т.б өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.  Кітап көрмесі жасалынып,  шығармалары  таныстырылды. +35

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2089412488107782&set=pcb.2089412601441104

   

 

 

 

 


              №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында «Адал Адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының бірі Әлем-BOOK бұрышында елім деп еңіреген қазақтың қайсар ақыны, тәуелсіздік жолындағы батыл күрескері  М.Өтемісұлының өмірі мен  шығармаларын насихаттау мақсатында «Махамбет жырлары-асқақ рухтың үні» атты әдеби оқу өткізілді.Махамбет - дауылпаз ақын, өлеңдері көтеріліс, күрес, тартыс үстінде туды. Оның өлеңдері сол көтерілістің ақындық үні болды. Ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшелігін айқындаған да солар. Махамбет- халқын сүйген, халық мұңын жырлаған патриот ақын. Оның өлеңдері - шаруалар көтерілісінің айнасы. №144 мектептің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Жұлдызай Бакирова ақынның өмірі мен шығармаларына тоқталса, кітапхана оқырмандары ақынның «Ұлы арман», «Ерлердің ісі бітер ме?», «Толарсақтан саз кешіп», «Мұнар күн», «Қызғыш құс», т. б. өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Орталықтың қызметкері Айбек Есқараев М. Өтемісұлының «Мен, мен едім, мен едім» термесін орындады. Сонымен қатар оқырмандарға тақырыпқа сай ұйымдастырылған «Ерлік пен елдіктің өшпес рухы» атты кітап көрмесі  таныстырылды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2089522001430164&set=pcb.2089522314763466

   

 

 

№19 кітапханада  айтыскер ақын,үш дүркін алтын домбыра иегері ,Н.Бекежанов атындағы музыкалық-академиялық драма театрының директоры  Ниязов Мұхтар Мәуленұлымен  сұхбат кеші өтті. Шараға Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі» мамандығында оқитын студенттер мен №140 Абылай хан атындағы орта мектептің оқушылары және кітапханашылар қатысты. Мұхтар Мәуленұлы   кітаптың өз өміріндегі кітаптың маңыздылығы туралы айтып, жастарды кітап оқуға шақырды. Кітап және кітап оқу мәдениеті тақырыбында ашық пікір алмасулар болды. Студенттер тарапынан кітап оқу қажеттілігі  жайында, тұлға болып қалыптасудағы кітап оқудың маңызы турасында сұрақтар қойылды. Қатысқан адам саны-35

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2090115738037457&set=pcb.2090116384704059

 

 

«

 

№15 кітапхананың және Талсуат ауылдық клубының бірлесе ұйымдастыруымен "Сыр сұлуы" ән-би ансамблінің әншісі,  бишісі "Пара би" спорттық би өнерінің үйретушісі Күлпаш Күншығарованың «Өнерім,өмірімнің өрнегісің" атты шығармашылық кеші өтті.Күлпаш апайдың өнерге деген құлшынысы,ерік-жігері тағдырдың сынағына төтеп берді.Сахнаға қайта оралуына ерекше жандарға арналған Оңалту орталығының мәдени бөлімі үлкен септігін тигізді.К. Күшшағырованың   шәкірттері қазіргі таңда "Арбада отырып билеу"өнерінің республикалық чемпионаттарында топ жарып жүр.  Әнші өнер кешінде құйқылжыта бірнеше ән орындап тыңдармандарын өнеріне тәнті етті.  Шәкіртттері  пара би спорттық биін биледі."Шаттық" Сыр сұлуы би ансамблі қазақ биін,  Ғалия Ахметова "Анамның ақ жаулығы", К. Күншығарованы   өнерге баулыған ұстазы Сексенбаева Зинат, апайдың бірге оқыған сыныптастары қатысып, игі тілектерін білдірді. Қатысқандар-115

 

 

 

   

 

 

 

«Адал Адам» мәдени-тәрбие орталығының «Әлем ВООК»  жобасы

№1кітапханада «Бір ел-бір кітап» акциясы аясындағы  биылғы жыл таңдауындағы  көрнекті жазушы  Б.Соқпақбаев   әңгімелерін насихаттау мақсатында  «Балалар әдебиетінің бәйтерегі»  атты  әдеби кеш ұйымдастырылды. Шараға №11 мектеп-лецейінің 8-сынып оқушылары қатыстырылды. Әдеби кеш барысында   «Бегімай» өнер орталығының  «Көркем оқу» үйірмесі жетекшісі Ә.Тұрсын және  мүшелері  жазушының  «Менің атым Қожа»,  «Балалық шаққа саяхат» атты оқырмандар арасында кең тараған повесін талқылап,   шығармада  шынайы бейнеленген  ауыл өмірін,   кейіпкерлердің  мінез-құлқын,  арман-мақсатын  кеңінен әңгімеледі.     Әдебиетіміздегі үлкен тұлғалардың бірі Бердібек Сақпақбаевтің қаламгерлік келбеті жас ұрпаққа тағылымды болатыны сөзсіз. оның балалақ шағы ауыр жағдайда өтті. Жоқшылық, жетімдік сияқты ауыр жайттарды басынан өткерді. Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған   «Менің атым қожа» атты  әйгілі шығармасы туралы айтылды. Шара соңында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі»  атты көрмеге шолу жасалып   таныстырылды.https://www.facebook.com/photo/?fbid=2092464847802546&set=pcb.2092465084469189

    

27 ақпан

 

№3 кітапхана мен М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің бірлесуімен «Тәуелсіздік тұмары – Текей батыр»  атты тарихи-танымдық кеш өткізілді.

Шараның мақсаты: Мың өліп, мың тірілген халқымыздың тарихи жады ел Тәуелсіздігі жолындағы күресте ерекше ерліктерімен дараланған хандар мен батырларды ешқашан санамыздан өшірген емес. Ұлтымыздың мемлекет болып қалыптасуы жолында ел тізгінін ұстаған хандар мен ел қорғаған батырлардың есімдері бүгінгі ұрпақ алдында ұлықталып, насихатталуда. Осыған орай, Сыр елінің даңқты батыры Текей батыр Қарпықұлын еске алу мақсатында тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды.

Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасының және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы және «Текей батыр Қарпықұлы» атындағы жоғарғы колледж және «М.Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі студенттері мен ұстаздары, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектептің оқушылары мен ұстаздары қатыстып,  батыр баба жайлы мәліметтер айтылды.

«Текті тұлға – Текей батыр» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылып  әдебиеттерге, мерзіді басылымдарға  шолу жасалды. Қатысқан адам саны-85

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2092855537763477&set=pcb.2092856477763383

 

 

  

           

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  №12 кітапхана және Қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығы бірлесіп «Бір ел- бір кітап» акциясы  аясында қазақ және балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына  орай  «Бақытты балалық шақ» повесі бойынша   әдеби сайыс ұйымдастырды.

Сайысқа «Бейіндік оқыту», «Көркем-шығармашылық», «Туристік-қолданбалы» және « ІТ» бөлімінің оқушылары қатысты.

