
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына
кандидат ретінде тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді:
Омаров Даулет Карибаевич – 2023 жылғы 1 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1976 жылы туылған, қазақ, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, Қызылорда қаласында тұрады, партия мүшелігінде жоқ.