
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына
кандидат ретінде тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді:
Сайыпов Нұрбол Ермекұлы – 2023 жылғы 2 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1998 жылы туылған, қазақ, "Қожа" ЖК басшысы, Қызылорда қаласында тұрады, партия мүшелігінде жоқ.
Балмаханов Айдос Курмангазиевич – 2023 жылғы 5 ақпанда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда қалалық филиалы ұсынған, 1989 жылы туылған, қазақ, "Гольф Клуб Туран" ЖШС директоры, Қызылорда қаласында тұрады, "AMANAT" партиясының мүшесі.
Байсеитов Гибрат Муратович – 2023 жылғы 7 ақпанда "Aқжол ҚДП" қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы ұсынған, 1989 жылы туылған, қазақ, "Аралтұз" ЖШС техникалық директоры, Қызылорда қаласында тұрады, "Aқжол" ҚДП мүшесі.