Аса талантты, қабілетті, туған жерінің атын әлемге танытқан  жазушы Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармаларын оқырмандарға кітапханашы  Асқарова Назерке таныстырды. Сайыста «Актерлік шеберлік» үйірмесінің жетекшісі Аманбай Дүйсенұлы  қазақ әдебиетін биік деңгейге көтерген Б. Соқпақбаевтың  шығармаларын  ерекше талантпен үйлесім тапқан деп атай отырып, жазушының балалық шағы жайында әңгімеледі. Жас оқырмандар  жазушының шығармалары бойынша сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.  Мұнан соң  «Балалық шаққа саяхат» шығармасына  талдау жасалып, шығарманың мазмұнын ашу мақсатында тапсырмалар орындалды. Шара соңында    бірінші орынға  «Көркем-шығармашылық»,  екінші орынға  «Бейіндік оқыту», үшінші орынға  «Туристік-қолданбалы» ынталандыру «ІТ» бөлімдері лайықты деп танылды.  Жүлдегерлерге дипломмен  және барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2094578444257853&set=pcb.2094578644257833

 

№20 кітапхананың ұйымдастыруымен 1-Наурыз «Алғыс айту күні» мерекесіне орай   « Қиындықта қол созған халық» атты  тарихи сағат  №2  Абай атындағы үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектептің  оқушылары  қатысуымен өткізілді.  Шарада Алғыс айту күнінің шығу тарихы мен оның маңыздылығына арналған  бейнебаян  көрсетілді.

 Бұл күні бір шаңырақ астындағы тату-тәтті тірлігіміздің, ұлттық тұтастығымыздың берік негізін қалап жүрген барша қазақстандықтар бір-біріне ризашылығын білдіріп жатады. Кешелі қилы заманда қазақ халқы тағдырдың жазуымен елге келген өзге этнос өкілдеріне кең құшағын жайып, бауырына тартты, бір үзім нанымен бөлісті.     Алғыс айту күні- сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ- бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Сонымен бірге балалар   айтулы күнге арналған ақын жырларын жатқа оқып,  мерекеге орай дайындалған «Жүректен, жүрекке» атты ойын арқылы өздерінің жақын адамдарына алғысын айтты.

Шараның мақсаты: өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен отанға сүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту. +52

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2094664690915895&set=pcb.2094665187582512

  

 

Махамбет ауылдық № 8 кітапханада  «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай «Ананың аяулы алақаны» атты  әдеби музыкалық жыр сағаты № 143 мектеп   оқушылырының қатысыуымен өткізілді.  Шара барысында ауыл жастары ақын- жазушылардың ана тақырыбында жазылған шығармаларынан  өлеңдер оқып, ән шырқалды.Соынмен қатар «Домбыра ән-жыр»  үйірмесінің өнерпаздары ән шырқап,  «Қызғалдақ» би  үйірмесі  билеп өнер көрсетіп кеш ажарын аша түсті. Кешке 20 адам қатысты

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2097069137342117&set=pcb.2097069307342100

  

           

 

 

№13 балалар кітапханасының  ұйымдастыруымен,  8 наурыз – Халықаралық аналар күні орай  «Күнекей»  бөбекжай – балабақшасының бүлдіршіндерімен  «Адамзаттың асылы  - Ана»  атты әдеби  монтаж  өткізілді. 

 Әлемнің  жарығын  сыйлаған  аналардың мерекесі  көктем  ханшайымының келуімен ашылып,   балабақша бүлдіршіндері «Аяулы Анашым»  әнін  хор мен айтып,    ұл – қыздарымыз «Көңілді би»  биіне  бар ықыласымен  билеп өз өнерлерін  көрсетті.

  «Балауса»  тобындағы  ұл  балалар  «Қыздар - ай»  әнін  жанды дауыспен  орындап,  флешмобқа  және папуриге  билесе, ал  топтағы қыздар  «Ақ  әжем»  әнін  өз нақышына келтіріп  айтты.   «Барби» биіне мың  бұрала билеп  көрермендердің  ықыласына   бөленді.

 Бүлдіршіндер  мен  аналар  арасында орамалмен  көздерін  байлау  арқылы,  әр  ана   өз баласын   сипап   ана   жүрегімен   сезіп  баласын  таба  алама   ойыны   ұйымдастырылды. Балабақша   бүлдіршіндері  ұл - балалар  өз аналарымен  «Ақ  жаулық» биіне билеп,  хормен  барлығы «Анашым» әнін  орындады. 

Шара  соңында өз  өнерлерін  көрсеткен  бүлдіршіндерге   сыйлықтар  таратылып, мерекелік   шараға  көрермен  болып қатысып  отырған,  үлкен  қарт  апаларға сөз беріліп,   кележатқан  мерекемен  баралығын  құттықтап   шараны   қортындылады. Бала саны-30 

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2097486510633713&set=pcb.2097486637300367

  

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақжарма ауылдық №9 кітапхананың ұйымдастыруымен   «Қыздарға әсемдік жарасады » атты қыз сыны  байқауы өтті. 5- 6 сынып оқушылары арасында өткен бұл байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартымдылығымен, қызыққа толы көріністерімен ерекшеленді. Сайыскерлер  бірнеше бөлім бойынша – таныстырылым, ән айту, би билеу, интеллектуалдық сұрақтар,шаш өру,  қолөнер жұмыстары секілді сан түрлі өнерлерін ортаға салды. Шара соңында өз өнерлерін көрсеткен оқырандарға  сыйлықтар таратылып, алғыс хатпен  марапатталды.Шараның мақсаты:Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту. Қатысқандар саны- 35

https://www.facebook.com/photo?fbid=2097627933952904&set=pcb.2097628117286219

    

 

№3 кітапхана мен  М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің бірлесуімен «Адал адам» мәдени-тәрбие беру орталығының тұжырымдамасы бойынша «Әлем-ВООК» бағыты аясында ақындардың анасы атанған Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған «Жыр-менің жалғыз тарланым» атты әдеби кеш  өткізілді.

Кеш М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің жанынан құрылған «Бозторғай» балалар хор үйірмесінің өнерпаздарының орындауында  Н.Тілендивтың «Саржайлау» әнімен басталды. Ұлттық поэзия патшалығына өзіндік өрнек, өзгешеліктерімен келген адамдық, ізгілік иірімдерін тебіреністі толғамдармен, еркін жырлаған Фариза ақынымыздың құдіретті өлеңдерін кітапхана оқырмандары жатқа оқып, оның сыршыл поэзиясына деген өз құштарлықтарын танытты.«Өлең-мен сені аялап өтем» тақырыбында оның шығармашыларынан  кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның өмірбаянына тоқталып, қысқаша шолу жасалынды. Кеш соңында М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің қызметкері Шерниязов Жұмабай Ф.Оңғарсынованың сөзіне жазылған «Жақсы көру» әнімен қорытыланды.Қатысушылар саны: 70

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2097645900617774&set=pcb.2097646297284401

    

Ұлыстың Ұлы күні наурыз мейрамы қарсаңында, жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана жанынан құрылған «Сырласу» қыз-келіншектер үйірме  мүшелері және Абылайхан атындағы жоғары колледж студенттерінің  қатысуымен «Моншақ - киімнің көркі» атты шеберлік сағаты өтті.Шара барысында үйірме  мүшелері ұлтымыздың салт-дәстүрін, тәлім-тәрбиесін насихаттау аясында, қыз-келіншектеріміздің күнделікті өмірде тағып жүретін заманауи ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдардың моншақ, бисер,түрлі-түсті тастармен безендірілген тақиялардың жасалу технологиясы туралы айтып, бұйымдардың дайындалу әдістері мен ерекшеліктеріне тоқталды. Киім дайындау технологиясы шеберханасының технологы Жапан Индира Қалдыбекқызы, заманауи сән үлгісіне сәйкес бұйымды безендіру қолөнершілер мен дизайнерлердің қолынан шыққан, өте күрделі еңбек екенін атап өтті.Шеберлік сағат қатысушыларға керемет әсер және көтеріңкі күй сыйлады. Шеберлік сағатқа-18 оқырман қатысты.

 

 

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2100501003665597&set=pcb.2100501200332244

        

 

 

№12 кітапхананың ұйымдастыруымен 8 наурыз–Халықаралық әйелдер күніне орай «Қыздарға әсемдік жарасады»  қалалық  байқау өткізілді

  Байқаудың  мақсаты: Қазақ қыздарын  халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. Әр қыз баланы парасатты, жан –жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.

