
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына
кандидат ретінде тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді:
Мәди Айбек Нұрланұлы – 2023 жылғы 8 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1992 жылы туылған, қазақ, жеке кәсіпкер, Қызылорда қаласында тұрады, партия мүшелігінде жоқ.