
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына
кандидат ретінде тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 10 ақпандағы шешімімен 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді:
Байдилдаева Гульсара Орынбасаровна – 2023 жылғы 31 қаңтарда өзін-өзі ұсынған, 1976 жылы туылған, қазақ, С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде мұғалім, Қызылорда қаласында тұрады, "AMANAT" партиясының мүшесі.
Мусабаева Айгуль Нажмадиновна – 2023 жылғы 3 ақпанда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда қалалық филиалы ұсынған, 1969 жылы туылған, қазақ, №140 қазақ орта мектебінің директоры, Қызылорда қаласында тұрады, "AMANAT" партиясының мүшесі.