            Шараны  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі кәсіподақ ұйымының төрайымы , Қазылар алқасының мүшесі  Оразбекова Мира Торғайқызы  ашып, қатысушы аруларға  сәттілік тіледі.   

            Байқау  4  кезеңнен құралды. Бірінші кезең «Мен қазақ қызымын» деп аталып, бұл кезеңде қатысушылар бейне слайд арқылы өздерін және отбасын  таныстырса, екінші  кезеңде  «Өнерлінің өрісі-кең» деп аталып өз өнерлерін ортаға  салды, үшінші  кезең «Мен оқыған ең қызық кітап» деген кезеңде  сайыскерлер оқыған ең қызық кітабын таныстырып,  түсінікті етіп әңгімелеп беріп бақ сынасып , «Білікті қыз» деген аталымында қатысушылар салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беріп, аяқталмаған мақал-мәтелдерді жалғастыра отырып өздерінің білімдерін ортаға салып сайысқа түсті.

Кезеңдер бойынша білімі мен өнерін, шығармашылық қабілетін таныта білген аруларымыз Қызылорда  қалалық пробация қызметінің инспекторы әділет лейтенанты  Қалжан Жұлдыз Ғалымжанқызы – «Сымбатты ару» номинациясын,                                                                                                                        «Орда» жоғары  колледжінің  «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы Сәкенова Ақбота Сәкенқызы – «Инабатты ару» номинацясымен, №4 қалалық емхананың мейірбикесі Камалова Улжан Атабайқызы-«Қылықты ару», Жеке жас кәсіпкер, блогер Іргебай Толғанай Егенбергенқызы- «Өнерлі ару», Шұғыла»  № 1 балабақшасының информатика пәнінің мұғалімі  Каналбаева Жібек Ғалымжанқызы – «Парасатты ару» -  номинацияларымен марапатталып, бағалы сыйлықтар беріліп, арнайы дипломдар табысталды. Шараға 35 оқырман қатысты.

https://www.facebook.com/photo?fbid=2101624493553248&set=pcb.2101626830219681

 

    

   

14 наурыз-Көрісу күні-амал мерекесі.Жаңа жылдың  басы болып саналады.Жер беті жанданып,тіршілік атаулы оянып, адамзат қуанышқа бөленеді.Халық қыстан аман – есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші – көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Күн мен түн теңеліп, халқымыз бір-бірімен көрісіп,ақ тілектер айтылады.Осынау атаулы мерекеге орайА.С.Пушкин атындағы орталық  кітапханада  «Амал келді, жыл келді» атты амал мерекесі өтті. Оқырмандар назарына  «Салтым – алтын

 

қазынам» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Кенжебаева Мақпал библиографиялық шолу жасады. Шара барысында Абылайхан атындағы жоғары колледж кітапханашысы Нүргүл  Бұхарбайқызы Амал мерекесіне арнайы  ұйымдастырылған іс-шараға алғысын білдіріп, жастарымызға -«Алшаң басып амал келді, жыл келді, жастарыңыз құтты болсын! Жақсылық , ілтипат білдіретін дәстүрлер, әдет-ғұрыпқа сай көріністер жалғасын таба берсін!»-деп жылы лебізін білдірді. Шарадан жастарымыз жақсы көңіл күймен тарқады. Шараға 16- оқырман қатысты https://www.facebook.com/photo/?fbid=2102148223500875&set=pcb.2102148763500821

    

 

 

            №4 кітапханда  Қазақ халқының «Үш бәйтерегі» атанған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым» атты әдеби танымдық шара  ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты : өткен ғасырдағы аумалы-төкпелі заманда ел үшін ерінбей еңбек етіп, артына мол рухани қазына қалдырған көрнекті тарихи тұлғаларды жас ұрпаққа насихаттау. Оқушыларға  ақын, әнші, сазгер, саяси  қайреткер Сәкен Сейфуллиннің әр жылдары жазған өлеңдері, поэмалары, зерттеу еңбектері, тұғыры биік «Тар жол, тайғақ кешу» сынды еңбектерін, қазақ халқына үлкен зұлмат әкелген ашаршылық тақырыбында көптеген шығармалар тудырған дара жазушы, қарымды қаламгер Бейімбет Майлиннің шығармалар жинағын, сондай-ақ ақтаңгер ақын Ілияс Жансүгіровтың отты жырлары мен тарихи-әдеби мазмұны өте бай поэмалар жинақтары  жайлы ақпараттар берілді.  Арнайы әзірленген кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға 25- адам қатысты.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2102718140110550&set=pcb.2102718240110540

  

 

Бүгін – Ұлттық киім күні. Ұлт рухының шағылысы. Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады. №18 кітапханада Наурызнаманың онкүндігінде ұлттық киімдерімізді насихаттауға бағытталған«Ұлттық киім- Ұлт бейнесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеге кітапхана қорындағы Ұлттық киім үлгілері мен тарихы туралы кітаптар мен мол мағлұматтар оқырмандарға кеңінен насихатталды. Осылайша ұлтымыздың бейнесі – ұлттық киімдерді киіп жүру игі дәстүрге айналса деген ниеттеміз.

Мақсаты: мәдени құндылықтарымызды кеңінен насихаттап, ұлттық киімдерімізді ұлықтау, өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу. Қатысқан саны-12

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2104399106609120&set=pcb.2104399209942443

 

 

           Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапханада 22-наурыз  Наурыз мерекесіне орай «Салт-дәстүрді біл» атты әдеби қонақжай өткізіліп,  №278 мектеп оқушылары мен оқытушылары, белсенді оқырмандар қатысты. Іс-шара шашу  рәсімімен басталып, «тұсау кесер» рәсіміне жалғасты. Жас оқырмандар әдеби-музыкалық монтаж ұйымдастырып, шағын қойылымдарды ұсынды. «Анаға тағзым» орталығының қызметкері Айдана Маратқызы халқымыздың ежелден келе жатырған «Шашу», «Бастаңғы», «Бәсіре», «Енші», «Селт еткізер», «Базарлық» және басқа да дәстүрлерііміз жайында мағыналы әңгімелер айтты. Кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып, наурыз көже таратылды. Кеш ақсақалдардың ақ батасымен қорытындыланды.https://www.facebook.com/photo/?fbid=2104976889884675&set=pcb.2104977186551312

  

 

Абай ауылдық  №5кітапхананың  ұйымдастыруымен «Жыл басы – әз Наурыз!» атты мерекелік шара өткізілді.Шара барысында « Бесікке салу» рәсімі көрсетіліп, бесік жыры айтылды.  Наурыз жыл басы туралы өлеңдер,тақпақтар айтылып,әндер шырқалды.Қазақтың ұлттық белдеспек, арқан тарту, асық ату  ойындары- ойналып,  қйта жаңғыртылды.  Кештің   мақсаты: қазақтың салт-дәстүрін жаңғырта отырып, ұлттық дәстүрімізді ұлықтап, ата-баба салтын сақтауға, халықтың ұлттық мәдениетін дамытуға тәрбиелеу болды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2105004906548540&set=pcb.2105005209881843

   м

Қалалық  орталықтандырылған  кітапханалар жүйесіне  қарасты № 13 балалар кітапханасы  мен  № 257 орта  мектеппен  бірлесеіп   22  наурыз – Ұлыстың  ұлы  күні  мерекесіне   орай   «Дәстүрге  жол  ұлт   ұлағаты»   атты мерекелік  кеш өткізді. 

