Лого

Меню

Страницы

Статья

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

Негізгі инвестициялардың ағымдағы құрылымы мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 47,96%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 11,27%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары мен депозиттері – 7,63%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,47%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,52%, қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 0,11%.

 

Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мынадай көрініске ие: ұлттық валютадағы инвестициялар – 71,63%, АҚШ долларында – 28,31%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,05%. Алынған кірістің құрылымын талдай отырып, бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 111,01 млрд теңгені, өзге кірістер – 0,21 млрд теңгені құрағанын көруге болады. Ал сыртқы басқарудағы және шетел валютасын қайта бағалауға байланысты құралдар 45,03 млрд теңге көлемінде шығын әкелді. Бұл биылғы жылы алынған инвестициялық табысқа геосаяси факторлардың әсерін растайды. Дегенмен, 2023 жылдың қаңтарындағы жалпы табыс оң.

 

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыс мөлшері 2023 жылдың басынан бастап 66,19 млрд теңгеге жетті.

 

Геосаяси жағдайдың шиеленісуі, жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі, инфляцияның жеделдеуі, сондай-ақ дамыған және дамушы елдердің облигациялары бойынша кірістіліктің өсуі аясында 2023 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 0,44% тең болды.

 

Бұл ретте 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін зейнетақы активтерінің табыстылығы соңғы 12 айда (2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы қаңтарға дейін) 6,93 % көрсетті.

Зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа уақыт аралығындағы кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайтынын атап өту маңызды. Зейнетақы активтері ұзақ инвестициялық көкжиекпен сипатталады. Оларды инвестициялаудың негізгі мақсаттарының бірі – ұзақ мерзімді кезеңде нақты кіріс алу. Зейнетақы активтерін шоғырландыру аяқталған 2014 жылғы сәуірден бастап 2023 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңде жинақталған кірістілік – 116,88%. 2014 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі 9 жыл ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі жылдық мәнде 9,33% тең.

 

ҚР ҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

Дата публикации
02 марта 2023
Дата обновления
02 марта 2023
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы