
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына
кандидат ретінде тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді:
Аймаков Бакытжан Дуйсенбаевич – 2023 жылғы 31 қаңтарда өзін-өзі ұсынған, 1982 жылы туылған, қазақ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Қызылорда филиалының бөлім басшысы, Қызылорда қаласында тұрады, партия мүшелігінде жоқ.
Калдашбаев Бахытжан Кажденбекович – 2023 жылғы 1 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1977 жылы туылған, қазақ, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының заңгері, Қызылорда қаласында тұрады, партия мүшелігінде жоқ.
Нуртазаев Ерлан Бахытович – 2023 жылғы 3 ақпанда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда қалалық филиалы ұсынған, 1977 жылы туылған, қазақ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Қызылорда филиалы директорының орынбасары, Қызылорда қаласында тұрады, "AMANAT" партиясының мүшесі.