Мерекелік   шараға ән -  әуез  пәнінің   мұғалімі Молдабек  Айда,  бастауыш  сынып  мұғалімдері  Шуменова  Жанар, Үркімбаева  Таня,  Көшербаева  Айнаш ,   Абибуллаева  Шарбану  қатысты.  Мерекелік шараны  ән  үйірмесінің  өнерпаздары  «Құтты  болсын әз  наурыз» әнін  хормен   бастап, өнерлі  оқушылар Шакирова Айбұрым, Ғани  Жұлдыз, Абдирасул  Ақзере, Байниязов  Нұрислам, Таукен  Ақжүніс,  Батырхан  Амина, Есетова  Жібек, Оразбай  Арайлым,  Өмірбек  Санжар, Әбілғазы Қасым, Бақытжан  Сезім,  Дарханқызы Гүлфизат  ақындардың  наурыз  мерекесіне  арналған жыр  шумақтарын  жатқа   айтты,  2 «Г» сынып  оқушылары «Аспаптар  әнін»  хормен  айтса,   Ғани Жұлдыз  «Наурыз» әнін  орындады.  Балаларға  көптеген  сұрақтар қойылып,   өздерінің   жеті  атасын жатқа  айтып, наурыз  көже тралы түсініктерін,   ырым   мен  тиым  сөздерін   жатқа   айтты. Оқушылар  өзінің  жатқа білетін  жақсы  бата -  тілектерін  айтып,   шараны  қортындылады.                                             

 «Наурыз – шаттық  мереке»  атты  кітап  көрмесі ұйымдастырылды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2105058393209858&set=pcb.2105058473209850

   

 

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 20 кітапхананың ұйымдастыруымен және Қорқыт ата атындағы уневирситететінің студентерінің қатысуымен  қазақтың көрнекті ақыны, Түрксой Жазушылар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулеттің – 70 жас мерейтойына орай    «Жырларым – жүрегімнің жылнамасы» атты поэзия кеші болып өткізілді. 

Ақын 1954- жылы Шығыс  Қазақстан обылысы, Зайсан ауданы , Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген. Кешке  ақын, тележурналист,  Жазушылар одағы Қызылорда обылыстық филиалының директоры Есімсейітова  Қаршыға   Құрмашқызы, ақын Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі «Сыр бойы» газетінде арнаулы аға тілші   Ғазиза Әбділді  Қозыбекқызы,  Қорқыт ата атындағы уневерситтің  Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика бөлімінің  оқытушылары   Тайман Сағат Тамшыбайұлы және Алмауытова Асия  Базарбайқызы  қатысты. Талапкер жас ақындар Аружан Оралбай,  Бексұлтан Санақұл поэзия сүйер жастарға әдемі өлеңдерін оқыды. Сонымен бірге Қорқыт ата атындағы уневирситететінің студентері мен  М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледждің студенттері ақынның өлеңіне жазылған әндерді  орындап  көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады. Шараның мақсаты ақынның өлеңдерін поэзия сүйер жастарға насихаттау. Қатысқан адам саны-70

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2105532156495815&set=pcb.2105532416495789

   

 

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапханада  20 наурыз «Ұлттық спорт» күніне орай  «Батыр» спорт үйірмесімен «Ұлттық ойындар – ұлттық мұра» атты шара өткізілді. Шара барысында жас оқырмандар  тоғыз құмалақ, арқан тарту, қолмен күш сынасу сияқты ойын түрлерін ойнап, қазақша күреске түсті.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2105528166496214&set=pcb.2105528426496188

   

 

27 наурыз- Халықаралық театр күні. Бұл күні дүниежүзінің барлық театр қайраткерлері  кәсіби  мерекесін  атап өтеді. Халықтар арасындағы өзара түсіністік пен татулықты нығайту, қазақ мәдениетін дамыту әрі сақтау, театр ұжымдарының жеткен жетістіктері мен тыныс-тірішлігін насихаттау мақсатында, жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Өнердің қара шаңырағы» атты ақпараттық дайджест өтті. Шараға «Абылайхан » атындағы жоғары колледж студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында оқырмандар  Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткерлерінің, театр өнерпаздарының  өмірі мен шығармаларына туралы әдебиеттер мен өнер майталмандарының шығармаларына арналған естеліктермен, театрларда сахналанған  қойылымдар, сонымен қатар 1925 жылы Қызылорда қаласында алғашқы қазақ театрының шымылдығы ашылғаны туралы көптеген қызықты ақпараттар алды.

 

 

 

Қала көлемінде қалалық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарында өткізілген мәдени

шараның жазбаша мәліметі.

 

             6 қаңтар күні Евразия спорт кешенінде шаһар басшысы Асылбек Шаменов халыққа қызмет көрсету саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардақты азамат, іскер ұйымдастырушы Бердіхан Исматуллаевты еске алуға арналған дәстүрлі облыстық шағын футбол турнирінің ашылу салтанатына қатысты.

            Бердіхан Лесханұлының туыстары мен достары, әріптестерінің ұйымдастыруымен биыл 6 – ші мәрте жалауын көтерген доп додасына 40 жастан асқан әуесқой ойыншылар қатысуда.

            Еңбек ұжымдарын достыққа, бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін дәстүрлі турнирді ашып берген қала әкімі Асылбек Шаменов атпал азаматтың өнегелі өмір жолын тілге тиек етіп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

            Қатысқан адам саны – 250.

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2024 жылдың 30 қаңтар күні сағат 11.00 де А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Ұлағат» ата-әжелер ансамблінің қорытынды концерті болып өтті. Әжелер өнері, әжелер мектебі, олардың өнегесі – бүгінгі қоғамда баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін табылмас тәрбие құралы. Балқия Құрмашова апайымыз осындай ардагер аналарымыздың басын жиып, қалалық мәдениет және спорт бөлімінің қолдауымен  2022 жылдың қыркүйек айынан бастап  «Ұлағат» ансамблі өз жұмысын бастады.          Жанды дауыста ән салатын ата- әжелеріміз нағыз «өнер десе ішкен асын жерге қоятын» тамаша өнерпаздар.

            Құрамында 10 ақ жаулықты әжелеріміз бен 6 асқар тау аталар өнерпазы бар ансамбльдің әр мүшесі  талай байқау-көрмелерге қатысып, ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген он саусағынан өнері тамған шеберлер. Концертте халық және қазақ композиторларының әндері орындалып, көрерменнің көңілін бір серпілтіп тастады.

            Талантымен таңдай қақ­­тырған, үнінің сыңғыры бұзылмаған әжелерімізге сәттілік тілейміз!

            Қатысқан көрермен саны – 300

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2024 жылдың 30 қаңтар күні өңір мәдениетін дамытып, халық игілігіне жасалған Талсуат ауылында бой көтерген жаңа клуб ғимаратында ауылдық және қалалық  өнерлі өрендеріміздің концертімен бастадық.  А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің және Талсуат ауылдық клубы үйірмелерінің бірлесуімен «Өнерге қанат қаққандар» атты жылдың алғашқы концерті болып өтті. Жаңа ғимартта жас талап, жаңа өнерпаздарымызбен  жақсылық пен жаңалыққа жаршы болсын, өзгеде талантты балалардың қызығушылығы оятып, киелі өнерге талаптансын деген мақсатта арнайы жоспарланған концерт өтті. Концертте А. Тоқмағамбетов мәдениет үйінің «Сыр сандуғаштары» ән үйірмесі, «Қауырсын» жас ақындар үйірмесі, «Орда драйв» замануи би үйірмесі қатысса, Талсуат ауылдық клубынан «Жас дәурен» ән үйірмесі, «Әсем әуен» домбыра үйірмесінің қатысушылар қатысып, ұйымдаса атқарылған керемет концерт болды. Көрермендер қатарында  Талсуат ауылындағы оңалту ортылығының емделушілер мен ауыл тұрғындары болды. Жас өрендерге зор қошемет көрсетіп, ризашылықтарын білдіріп, батасын берді.

