Лого

Меню

Страницы

Статья

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ  басқаруындағы қаражаттың жалпы көлемі – 9,57 млрд теңге.

 

01.02.2023 ж. жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 4,29 млрд теңгені құрады. Компанияның ең маңызды салымдары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – портфельдің 31,52%; ҚРҰБ ноттары – 29,17%, ҚР ҚМ МБҚ – 20,56%. Шоттардағы ақшалай қаражат көлемі – 10,10%. Айта кетейік, портфельдің 59,57% теңгемен; 40,43% - АҚШ долларымен ұсынылған.

 

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2023 жылғы қаңтарда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 106,19 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі-2,40%.

«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.   

 

«Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 2,68 млрд теңге. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: «кері РЕПО» (90 күнтізбелік күннен аспайды) 54,77%; шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) - 13,2%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары - 12,45%; мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар – 6,66%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 79,32%, АҚШ долларымен 20,68% құрады.  

 

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы қаңтарда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 62,26 млн теңгеге жетті. 2023 жылдың басынан бергі зейнетақы активтерінің кірістілігі – 2,20% тең.

 

«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған

 

«BCC Invest» АҚ сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері – 1,57 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: ҚР мемлекеттік облигациялары – портфельдің 49,61%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 21,52%; пайлар (индекстерге арналған ETF) – 9,09%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 78,4%, АҚШ долларымен – 21,6% инвестицияланды.

 

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы қаңтарда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 31,06 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 1,89%. Есептелген инвестициялық кірістің көп бөлігі "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақыға және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен табыстың еншісінде.

 

«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

«Сентрас Секьюритиз» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 1,01 млрд теңге. Активтердің 68,48% ҚР ҚМ МБҚ-ға инвестицияланған; инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 11,93%; квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 8,74%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 79,33%, АҚШ долларымен – 20,67% инвестицияланды.

 

Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2023 жылғы қаңтарда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері – 5,58 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің 2023 жылғы қаңтарда көрсеткен кірістілігі – 0,52% болды. 

 

«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептеледі.

Дата публикации
02 марта 2023
Дата обновления
02 марта 2023
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы