
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына
кандидат ретінде тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді:
Сейітжанов Рахман Біржанұлы – 2023 жылғы 2 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1995 жылы туылған, қазақ, "Yme" ЖК маманы, Қызылорда қаласында тұрады, партия мүшелігінде жоқ.
Жұмағалиев Нұрсұлтан Болатұлы - 2023 жылғы 3 ақпанда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда қалалық филиалы ұсынған, 1994 жылы туылған, қазақ, "Kaz General Partners" ЖШС, Қызылорда қаласында тұрады, "AMANAT" партиясының мүшесі.
Базарбай Еркін Базарбайұлы – 2023 жылғы 8 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1988 жылы туылған, қазақ, "Ақниет" ЖК директор, Қызылорда қаласында тұрады, "AMANAT" партиясының мүшесі.