            Көрермен саны – 100

 

 

«Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» атты сала мамандарының қатысуымен кездесу кеші

            Қаңтар айының 31-ші жұлдызында «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» атты сала мамандарының қатысуымен кездесу кеші өтіп, оған Қызылорда қалалық мәдениет үйіне қарасты мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар және музей, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Кеште М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің үйірме жетекшісі Қ.Алғазиев, белгілі теологтар Б.Оспанов пен А.Деменов, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Е.Исмаилов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталығы бөлімінің қызметкері М.Телеуовтер шараға өзек болған тақырыптар аясында баяндама жасап, толыққанды мәліметтер ұсынды.

            Қатысқан адам саны -150

 

 

«Жүректегі жауһарлар» атты жергілікті ақын-сазгерлердің қатысуымен әдеби-сазды кеш

             30 қаңтар күні сағат 16:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде шығармашылық тандемде жұмыс жасап жүрген жергілікті ақын-сазгерлердің қатысуымен әдеби-сазды кеш өтті.

            Кеш барысында Әл-Фараби Бекарысұлы, Үкітай Ерниязов, Жарылқасын Оразғұлов, Ұлықбек Бекұзақұлы, Айдар Сайлауов және Мұрәділ Ертөре, талантты әншілер Айгерім Өмірбек, Шынболат Ұзақбайұлы, Досбол Нұрылла, Нұрдәулет Сақтапбергендер ән-жырдан шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Кеш соңында қалалық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов дарынды өнер иелеріне тамаша әсер үшін алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі

            Қатысқан адам саны -200

 

Мереке Думан» және «Мереке ВАА»

Жалағаш ауданына гастрольдік іс сапарының концерттік бағдарламасының мәліметі

            2024 жылдың 8 ақпаны күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауы мен «Мереке» вокалды аспапты ансамблі өнерпаздары Жалағаш ауданына гастрольдік сапармен барды. Көңілді кеште 30 жылдан астам тарихы бар «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің жанды дауыстағы жүректі тербетер әндерді көрермен бірге шырқап, «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауының астарлы әзілдері келген көрерменнің көңілін көтеріп, күлкіге көмді

            Көрермен саны - 300

«Адал адам» жобасының «Кино TIME» бағыты бойынша «Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл» толуына орай көрсетілген  «Қазақ хандығы» фильмінің мәліметі

            «Адал адам» жобасы аясында 2024 жылдың 9 ақпан күні А.Тоқмағамбетов мәдениет үйінен ашылған «Кино TIME» жобасы ең алғашқы көрсетілімін «Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл» толуына орай І.Есенберлиннің шығармасы желісінде Р.Әбдірашевтің режиссерлығымен түсірілген «Қазақ хандығы» фильмі жасөспірімдерге ұсынылды. Аталған шараға қаламыздың мектептерінен 200 ге жуық оқушылар мен ұстаздар тартылып фильмді тамашалады.Фильмнің негізгі мақсаты Еліміздің болашағы өскелең ұрпаққа қазақша тәрбиелік мәні бар,тарихи тұлғаларымыздың маңыздылығын дәріптеп ,адамгершілік пен мейірімділікке баулу. Ұйымдастырылған жобамыз жоғары деңгейде өтті.             Көрермен саны – 200

      

 

 

 

Қазақстан Республикасы Қазынашылық комитетінің құрылғанына

30 жыл толуына арналған семинар-кеңестің мәліметі

 

Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні сағат 11:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Қазынашылық комитетінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған семинар-кеңес болып өтті. Кеш тізгінін А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің «Мереке-думан» әзл-сықақ отауының көркемдік жетекшісі Б. Балтабаев жүргізді.

Қазынашылық - бюджет жүйесінің бір буыны ретінде мемлекеттік қаржыны басқару жүйе­сінен лайықты орын ала отырып, бүгінге дейін орасан зор қалыптасу және даму жолынан өткен қазынашылықтың ақпараттық жүйесі - халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттің қазынашылық жүйесінің  қызметкері болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттің өмір сүруінің міндетті шарты деп саналатын ақша, қаражат саясатын реттейтін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық жүйесінің құрылғанына 30 жыл толды. Мерейлі  мерекемен  Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Дүйсенбаев Әуезбек Сейіткамалұлы құттықтап ашты. Одан кейінгі арнайы құттықтау сөз кезегін облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы тәуелсіз еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосып жүрген аймағымыздағы бірқатар сала қызметкерлерін құттықтап, «Облыс әкімінің» құрмет грамотасымен және «Алғыс хатымен» марапаттады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін Қазынашылық департаметінің басшысы Дүйсенбаев Әуезбек Сейткамалұлы  Мунтаева Жамал Султанбековаға  табыстады. Кештің соңы кәсіпорын өнерпаздарының мерекелік концертімен аяқталды.

Қатысқан адам саны - 300

                  

 

«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасының «Кино Time» бағыты бойынша көрсетілген «Менің атым қателік» фильмінің мәліметі

           

2024 жылғы ақпан айының 9 жұлдызынан бастап А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасы аясында оқушылар мен жасөспірімдерге тәрбиелік мәні бар фильмдер ұсыну мақсатында «Кино Time» бағыты өз жұмысын бастаған болатын.

            Кезекті көрсетілімде оқушыларға зиян әдеттерден аулақ болу мақсатында Л. Ерубаеваның режиссерлығымен түсірілген «Менің атым қателік» атты фильм ұсынылды.

            Көрсетілімнен соң мектеп оқушылары мен қалалық Жастар театрының әртістері, сала мамандары фильмді талқылап, өз түйгендерімен бөлісті.

            Көрермен саны – 150

 

«Креативті индустрия: мәдениет пен руханият жетістігі» атты мәдениет қызметкерлері арасында семинардың мәліметі

           

Ағымдағы жылдың 12 ақпаны күні сағат 16:00-де А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Креативті индустрия: мәдениет пен руханият жетістігі» атты мәдениет қызметкерлері арасында семинар болып өтті.           

             Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның эко­­номикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында:

            «Қазіргі заманда азаматтар­дың шығармашылық әлеуетіне және зияткерлік капиталына арқа сүйейтін «креативті өндіріс» салалары шынайы инклюзивті экономиканы дамытудың қай­нар көзі саналады. Бұл аз десеңіз, креа­тивті экономика дарын­ды әрі шығармашыл адамдар­ды өзіне тартатын ірі қалалар­дың дамуына ықпал етуші күшке айналды. Қазақстанда бұл сала әлі дамымаған. Креативті индустрияның ішкі жалпы өнім­дегі үлесі бір пайызға да жет­пей­ді, жұмыспен қам­ту сала­сын­да­ғы үлесі өте төмен. Деген­­мен дары­ны­мен бүкіл әлемді мо­йын­датып жүр­ген отан­дастары­мыз аз емес. Біз елі­­мізде креативті эко­но­ми­ка­ның жан-жақты дамуына бар­­лық жағдайды жасауы­мыз керек. Соның ішінде зияткер­лік мен­­шік­ті қорғайтын құқық­тық тәсіл­­дер қажет. Бұл – өте ма­ңызды мә­се­­ле», - деп, креативті индустрияны экономиканы өркендететін, халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін бағыт ретінде атап көрсеткен еді. 

