
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына
кандидат ретінде тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді:
Тенизбаев Аскарбек Болатович – 2023 жылғы 5 ақпанда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда қалалық филиалы ұсынған, 1984 жылы туылған, қазақ, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС заңгері, Қызылорда қаласында тұрады, "AMANAT" партиясының мүшесі.
Жүсіп Мақсат Өмірбекұлы – 2023 жылғы 8 ақпанда "Ақжол" ҚДП қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы ұсынған, 1983 жылы туылған, қазақ, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС директоры, Қызылорда қаласында тұрады, "Ақжол" ҚДП мүшесі.