
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына
кандидат ретінде тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 10 ақпандағы шешімімен 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді:
Абдукаликов Муса Жакипович – 2023 жылғы 2 ақпанда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда қалалық филиалы ұсынған, 1963 жылы туылған, қазақ, «Астана сервис ЛТД» ЖШС директоры, Қызылорда қаласында тұрады, "AMANAT" партиясының мүшесі.
Байшураев Нұрболат Тоқтасынұлы – 2023 жылғы 31 қаңтарда өзін-өзі ұсынған, 1992 жылы туылған, қазақ, С.Лапин атындағы №261 орта мектебінде бағдарламашы, Қызылорда қаласында тұрады, "AMANAT" партиясының мүшесі.