             Шараны ұйымдастырудағы мақсат - креативті индус­трия­ның мүмкіндіктерін халық­қа ж­ан-жақты түсіндіру, мемлекет басшысының саясатын тапсырмаға сәйкес жүзеге асыру. Семинардың модераторы Қызылорда қалалық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы болды.

            Кешке арнайы Облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы, «Анаға тағзым» орталығының креативті индустрия жөніндегі бас маманы Хабиева Айдана Маратқызы «ПромКоммерц» компаниясының құрылтайшысы, «ПромКомерц» жеңілөнеркәсіп қазақы орталығының басшысы Керімқұлова Аида Әбдіқайымқызы, Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени – продюсерлік орталығының маманы Мәлік Қонысбек Зұлпыхарұлы, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Алиева Дина Нұрқалиқызы, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің библиографы Кенжеева Римма Нарекешқызы спиткер ретінде шақырылып,  тақырыпты кеңінен түсіндірді.  

            Келген көрермендер толғандырған сұрақтарын жолдап, арнайы мамандардан тиісті жауаптар алды. 

            Креативті индустрия  азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, өмір сүру сапасы мен өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға көп үлесін тигізіп, экономикаға тың серпін беретіні анық. Ол үшін тек білім мен та­лант қажет. Мемле­кеттің де өз кезегінде бұл салаға айрықша қолдау көрсетуге мүдделі болып отырғаны қуантады - деген модератордың пікірімен шара қорытыланды.    

             Қатысқан адам саны -180

 

Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары бойынша 2023 жылды қорытындылауға арналған алқаның мәліметі

          Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні сағат 10:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қалалық мәдениет және спорт бөлімінің 2023 жылды қорытындылауға арналған алқа мәжілісі өтті.

            Өткен жылдың жетістіктері мен кемшін тұстары сараланған мәжіліске облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Ж.Нұржақыпова, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы директорының орынбасары Р. Ділімбетова, сондай-ақ, бірқатар сала ардагерлері арнайы қатысты.

            Алқа мәжілісінде бөлімге қарасты мекеме басшылары өткен жылдың бедерінде атқарылған жұмыстары мен шешілуді қажет ететін мәселелерін ортаға салып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

            Келелі жиынды қорытындылаған бөлім басшысы Ж.Тажмаханов бірқатар өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

 Қатысқан адам саны -250

 

 

«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концертінің   мәліметі.

2024 жылдың 23 ақпан сағат 11:00 де  Қызылорда қаласы Талсуат ауылы Оңалту орталығында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерті өтті. Қалалық мәдениет және спорт бөлімінің өнерпаздары өнер көрсетіп балаларға керемет көңіл силап қайтты. Тәрбиешілері өзінің жүрек жарды тілектерін айтып, алғысын білдірді.

       Қатысқан көрермен саны: 100 бала                                                                                   

 

Отбасы Бақыт мекені және «Қыз он үшке келгенде...»  тәрбиелік шара аясындағы сырласу кешінің мәліметі

 

2024 жылғы  ақпан айының 27 жұлдызы сағат 11:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Адал адам»  мәдени тәрбие орталығы жобасының «Жанұя шуағы» бағыты бойынша және дәстүрлі «Қыз он үшке келгенде» тәрбиелік шарасының аясында   «Отбасы – бақыт мекені» атты ақын, отбасылық психолог, коуч-тренер Асылзат Арыстанбек пен Мәдениет майталманы, әнші, композитор Болатбекова Жанар апайларымызбен керемет кездесу кешінде оқушылар белсенді сұрақ-жауап алмасты. Оқушылар және оқытушылар да көкейде мазалап жүрген сұрақтарына жауап алып, өз пікірлерін және де ата-ананың қарым қатынасына деген ойларын айта білді. Ата-аналардың 70 пайызы бұрыңғы өз заманындағы тәрбие тәлімді неге? тілге тиек етеді, ол заман мен біздің заманымыздың арасы жер мен көк емеспе деген оқушыларда болды. Қортынды келесі осындай кездесу кештерінде қыздарымыз бен ата-ананың қатысуы маңызды екен түйінделді. Ата-аналарыда өскелең ұрпақтарының өз ойын және мазалап жүрген сұрақтарының бір қатар жауаптарын алу мақсатында.

          Қатысқан көрермен саны-300 адам

 

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу митингісінің мәліметі

 

            Бүгін "Тағзым" алаңында батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті.

            Шара барысында қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев сөз алып, азаматтық борышын өтеу жолында қапыда қаза болған жауынгерлердің жарқын бейнесі ұрпақ жадында жаңғырып, ерліктің үлгісі болып қала беретінін атап өтті.

-2024 жылдың елеулі оқиғаларының бірі биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуы. Он жылға ұласқан сұрапыл соғысқа «Бірінші міндетім – Отанды қорғау» деп түсінетін, патриот азаматтарымыз аттанған болатын. Сондықтан соғыс кезінде шейіт болған ағаларымыздың барлығы ел қаһармандары екені сөзсіз. Жыл сайын ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз, - деді Дархан Есалыұлы.

            Шара барысында батырлар рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды Қатысқан адам саны- 150

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Адал адам» мәдени-тәрбиелік орталығы жобасының

«Арт уақыт» бағыты бойынша «Aqmaral» би студиясы, «Арайлы» би тобы және қалалық өнер мектебінің «Балбұлақ» халықтық /үлгілі/ балалар би ансамблінің шығармашылық концертінің мәліметі

           

2024 жылдың 24 ақпанында «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының тұжырымдамасының  «Арт уақыт» бағыты аясында А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде  М. Қалауов атындағы қалалық өнер мектебінің хореография бөлімінің «Балбұлақ» халықтық үлгілі балалар би ансамблінің және «Ақмарал» би студиясының, «Арайлы» би тобының бірлескен «Бұл біздің әлем» атты шығармашылық концерті өтті. Кеште халықтық, ұлттық стильдендірілген,

замануи билерден түрлі би қойылымдары қойылды. Кеш барысында мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Дархан Есалұлы Тұрсынбаевтың алғыс хатымен ұстаздарды марапаттады.

            Би өнері ұлттың тыныс тіршілігін, өмір салтын қимыл-қозғалыс арқылы көрсетіп, рухани жетілдіріп, мәдениетке тәрбиелейді. Ал мәдениетке бір адамды жетелудің өзі ұлы іс. Осы жолда тынбай еңбек етіп келе жатқан ұстаздарымыздың жұмысын көрсету мақсатында және шәкірттерді ынталандырып, сахна тіліне баулып, одан бөлек салауатты өмір салтын ұстанып, талғамға, эстетикалық жүріс тұрыс, өзі-өзі ұстауға бейімдейді. Үш үлгілі ұжымның бірлескен шығармашылық концерті өте жоғары дәрежеде өтті. Ата-аналардың тоқтаусыз ұрған қошеметі өнерпаздарды одан әрі шабыттандырды.

            Көрермен саны- 380

 

 

 «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына 35 жыл

толуына арналған еске алу митингісінің мәліметі

28 ақпаны еліміздің тарихында ерекше күн болып табылады. Осы күні КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа үміткер, атақты ақын Олжас Сүлейменовтың бастамасымен жалпыхалықтық антиядролық «Невада - Семей» қозғалысы құрылды. Аталмыш оқиғаның маңыздылығына орай Тағзым алаңында еске алу минитгісі болып өтті. Шара басында Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлына беріледі. Сөз легін облыстық «Қызылорда Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлына беріліп, шара қатысушыларға шара маңыздылығын айта өтті. Семей полигоны салдарынан құрбан болған әскерилердің рухына Сыр жұртшылығы атынан гүл шоқтарын қойып, «Нұр» мешітінің наиб имамы Измағамбетов Наурыз Қазбекұлы бақилық болған бауырларымызға құран бағыштады.

       Қатысқан көрермен саны – 150

   

Наурыз айы

«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «Кино-Тайм» бағыты бойцынша көрсетілген «Менің атым Қожа» фильмінің мәліметі

 

            2024 жылғы наурыз айының 1 күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасы аясында оқушылар мен жасөспірімдерге тәрбиелік мәні бар фильмдер ұсыну мақсатында «Кино Time» бағыты кезекті фильмін көрсетті..

            Кезекті көрсетілімде оқушыларға қазақы тәрбиені насихаттау  мақсатында     А. Қарсақбаевтың режиссерлығымен түсірілген «Менің атым Қожа» атты фильм ұсынылды. Қазақфильмінің шедвріне айналаған фильмі қанша көрсеңде әлі күнге тапжылмай көретін фильмдер қатарында. Оқушылар назарын тайдырмастан тамашалған фильм қазақылықтың айнымас дәлелі.

            Көрермен саны – 150

 

  

 

Мереке Думан» және «Мереке ВАА»

Қзылөзек ауылына гастрольдік іс сапарының концерттік бағдарламасының мәліметі

            2024 жылдың 7 наурызы күні сағат 11.00-де  А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауы мен «Мереке» вокалды аспапты ансамблі өнерпаздары Қызылөзек ауылына гастрольдік сапармен барды. Көңілді кеште 30 жылдан астам тарихы бар «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің жанды дауыстағы жүректі тербетер әндерді көрермен бірге шырқап, «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауының астарлы әзілдері келген көрерменнің көңілін көтеріп, күлкіге көмді. Қатысқан адам саны-150

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мереке Думан» және «Мереке ВАА»

Талсуат ауылына гастрольдік іс сапарының концерттік бағдарламасының мәліметі

            2024 жылдың 7 наурызы күні сағат 16.00-де  А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауы мен «Мереке» вокалды аспапты ансамблі өнерпаздары Талсуат ауылына гастрольдік сапармен барды. Көңілді кеште 30 жылдан астам тарихы бар «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің жанды дауыстағы жүректі тербетер әндерді көрермен бірге шырқап, «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауының астарлы әзілдері келген көрерменнің көңілін көтеріп, күлкіге көмді.

           Қатысқан адам саны-150

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған

«Ару көктем, ана жыр, әйел ғұмыр» атты мерекелік салтанатты шараның мәліметі

            Ағымдағы жылдың 6 наурыз күні сағат 16:00 -де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ару көктем, ана жыр, әйел ғұмыр» атты мерекелік салтанатты шара болып өтті.

            Салтанатты кешті Қызылорда қаласының әкімі Қожаниязов Серік Салауатұлы құттықтап, әр халықтың болашағының бастауы - әйел. Сыр-Ана салтанатына ие болған мекен Меккеміз, Сыр еліндегі ана мен балаға жасалған қамқорлық - ана бақытына деген адалдық ұлағаттың үлгісіндей бүгінгі күннің мақсат мәнері екенін атап өтті. Өмірдегі ең құдіретті міндет бала өсіріп, тәрбиелеген, бар саналы ғұмырын жанұя, отбасы, бала тәрбиесіне арнаған батыр аналарымызды, «Алтын алқа» иегерлерін марапаттады. Сыр елінің өнерпаздары, үйірме мүшелері және сырдың талантты ақындары меркелік көңіл-күй сыйлады. Кеш соңы Е. Хасанғалиевтің «Анаға сәлем», Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» және М. Омаровтың «Анашым» әндерімен аяқталды.

            Қатысқан адам саны -260

 

 

 

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған

«Әйел-ана – тіршіліктің гүлі, өмірдің нұры» атты

мерекелік салтанатты шараның мәліметі

            Ағымдағы жылдың 7 наурыз күні сағат 16:00 -де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ару көктем, ана жыр, әйел ғұмыр» атты мерекелік салтанатты шарасы болып өтті.

Салтанатты кеште төтенше жағдайлар департамент басшысы Қайрақбаев Руслан Сламбекұлы барша нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, әр халықтың болашағының бастауы - әйел. Сыр-Ана салтанатына ие болған мекен Меккеміз, Сыр еліндегі ана мен балаға жасалған қамқорлық - ана бақытына деген адалдық ұлағаттың үлгісіндей бүгінгі күннің мақсат мәнері екенін атап өтті.

Мерейлі мерекеге орай салада абыройлы, жемісті еңбек етіп келе жатқан аяулы жандарды «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің грамотасымен», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хатымен», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғысы, Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. «Сыр сандуғаштары» вокалды тобының «Рахмет саған, ана!» атты әнімен меркелік концертке жалғасты.

            Қатысқан адам саны -260

 

 

 

Мереке Думан» және «Мереке ВАА»

Махамбетов ауылына гастрольдік іс сапарының концерттік бағдарламасының мәліметі

 

            2024 жылдың 8 наурызы күні сағат 11.00-де  А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауы мен «Мереке» вокалды аспапты ансамблі өнерпаздары Махамбетов ауылына гастрольдік сапармен барды. Көңілді кеште 30 жылдан астам тарихы бар «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің жанды дауыстағы жүректі тербетер әндерді көрермен бірге шырқап, «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауының астарлы әзілдері келген көрерменнің көңілін көтеріп, күлкіге көмді.

            Қатысқан адам саны-150

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Шекара қызметі директорының кубогы үшін қазақ қүресінен Республикалық турнирінің ашылу салтанатының

мәліметі

            2024 жылдың 10 наурызы күні сағат 12.00-де «Евразия» спорт кешенінде  Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Шекара қызметі директорының кубогы үшін халқымыздың рухын асқақтатып, жігер намысын қайрайтын ұлттық спорт қазақ күресі - ар-намыс пен қара күшті бір бойына тоғыстырған нағыз ерлерді сынар спорт түрі  қазақ қүресінен республикалық турнир болып өтті. Турнирге республикамыздың барлық облыстарынан 17 команда қатысып бақ сынасты.

            Командалық есеп бойынша жүлделі І орынға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті ІІ орын, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ІІІ орынға ие болды.

Қатысқан адам саны-500                                                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Келінге кеңес» атты жас келіндерге отбасы құндылықтарын дәріптеу лекция шарасының мәліметі

 

            Ағымдағы жылдың 13 наурызы күні сағат 16:00-де «Келінге кеңес» атты жас келіндерге отбасы құндылықтарын дәріптеу лекция шарасы болып өтті.

            Келін бо­лу – тек өз ұрпағының ғана емес, тұтас ұлт ұрпағының жауапкершілігін мойынға жүктеу. Бүгінгі келін – ертеңгі ана, болашақ ұрпақтың тәрбиешісі. Әрбір бойжеткен тұрмыс құрып, келін атанып, ана болғысы келеді. Жас келін жаңа отбасына сіңісіп, жақсы келін атану жолында қаншама қиыншылықтар мен кедергілерге кездеседі. Осы тұрғыда қыздарымызға септігі тиер деген оймен ұйымдастырылған шараның басты қонақтары - отбасы діңгегін берік ұстап, отын өшірмей, бір оттың жылуы болып жүрген аяулы әжелер, және жас келіндер болды. Шара барысында енелер жас келіндерге отбасы құндылықтарын сақтау үшін ақыл-кеңестерін беріп, келіндер енелерге білмегендерін сұрап, сұқбаттасты.

            Отбасының  қоғамда атқаратын өзіндік функциясы, жас келіндер сіңісіп үйреніп кетемін дегенше ененің рөлі қандай болу керек?  Қоғамда ене мен келін арақатынасы, қоғамда  отбасы мүшелерінің орны қандай т.б  тақырыптар кеңінен талқыланды.

            Қатысқан адам саны -260

 

 

 

 

 

 

 

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі мен 14 наурыз көрісу күніне арналған «Амал келді, жыл келді» атты мәдени-көпшілік шараның мәліметі

           

14 наурыз қалада Көрісу күнінде «Амал» мерекесі кең көлемде тойланды. Соның бірі А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің жанындағы «Достық» аллеясында өтті.

            Аллея аумағы Наурыз нақыштарымен безендіріліп, мерекеге сай ажарлана түсті. Киіз үй тігіліп, келушілерге ұлттық дәм ұсынылды. Жігерлі жігіттер арасында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды. Кимешек киген кейуаналар мен ұлттық киімі жарасқан жастар сызылта ән салса, жиналған жұрт ұйымшылдықпен тал отырғызды.

Көпшілікпен бірге қала әкімі Серік Қожаниязов шараға қатысып, Амал мерекесімен құттықтады.

            Бұл шараға қалалық мәслихаттың төрағасы Ибадулла Құттықожаев, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты басқармасының төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев және қала ардагерлері арнайы қатысты.

            Өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен қатар бүлдіршіндердің тұсаукесер рәсімі жасалып, қала әкімінің атынан қос бөбекке тарту-таралғы ұсынылды. Қоғам қайраткері Болатбек Пұсырман елдіктің асыл мұраттарын асқақтату, елжанды қасиетті құрметтеу туралы тағылымды ой айтып, батасын берді. 

            Қатысқан көрермен саны - 300

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Наурызнама»  тұжырымдамасының "Ұлттық кино" аясында көрсетілген «Томирис» фильмінің мәліметі

            Президент аппаратымен бекітілген наурызнама он күндігі аясында "Ұлттық кино" апталығына орай  А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде   16 наурыз күні сағат 16.00-де  А. Сатаевтың "Томирис" фильмі көрсетілді. Көрермен саны  -150 адам.

 

     

 

«Наурызнама»  тұжырымдамасының «Шаңырақ» күніне орай өткізілген Қымызмұрындық дәстүрінің мәліметі 

 

            17 наурыз «Шаңырақ» күні аясында А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «Жанұя шуағы»  бұрышында  мәдениет үйі жанынан құрылған «Ұлағат» ата-әжелер ансамблінің қарияларымен «Қымызмұрындық» дәстүрі жасалды.

            Қымызмұрындық - жер аяғы кеңіп, көктем шығып, желіге бие байлап, алғашқы саумалын алған уақытта жасалатын көне дәстүр.

Көптен көріспеген ағайын-туысты жиып, саулық сұрасып, қыстан аман шыққанына тәубе етіп, ақ мол болсын деген ниетте көрші көлемді, ауыл аймақты қымызмұрындыққа шақыратын болған.

          Ата-әжелеріміз ертеден бері жалғасып, мұра болып келе жатқан игі дәстүрдің маңызы мен мақсатын түсіндірді. Азды-көпті балалық шақтарынан естелік айтып, қымыз ішіп, алда келе жатқан Ұлыстың Ұлы күніне аман жетейік деген бата-тілекпен тарқасты. Қатысқан көрермен саны – 30

                                              

 

 

 

 

                                                                                                                         

 

 

 

 

 

 

 

«Қайырымдылық күні» мерекесіне орай қала өнерпаздарының Қарттар үйіне арналған мерекелік концертінің мәліметі

           

2024 жылдың 18 наурызы күні сағат 11.00-де Қарты бар елдің қазынасы бар демекші, А. Тоқмағанбетов мәдениет үйінің жанынан құрылған «Ұлағат» ата-әжелер ансамбль үйірмесінің ата-әжелері және қала өнерпаздары №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында өздерінің кезекті концертін беріп қайтты. Концерттің басын мекеме басшысының орынбасары ашып берді. Өз заманындағы әндерге құлақ құрышы қанған көрермен ата-әжелеріміз түскі астың уақытына қарамастан концерт аяқталғанша отырып, барлық әндерді қосыла шырқап, мол қошеметтерін көрсетті. Біреуге тағдыр басқа салса, енді біреуі өз еркімен паналап жүрген бұл мекеннің тұрғындары бір сәт болсын көңіліне қаяу салмай, жүрегіне ән арқылы нұр сыйлап шара соңында жайдары жүзбен тарқасты.

            Қатысқан адам саны - 150

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22 наурыз мерекесін атап өтуге арналған «Армысың Әз-Наурыз»

атты мерекелік шараның мәліметі

            Биыл Наурызнаманың он күндігімен салт-санамызды, дәстүрімізді жаңғыртуға бағытталған шаралар қала аумағында,  кент және ауылдық округтерде кеңінен аталып өтілуде. 

            Бүгінгі 21 наурыз «Ынтымақ» күнінде тұрғындар  Тараз көшесінің  бойында «Армысың, әз-Наурыз!» атты мәдени-көпшілік шарасын тамашалауға жиналды.

Елдің бірлігі мен берекесін білдірген мейрам халық күткендей сән-салтанатқа ие болды. Ән мен жыры көмкерген шараға қала әкімі Серік Қожаниязов қатысып, тұрғындарды маңызды мерекемен құттықтады. «Ежелден келе жатқан әз-Наурыз ұлық мерекеміз биылғы жылы ерекше аталып өтілуде. Мемлекет басшысының бастамасымен жоспарланған «Наурызнама» қайта жаңғырып, ұлы даламызда ұлттық дәстүріміз салтанат құруда. 14 наурызда – «Көрісу» күні – «Амал» мерекесімен басталған бұл шараның әрбір күні арнайы атаумен аталып, бүгін мерекенің шырайын шығарып, шаттыққа кенелткен «Ынтымақ» күні ретінде аталып өтілуде.

Қазақтың әдет-ғұрпына әлемнің көптеген ұлттары мен ұлыстары қызыға қарайды. Ұлттық салт-дәстүрді сыйлау, болашақ ұрпаққа аман-есен жеткізу – біздің қасиетті парызымыз» деп, Серік Салауатұлы жұртшылыққа жылы лебізін жеткізді. Наурыз тойының  сәнін келтіріп, қазақы үй тігіп, мерекенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан бірқатар мекемелер қала әкімінің марапатын алды.

Мерекелік шарада  Наурыз нақыштары, ұлттық салт-дәстүріміз жан-жақты насихатталып, Сыр сүлейлерінің нұсқалы сөз, нақыл термелері орындалды. Қала тұрғындарына тамаша көңіл-күй сыйлаған дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова, Әл-Фараби Бекарысұлы, Үміт Медеуова, “Алатау серілері”  этно-фольклорлық ансамблі, эстрада жұлдыздары Жанболат пен Жазираның өнеріне ел сүйсіне қол соқты.

            Қатысқан көрермен саны – 7000

 

  

 

 

«Наурызнама» тұжырымдамасының «Тазару күні» аясында өткізілген Тал егу акциясының мәліметі

            24 наурыз Наурызнама онкүндігінің аясындағы тазалық күнінде мыңнан аса көшет отырғызылды. Елімізде енгізілген Наурызнама онкүндігінің қорытынды күні - Тазару күні аясында қаламызда тал егу акциялары ұйымдастырылды.Жаңару мен тазарудың жаршысына айналған аталмыш дәстүр қаладағы саябақтарда өтті. Денсаулық және демалыс саябағында өткен шараға қала әкімі, ардагерлер, түрлі мекемелердің ұжымдары  және ерікті жастар белсенді  қатысып, 1000-нан аса көшет отырғызды.

            Қатысқан адам саны – 500

Дата публикации
01 июня 2020
Дата обновления
10 апреля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы